Құрылыс бизнесі - бұл мақсатқа бағытталған шығармашылық

Құралай Әшімова
ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
5544
0 пікірлер

Бәлкім, әр адам өмірінде бір рет болсын өз-өзіне сырттай сыни көзбен не болмаса сүйіспеншілікпен қарағысы келген шығар. Осындай мүмкіндікті бүгін бізге СЕО Kusto Home директоры Мұрат Өтемісов ұсынбақшы. Еліміздің құрылыс саласына деген сыни көзғарасын білдірмек және де осы саланы енді ғана меңгерген кәсіпкерлерге  кеңес бермек.   

 

 

 

 

 

 

 

Немен айналысасыз?

Соңғы 10 жыл ішінде мен Қазақстанда, Вьетнамда, Ресейде тұрғын үй нысандарының құрылысын басқарып келемін. “Kusto Group” компаниясының өкілдері әлемнің 10-нан астам елдерінде жұмыс істейді, әртүрлі бағыттарды дамытады: құрылыс материалдарын өндіру, мұнай өндіру, "Компас" автожанармай құю станцияларының желісі, "Kazbeef" мәрмәр сиыр етін өндіру, Израиль мен Италиядағы лак-бояу бұйымдары зауыты, Вьетнамдағы құрылыс компаниясы. Хошимин қаласындағы жалпы көлемі 200 мың шаршы метрден астам және сату көлемі 400 млн АҚШ доллардан асатын  “Diamond Island” тұрғын үй кешенінің құрылысына жетекшілік еттім. Қазақстандағы жобамыз "Koktobe City" деп аталады.  Оның аумағында жобалық оқытудың финдік және америкалық әдістемелер бойынша жұмыс істейтін алғашқы "HiTech Academy" инновациялық мектебі салынды.

Қазақстан мен Вьетнамдағы жұмыс барысының айырмашылығы неде?

Егер екі елдің құрылыс саласы туралы айтатын болсақ, айырмашылығы көп: жұмыс тәртібі, өз ісіне деген жауапкершілік,  жұмыс өнімділігі. Мен бір фильмнен цитата  айтайын: "Үйге оралу да қызықты нәрсе: таныс суреттер, дыбыстар, иістер... өзгерген жалғыз нәрсе - сен өзіңсің". Вьетнамнан оралғаннан кейін, жұқалап айтқанда, біздің құрылыс саламыздың, құрылыс мәдениетінің, технологиялық процестердің құрылыс барысын бақылау тұрғысынан қаншалықты төмен деңгейде екендігіне таң қалдым. Әлі күнге дейін Қазақстанда құрылыс процесін басқарудың тиісті деңгейі қалыптасқан жоқ. Мысалы, бүкіл әлемде құрылысты бақылау және басқару бойынша BIM технологиясы қолданылады, соның ішінде біздің компанияға да ол бұрыннан таныс және бізге табысты енгізілген. Көптеген отандық құрылыс компанияларында бұл жүйені тек жарияланғаны болмаса, іс жүзінде ол мүлдем қолданылмайды немесе ішінара қолданылады. Біздің құрылысшылар әлі күнге дейін  осыдан 20, 50, 100 жыл бұрынғыдай A2 форматында басып шығарылған үлкен сызба парақтарымен жұмыс істегенді дұрысырақ көреді. Қазақстандағы құрылыстың жартысы — мемлекеттік тапсырыс. Мұндағы ең басты талап – төмен баға. Құны төмен құрылыстың сапасы да төмен болады. Мұндай тәсіл құрылыс компанияларының технологиялық, интеллектуалдық тұрғыдан дамуына, кадрлардың өсуіне кедергі келтіреді. Сондықтан болар, құрылыс саласының даму деңгейі өте нашар. Мысалы, нарық шағын құрылыс бригадаларына толы. Ал бүкіл процесті - жобалаудан бастап құрылысты аяғына дейін жеткізу -  басқаратын компаниялардың жетіспеушілігі көрініп-ақ тұр. Көптеген жылдар бойы кадрлар резерві жоғалды және жаңа кадрлармен толықтыру жүйесі бұзылды. Құрылыс техникумдары, колледждер бір кездері қайта бейінделіп, құрылысшылардың орнына болашағы белгісіз заңгерлер, қаржыгерлер мен менеджерлерді топ-тобымен шығара бастады. Бүгін біз жеткілікті мөлшерде техникалық білімі бар мамандарды таба алмаймыз: тас қалаушы, бетон құюшы, арматурашы және тағы басқалары. Құрылыс алаңдарындағы жұмысшылар көп жағдайда бір реттік тапсырыстарға қанағаттанатын қарапайым ауыл жігіттері. Олардың кәсіби деңгейі жеткіліксіз және олар құрылыс алаңында ғана жұмыс істеп, оқып-үйрегендер болуы мүмкін. Бүгін олар құрылысшылар болса, ертеңінде таксишы болып кетеді, келесі күні күзетші болып жұмыс істейді, содан кейін қайтадан құрылысқа келеді. Бұл бүкіл еліміздің жүйелік авариясы. Қазақстанда құрылыс материалдарын өндіру саласы да өте нашар дамыған. Біз өз жобаларымызда отандық құрылыс өнімдерінің үлесі өте төмен екеніне көз жеткіздік. Тек бетон, газоблок, жартылай арматура және құрылыс қоспалары ғана бар. Қалғанының бәрі: сылайтын заттар, едендер, терезелер, есіктер және т.б. – бұл әр түрлі елдерден әкелінген құрылыс материалдары. Елімізде ауқымды өндіріс кәсіпорындары әлі күнге дейін пайда болған жоқ. Біз әрқашан асығыс түрде сапасы төмен, арзан дүниелер салдық. Жалпы құрылыс индустриясын дамыту бойынша инвестициялық жобалар өте аз болды. Сондықтан менің алдыға қойған мақсаттарымның бірі - тек қана сапалы жобаларды құру үшін халықаралық стандарттар мен талаптарға сай болатын мықты қазақстандық құрылыс компаниясын құру. Дұрыс кадрларды өсіруде көп жұмыс атқарып жатырмыз. Біз Қазақстанның құрылыс саласы Одағы деңгейінде реформалар мен өзгерістерге бастамашылық жасаймыз. Ол жерде мен Басқарма мүшесі ретінде қатысамын. Сонымен қатар құрылыс индустриясына білікті мамандар даярлайтын оқу орындарын қалпына келтіруге де атсалыспақшымыз.

Сіздің ойыңызша, сауатты құрылысшы деген кім?

Қазір жас буын мен ескі жүйенің аға буын құрылысшыларының арасында белгілі бір қақтығыс бар екенін айта кеткен жөн. Жастар жұмысқа икемді, қағылез, жаңалық ізденгіш болса, осыдан 40 жыл бұрын кеңестік ҚНжЕ қатып қалған стандарттар мен басқару жүйесінде тәрбиеленген ақсақалдар да жеткілікті. Білікті маман - бұл шектеулерді ғана емес, сонымен қатар өзгерістер мен жақсартулардың мүмкіндіктерін де көретін, классикалық менеджменттегідей жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру, қызметкерлерді ынталандыруды білетін адам. Қандай да бір себептермен әлі күнге дейін көпшілік құрылысшы мамандығын консервативтік деп санайды. Ал менің ойым басқаша. ҚНжЕ, жобалар мен сызбалардың бәрін жазып, тіркеу мүмкін емес, өйткені құрылыс барысында көптеген өзгертулер, жаңалықтар енгізіледі және көп нәрсені қосуға тура келеді. Бұл да шығармашылық іс-әрекеттің бір түрі. Құрылыста шығармашылық ізденіс сіз ойлағаннан да көп.

Сіздің компанияңыз жұмыста қандай сандық технологияларды пайдаланады?

 Мен BIM жүйесі туралы алдында айтқанмын: ғимараттарды ақпараттық модельдеу. Бұл ақылды 3D-4D-5D модельдерін қолдануға негізделген процесс. Құрылыс объектісі біртұтас етіп жасалған: оның параметрлерінің кез-келгенін өзгертсе, сызбаларға, визуализацияларға, сипаттамалар мен күнтізбелік кестеге дейін, онымен байланысты параметрлер мен объектілер де автоматты түрде өзгертіледі.

BIM сізге құрылыста қанша және қандай материалды пайдалану керектігін көруге мүмкіндік береді. Бұл жүйе арқылы материалдарды да, ақшаны да айтарлықтай үнемдейсіз. Жобалау кезеңінде әртүрлі қақтығыстарды оңтайландыруға және оны жоюға, жақсы шешімдерді табуға, айқынсыздықты кемітуге, қауіпсіздікті арттыруға, мәселелерді шешуге, сондай-ақ әртүрлі факторлардың ықтимал әсерін модельдеуге және талдауға мүмкіндік береді.

Алайда, мәселе "BIM" - де жобаны салуда емес. Ең бастысы бұл технологияны тек басқарма ғана емес, барлық деңгейдегі мамандар құрылыс кезінде тікелей қолданулары керек. BIM-ді  қолдану учаске бастығы, прораб, бригадирдың да құзыретінде болуы керек.

Бизнесте өз жолын енді бастаған кәсіпкерлерге қандай кеңес бере аласыз?

Бір жағынан, мен: "қорықпаңыз және өзіңіз қалаған нәрсеңізді жасаңыз!» - дер едім. Бірақ, екінші жағынан, қазір қаржылық және экономикалық жағынан ең қолайлы уақыт емес. Жоғарыда айтқанымдай, бізде құрылыс материалдарын өндіру саласы отырып қалды. Еден, плинтус тақталары, бояулар, сылайтын заттар және т.б. өндірумен айналысыңыз. Әрине, бұл үшін нарықтың барлық инфрақұрылымы жұмыс істеуі тиіс. Бірінші кезекте, банктер мұндай бастамаларды қаржыландыруы, жұмсақ кредиттер беруі, яғни барынша ынталандыруы тиіс. Алайда, бүгінгі таңда банк саласы да ақсап тұр. Оның басым бөлігі - бизнесті субсидиялау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар. Банктердің өздері қорқады және өздігінен несие беруге бара бермейді. Бірақ, соған қарамастан, жас кәсіпкерлер іздеуге, жасауға, сынап көруге тырысуы керек. Қазақстанда қазір барлық салаларында материалдар, кадрлар тапшылығы сезілуде. Ал бұл, екінші жағынан, сіздің бизнесіңіздің өсуіне үлкен мүмкіндіктер береді. Кіріңіз де көріңіз, елдегі іскерлік жағдайды өзгертіңіз.

Біздің портал ШОБ өкілдеріне көмектесуге арналған. Сіздің ойыңызша кәсіпкерлерге қандай қызмет  көрсетуге немесе ақпарат беруге болады?

Сандық қызметкөрсету нарығы соңғы бір-екі жылда айтарлықтай ілгеріледі. ISMET.KZ порталы шағын бизнес-процестерді - ішкі, қоймалық есепке алуды, операциялық қызметті және т.б. - оңтайландыруға көмектесе алар еді деп ойлаймын. Ең бастысы  қол қусырып отырмай, үнемі тырысып, өз күшін байқап көру керек. 

 

AMAN

AMAN — шағын бизнес процестерін автоматтандыру үшін бұлтты сервис.

Толығырақ


Сіз жетістікке жеттім деп ойлайсыз ба?

Мен өзімнің жеке жетістігімді жобаларыммен өлшей аламын. Мысалы, Вьетнамда біз осындай нәтижеге қол жеткізген ТМД елдері мен Қазақстанның жалғыз құрылыс компаниясы болдық. Сингапурлықтармен, кәрістермен, вьетнамдықтармен бәсекелестікте біз “Diamond Island” тұрғын үй жобасында сату бағасын 1 шаршы метр үшін 1900-ден 3500 АҚШ долларына дейін көтере алдық және барлық пәтерлерді 1.5 жыл ішінде саттық. Қазір Алматыда “Көк-Төбе сити” кешенін салып жатырмыз. Бұл құрылыс жобасы біздің шетелдегі жетістігімізді қайталайды деп үміттенемін. Біздің жобаларымыз бірлі-жарым болса да, олардың әрқайсысы сапалы болып, жүз пайыз нәтиже береді. Саны бар сапасы жоқ дүние керек емес.

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін