Гаухар Утелбаева, кәсіпкер әйел және Jeff Tailor Тігінші үйінің негізін қалаушы
«Ер адамдардың ойынша әйелдер тәуелсіз бола бастады. Ал бұл неке институтының құлдырауының басты себебі деп санайды.»
Инстаграм аккаунтына жазылыңыз — Jeff Tailor
Кәсіп туралы
Қазіргі уақытта менде көптеген жобалар бар. Мен бизнес құрумен айналысамын, яғни бір нәрсе жасаймын, оны үлкен айналымға шығарамын, содан кейін осы бизнесті сатамын. Сондай-ақ, мен ҚР Парламенті Мәжілісі депутатының көмекшісімін. Сонымен қатар Түркия еліндегі More Way Ltd инвестициялық компаниясында жұмыс істеймін, PR-мен айналысамын. Мен 2017 жылдың блогерімін – халық сүйіктісі атағына ие болдым. Тағы бір айналысатын ісім - PR self - made деген сабақ бар, яғни егер сіз танымал тұлға, қоғамдық жұмыспен айналысқыңыз келсе немесе депутат болғыңыз келсе, онда мен сізге көмек бере аламын. Мен жеке тұлғаны алға ілгерлетіп, оны жайғастырумен айналысамын.
Қазіргі уақытта бизнесті қалай жүргізу керектігі жайлы айтсаңыз
Қазақстанда бизнеспен айналысу айтарлықтай қиын емес. Жеткілікті түрде ресурстар қажет. Егер ресурс жетіспей жатса да, сіз кез келген нәтижеге қол жеткізе аласыз. Ең бастысы ниетіңіз болса болды. Бізде бизнесті тұншықтыратын немесе қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік бермейтін заңдар бар деп айтпаймын. Алайда, бизнесті дамыту және қолдау көрсетумен айналысатын мемлекеттік және жеке институттар іс жүзінде селқос жұмыс істемейтініне назар аударғым келеді. Бұл тұрғыда олар өте әлсіз. Сондықтан біздің елде бизнесті қолдайтын қосымша көмек барына сенудің қажеті жоқ. Осы институттар тарапынан менің шағын бизнесіме ешқандай қолдау көрсетілмеді. Бұл біздің мемлекеттік жүйеміздің әлсіз жағы.
Қазақстанда бизнес құру қалай
Бақытымызға орай, кәсібін дөңгелетіп отырған көптеген әйелдер бар. Кәсібін жүргізіп, табысын тауып, бала-шағасының қамын ойлаған әйелдерге кейде қызғанышпен қараймын. Олардан көп нәрсені үйренуге болады. Менің жағдайымда неге екені белгісіз, бұл екі нәрсені бірге алып жүре алмадым. Таңдау жасауыма тура келді: үйдің бітпейтін тіршілігі немесе бизнес. Мен бизнесті таңдадым, табыс тауып, үй тірлігін көмекшілерме тапсырдым. Сөйтіп өмірімді жеңілдеттім. Отбасын құра алмадым. Мүмкін мінезім ауыр шығар немесе құдайдың басыма жазғаны осы шығар. Мен үйде отырып, отбасының жағдайын жасап отыратын адам емеспін. Менің 22 жасар ұлым, 13 жасар қызым бар. Олар өздігінен бәрін істеп үйреген. Классикалық ана санатына жатпаймын.
Қазақстандағы іскер әйел - бұл дамыған ел үшін әбден үйреншікті және қалыпты жағдай. Мен стереотиптік ойлауды кездестірмедім. Ер адамдардың ойынша әйелдер тәуелсіз бола бастады. Ал бұл неке институтының құлдырауының басты себебі деп санайды. Мен бұл оймен келіспеймін. Ия, қоғамда әйел затының орны өзгеруде. Ер адамдар кейде біздің шаңымызды баса алмай қалады, өйткені ескі менталитет пен көзқарастан айрыла алмай жүр. Жалпы, мен қатып қалған стереотиптерді елемейді екенмін. Қазақстанда кәсіпкер әйелге даму өте оңай және бұл біздің артықшылығымыз!