Франциядағы шағын бизнес. 
Өнерлінің қолы алтын, оған әрдайым есік ашық. 

Құралай Әшімова
Обозреватель в ismet
Статья
0 комментариев
1603
0 комментариев

Атыраудың тумасы ауыл жәрмеңкесінде көзге түсіп,
атақты HERMES-ке шақыру алды.

 

Әмина Құдабаева ұзақ жылдар бойы Францияда тұрады. Өткен жылға дейін ән айтумен шындап айналысып, сол елде джаз-топпен өнер көрсетіп, танымал болған еді. Көпшілікке қиын соққан 2020 жылы Амина үйде қол қусырып қарап отырмады. Сабын жасауды, кондитер мамандығын және тағы басқаларды зерттей бастады. Ең ақыры былғары өңдеумен айналыса бастады. Франциядағылар қолөнершілерді аса бағалайды. Өзінің кішкентай "AK YOL" ательесінде (біздің кейіпкеріміздің қазақ-ноғай тамыры бар) Әмина әйелдерге арналған сөмкелерді, визиткалар мен несие карталарына арналған қаптарды, әмияндарды, шарап бөтелкелеріне арналған сөмкелерді тігеді. YouTube-тен қарап отырып өз бетінше былғары бояуды үйренді және интернет арқылы сатқан өнімдеріне түймелік орнатуды игерді.

Қазіргі уақытта Амина кәсібилігін шыңдауда, қолы босай бермейді. Дегенмен бізге байланысқа шығып, ISMET.KZ порталына блиц-сұхбат беруге келісті.

Неліктен Францияны таңдадыңыз?

Бұл саналы таңдауым болды. Малайзияда 2 жыл тұрдық. Жоба аяқталғаннан кейін күйеуіме екі келісімшарт ұсынылды - біреуі Қазақстанда, екіншісі Катар елінде. Біз оның Отанына, Францияға оралуы дұрыс деп шештік, өйткені Францияда маған тіл үйрену, жұмыс табу және т.б. оңайырақ болады.

Hermes- ке дейін немен айналыстыңыз?

7 жыл бухгалтер маманы боп жұмыс істедім, 7 жыл әнші болдым. Кейде екі мамандықты бірге алып жүрдім.

Францияда жеке кәсіпкер болу дегеніміз не?

Жеке кәсіпкер - ең алдымен жақсы салық төлеуші. Ательеге келетін болсақ, мен микро ЖК сияқты бір фирма аштым. 13% салығы бар. Бұл, мүмкін, енді бастаған кәсіпкер үшін ең тиімді нұсқа. Тіркелуге бір айдан астам уақыт кетті. Ай сайынғы есептеулер, дегенмен сіз тоқсан сайынғы есептеуді де таңдай аласыз. Жеңілдіктер жоқ, субсидиялар да жоқ. Сенің бизнесің, олай болса кәсібіңді өзің дамыта біл. Сіз, әрине, әртүрлі қауымдастықтардан көмек пен қолдау сұрай аласыз, бірақ менің оған бос уақытым да, ынтам да ауып тұрған жоқ болатын.

Франциядағы кәсіпкерлік — ақша табудың оңай жолы ма?

Өкінішке орай, Франциядағы кәсіпкерлік - -өте ауыр жұмыс. Мысалы, менің ата-енем өмір бойы кәсіпкерлікпен айналысты. Олардың жеке дүкені болатын. Қазір ең төмен зейнетақы алады.  

Hermes-ке дейін бизнесіңіздің сатылымы қалай құрылды?

Басында мен үлкен бизнесті ұйымдастыру туралы ойланып та үлгермедім, содан кейін өзімді Hermès компаниясында жұмыс істеуге дайындадым. Мен бәрін оңай түсінетін француздармен салыстырғанда төменгі позицияда екенімді нақты білдім. Маған тіл байлығы мен не істеу керектігін түсіну қажет болды. Керекті материалдар мен құрал-саймандарды сатып алу кезінде менің сөз байлығым ұлғая бастады, арнайы терминологияларды түсінетіндей жағдайға жеттім. Сонымен қатар былғарымен жұмыс істеу техникасын жетілдірдім. Бизнестің қыр-сырын ұға бастадым. Мен қолдан көптеген өнімдер жасадым. Оларды кейіннен әлеуметтік желілер арқылы, "сыған поштасы" мен көршілерім арқылы сата бастадым.

Hermes-ке кез келген адам кіре ала ма?  Шарттары/талаптары қандай?

Кез келген адам, тіпті кенеттен қызмет саласын өзгертуге шешім қабылдаған зейнетке дейінгі адам да кіре алады. Алдымен еңбек биржасында тіркелу керек. Бұл, мүмкін, Франциядағы ең маңызды институт, ол арқылы сіз қалаған жұмысқа, сондай-ақ кейбір субсидияларға қол жеткізе аласыз. Өтінімнен кейін сіз ұзақ уақыт күтуіңіз керек - алдымен жауапты, содан кейін тестілеуді. Мен өтінім бергеннен бастап компанияда оқығанға дейін 8 ай өтті. Ол аз уақыт деп саналады. 3 жыл жауап күткендер де бар.  Жалпы, мен үш тестілеуден және екі сұхбаттан өттім. Барлығы шамамен 12 сағат уақытты құрады.

Жетістікке жеттім деп ойлайсың ба? Сіз үшін жетістік деген не?

Мен табысқа қол жеткіздім деп ойламаймын. Мен көп жұмыс істегенді және өз идеяларымды, арманымды, жоспарларымды іске асырғанды жақсы көремін. Жантақтан ине, жаңқадан түйме жасаған өнерлі қазақтың ұрпағымыз ғой. Былғарымен жұмыс істегім келгеннен кейін, үйде өзімді сынап көрдім және бұл өнер менікі екенін түсіндім. Содан кейін мен қолы алтын шеберлерден тәжірибе аламын деп шештім. Кейін Гермеске барғым келді. Негізінде, мен арманыма жету үшін қолымнан келгеннің бәрін жасадым.  Бұл сәттілік емес, қажырлылық пен табандылық деп есептеймін. Сонымен қатар әр минутыңызды оқып-үйренуге жұмсау керектігін естен шығармаңыз. Барлық жаңалықты дұрыс қабылдап, шыдамды болуыңыз керек. Мен үшін бизнестегі жетістік онша маңызды емес. Ең бастысы – әрбір өткен күнге қанағат тұту. Жұмысың мен отбасың сені тек қуанышқа бөлеу керек.  Менің кәсібім мәнді де сәнді деп айта аламын.  


Анықтама:

Әмина Құдабаева, 33 жаста. Атырау қаласының тумасы. 8 бен 17 жас аралығында Волгоград облысында тұрды. Атырау Техникалық мектепбін аспазшы-кулинар мамандығы бойынша тәмамдады. Тұрмыста, 2,5 жасар баласы бар. Орыс тілінен басқа түрік, ағылшын, француз тілдерін біледі. 

 

Қолмен ештеме жасай алмасаң, баспен жұмыс жаса.
Қазақтелеком өнімдерінің дилері бол және сатқан қызметіңіздің 100%
табысын көріңіз.  

 

29.03.2022, 17:01
Стать дилером АО «Казахтелеком»
Поделиться этой новостью:
Комментарии
Авторизуйтесь, Пікір қалдыру үшін