Іsmet.kz порталда тіркелмеген клиенттер үшін «Қазақтелеком» АҚ-мен телекоммуникация қызметтерін көрсетуге арналған Үлгі шартқа қол қою бойынша қадамдық нұсқаулық
 
Құрметті Бизнес-Клиент!
 
1. Шартты кеңседен шықпай-ақ цифрлық форматта қайта жасасу үшін www.ismet.kz бетке кіріңіз және басты бетте «Қазақтелеком» бөлімінде «Құжаттарды» таңдайсыз 

 
 
2. «Кіру» батырмасын басыңыз
 

 

3. Құжаттарды қарау үшін тіркеліңіз 
 

 

 

4. «Тіркеу» терезесінде тегіңізді, атыңызды, e-mail көрсетіңіз және пароль ойлап табыңыз. ISMET.kz пайдалану ережелерімен танысыңыз және жария оффертаның шарттарымен танысып, «Тіркелу» батырмасын басыңыз 

 

 

5. Тіркеуді телефон арқылы растаңыз. Ұялы телефон нөмірін енгізіп, «Белсендіру кодын алу» батырмасын басыңыз. Код сіз көрсеткен ұялы телефон нөміріне келеді 

 

 

4 таңбалы кодты енгізіп, «Растау» батырмасын басыңыз.

Өте жақсы! Сіз тіркелдіңіз. Сервистерге тапсырыс беру, Шартқа қол қою үшін компанияны сіздің есептік жазбаңызға тіркеу қажет.

 

6.  Компанияны қалай қосуға болады? Көз жеткізіңіз:

  • сіздің компанияңызда тіркелген қолданыстағы электрондық-цифрлық қолтаңба кілті (бұдан әрі - ЭЦҚ) бар (егер сізде ЭЦҚ болмаса, өтінім беру үшін осы жерге қоса берілген pki.gov.kz сілтемені басыңыз);
  • NCALayer қосымшасы іске қосылған  және жұмыс істейді (бағдарламаға сілтеме қоса берілген).

«Құжаттар» бөлімінде (1-тармақшадағы суретті қараңыз) «+ Компанияны Қосу» батырмасын басыңыз:

 

 

7. ЭЦҚ пайдалана отырып (GOST сертификатын таңдау қажет) өз компанияңызды ismet.kz сайтына бекітіңіз

 

 

8. «Құжаттар» бөлімінде авторизациядан өткеннен кейін, қалыптастырылған  шарт орналасқан «Жалпы» бөліміне өтіңіз, оны жүктеуге, e-mail-ға жіберуге және ЭЦҚ-мен қол қоюға болады. Шартты екі рет басу арқылы ашыңыз және сіздің компанияңыздың деректерінің дұрыс толтырылғанын мұқият тексеріңіз 
 

 

 

Егер бәрі дұрыс болса, ЭЦҚ көмегімен қол қойыңыз. Жаңа терезеде өз компанияңыздың ЭЦҚ кілтін таңдаңыз. ЭЦҚ файлына жолды көрсетіңіз. (7-тармақты қараңыз). Қол қою үшін «GOST немесе RSA» кілтін пайдалану керек»

 

9. Егер сіз деректер өрістерінде дәлсіздіктерді тапсаңыз, «Түзетуге қайтару» батырмасы арқылы шартты түзетуге қайтара аласыз. «Пікір» жолында қандай деректерді өзгерту/толықтыру қажет екенін көрсетіңіз және «Жіберу» батырмасын басыңыз

 

 

Түзетілген шарт сіздің жеке кабинетіңізге жіберіледі. Сізге ыңғайлы болу үшін, біз сіздің электрондық поштаңызға Шарттың жасалғаны туралы хабарлама жібереміз.

 

10. «Құжаттар» бөлімінде Шарт болмаған жағдайда, сіз «Бізге жазыңыз» батырмасын басу арқылы оны сұрата аласыз 

 

 

11. Өтініш нысанын толтырыңыз, қажет болған жағдайда файлды тіркеңіз және «Жіберу» батырмасын басыңыз 

 

 

Жаңа шарт жасалып, сіздің жеке кабинетіңізге жіберілгеннен кейін, сіздің шартты одан әрі қарау және ЭЦҚ-мен қол қою үшін сізге электрондық поштаға тиісті хабарлама келіп түседі 

 


Іsmet.kz порталда тіркелгендер клиенттер үшін "Қазақтелеком" АҚ-мен телекоммуникация қызметтерін көрсетуге арналған Үлгі  шартқа қол қою бойынша қадамдық нұсқаулық

 

1. Шартқа қол қою үшін сізге ismet.kz. порталында авторизациядан өту қажет. Жоғарғы оң жақ бұрыштағы «Кіру» батырмасын басыңыз

 

 

2. Логин мен парольді енгізіңіз 

 

 

3. Авторизациядан кейін «Қазақтелеком - Құжаттар» бөліміндегі «Жалпы» бөлімшесіне өтіңіз 

 

 

Бұл бетке ismet.kz басты беттегі баннерден автоматты түрде өтуге болады (төмендегі суреттерге қараныз) немесе шарт жасасу туралы хабарламаға қоса берілген сілтеме бойынша 

  

 

 

 

 

4. «Жалпы» бөлімінде жаңадан қалыптастырылған Шарт орналастырылған, оны жүктеуге, e-mail-ға жіберуге және электрондық-цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қоюға болады. Шартты екі рет басып ашыңыз және сіздің компанияңыздың деректерінің дұрыс толтырылғанын мұқият тексеріңіз

 

 

5. Егер бәрі дұрыс болса, ЭЦҚ көмегімен қол қойыңыз. Жаңа терезеде өз компанияңыздың ЭЦҚ кілтін таңдаңыз. ЭЦҚ файлына жолды көрсетіңіз (қол қою үшін "GOST немесе RSA" кілтін пайдалану қажет)

 

 

6. Егер сіз деректер жолында дәлсіздіктерді тапсаңыз, «Түзетуге қайтару» батырмасы арқылы Шартты түзетуге қайтара аласыз. «Пікір» жолында қандай деректерді өзгерту/толықтыру қажет екенін көрсетіңіз және «Жіберу» батырмасын басыңыз 

 

 

Түзетілген шарт сіздің жеке кабинетіңізге жіберіледі («Жалпы» бөлімін 3-суретті қараңыз). Сізге ыңғайлы болу үшін, біз сіздің электрондық поштаңызға Шарттың жасалғаны туралы хабарлама жібереміз.

 

7. «Құжаттар» бөлімінде Шарт болмаған жағдайда, сіз «Бізге жазыңыз» батырмасын басу арқылы оны сұрата аласыз 

 

 

8. Өтініш нысанын толтырыңыз, қажет болған жағдайда файлды тіркеңіз және «Жіберу» батырмасын басыңыз 

 

 

9. Жаңа шарт жасалып, сіздің жеке кабинетіңізге жіберілгеннен кейін, сіздің  Шартты одан әрі қарау және оған ЭЦҚ-мен қол қою үшін сізге электрондық поштаға тиісті хабарлама келіп түседі (5-тармақты қараңыз).

 

 
«Қазақтелеком» АҚ қызметтері үшін ISMET туралы Үлгі келісімге қол қою туралы қадамдық бейне нұсқаулық
 

 

Сіздің Қазақтелеком