Жарнама берушілердің назарына. Әрекет көп. Берекет жоқ.

Құралай Әшімова
ismet-ке шолу
Новость
0 пікірлер
4539
0 пікірлер

«Мен жарнамалық бюджетімнің бір бөлігі ысырап болатынын білемін, бірақ нақты қай бөлігі екенін білмеймін».  

 

Бұл дәйексөз американдық кәсіпкер Джон Ванамейкерге тиесілі дейді. Алғашқы супермаркетті ашқан кәсіпкер 1838-1922 жылдар аралығында өмір сүрген. Дүниеден озғалы бір ғасыр өтсе де оның айтқан сөзі әлі күнге дейін маңызын жоғалпаған. «Үдере көшкен уығын сындырады» дегенге келтіргендей.

Шілде айында Facebook жарнамалық құралдар аясында өткен Digital 2021 статистикалық есепке сәйкес, бүкіл әлем бойынша әлеуетті қамту көрсеткіштері айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін, өйткені адамдар iOS 14.5-те қадағалаудан бас тартып жатыр немесе деректерді бақсарудың басқа құралдарын пайдалануда. Facebook Apple-дің iOS-тағы соңғы өзгерістері осы айларда оның жарнамалық өнімдерінің тиімділігіне айтарлықтай әсер етеді деп күтуде.

Осыған ұқсас өзгерістер басқа платформаларда да болады. Мысалы, Google Chrome веб-шолғыштары 2021 жылдың соңында шеттегі cookie файлдарын қолдауды тоқтатады. Сондықтан биылғы жылы жарнамалық технологияларда айтарлықтай өзгерістер болады деп күтілуде. 

Құпиялылық саясатындағы, cookie файлдарын қолдаудағы және онлайн-қадағалау ережелеріндегі өзгерістер маркетологтардың алдағы айларда жарнама таргетингін реттеу қабілетіне айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар eMarketer деректеріне сәйкес,  қазіргі таңда бүкіл әлемде жұмсалған әрбір 10 жарнамалық доллардың алтауы сандық арналарға тиесілі. Сондықтан маркетологтар келесі айларда сандық немесе әлеуметтік желілерді қалайда тиімді және нәтижелі пайдалану керектігі туралы өзгерістер енгізулері тиіс. Мысалы, жаңа саясаттар мен заңдар сіздің жарнама стратегияңызға қалай әсер ететінін анықтай алмайынша, тек аудиторияның демографиялық мәліметтеріне ғана сүйене бермей, мәтінмәндік таргетинг мүмкіндіктерімен тәжірибе өткізіп көруіңізге болады.

Адамдардың назарын өзіңізге аудару үшін Wi-Fi target көмегімен күреске түскен оңтайлы. Бұл сіздің клиенттеріңіздің мінез-құлқын талдауға көмектеседі, олардың көңілі нені қалайтындығын білуге мүмкіндік береді.
 

25.11.2021, 15:06
Wi-Fi Target
Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін