1 миллион доллар. Ісін енді бастаған қазақстандық кәсіпкерлер 2 есе артық инвестицияны қалай алды?
Куралай Ашимова
Обозреватель в ismet
Статья
0 комментариев
1693
0 комментариев

Cerebra – медицина саласындағы инновациялық жоба.
Оның көмегімен аз уақыт ішінде инсульт пен мидың басқа да бұзылу барысын анықтауға болады. Жоба әзірлеушілердің айтуынша, жаңа технология инсульттан толықтай емделіп, сәтті өткен жағдайлар санын көбейтуге және өлім-жітім көрсеткішін азайтуға көмектеседі.

Біз Start-up жобасының жетекшісі Досжан Жүсіповпен сөйлесіп, денсаулық сақтау саласындағы технологияларды қалай дамыту, жасанды интеллектті қалай оқыту туралы және Қазақстанда неліктен сапалы және серпінді IT-әзірлемелерді құру тым қиын екендігі туралы көптеген біз естімеген қызықты мәліметтерді танып білдік. Әрине, бизнес пен табыс жайлы да сөз қозғадық.

Досжан, қайырлы күн. Бізбен әңгіме тарқатуға уақыт тауып келгеніңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Бірден мына сұрақты қойғым кеп отыр: бір миллион долларлық инвестицияның керемет тарихы қандай?

- Қайырлы күн! Қызығушылық танытқаның үшін Сізге де алғыс айтамын! Бірінші сұрағыңыз бірден ақша туралы боп тұр екен (күлді). Интриганы ұстап, бірден айтпай сізді қиналтайын деп едік. Біздің жоба, әрине, табыс туралы емес, ең алдымен адамдар мен қоғамдағы құндылықтар туралы болмақ. Жобаның  алғашқы күндерінен бастап: «егер жобаның алғашқы инвесторы және CEO «Cerebra» құрылтайшысы ретінде бұл маған тіпті қаржы әкелмеген күннің өзінде, біз пациенттер мен дәрігерлерге пайда әкелуіміз керек» - деген әңгіме біздің топта айтылды. Менің ойымша, дәл осы коммуникация және мықты нәрсені жасау барысында нар тәуекелге бел байлау – біздің еңбегімізді ақтады. Жергілікті инвесторлардың deep-tech тарихына сенбеуі, оған күдікпен қарауы, тіпті денсаулық сақтау саласында  кейбір шенеуніктердің бір-бірімен араздығы салдарынан туындаған қиындықтарға қарамастан, біз жасанды интеллект құру үшін қажетті деректерді аз-аздап жинап, ең тәжірибелі дәрігер мамандарды жұмысымызға тартып, топ мүшелігіне енгізіп, Қазақстандағы барлық дерлік инсульт қызметтерімен сындарлы қарым-қатынас құра алдық.  

Нарықта Cerebra жобасы қазір сынақ ретінде 9 инсульт орталықтарында жұмыс істеуде және ай сайын бізге Қазақстанның түкпір-түкпірінен бірнеше инсульт орталықтары да қосылып отыр. Сынамалы жобаның мақсаты -  технологияның босаң жерлерін, қателері мен тұрақсыздықтарын анықтау және оларды кейіннен жою. Негізінде осымен айналысып та отырмыз. Технологияның істен шыққан тұрақтылығы, сезімталдығы, медициналық деректерге түсінік беру ерешеліктері – осының бәрін анықтап, талдап, ары қарай дұрыс жұмыс істеуін қадағалап отырамыз.   

Біздің медицина саламызда мұндай жобаның жеткіліксіз екенін және инсульт ауыруын алдын ала болжау кезінде әлі де қиын мәселер көп екенін түсіндік. Сіз дәрігерсіз бе?  

- Жоқ, мен дәрігер емеспін, кәсіпкермін. Алайда медициналық тәжірибелер және фармацевтика саласында жұмыс істеген тәжірибем бар. Бұрындары Қазақстандағы ең ірі интернет-дәріхана желісі е-commerce жобасының жетекшісі болғанмын. Сондай-ақ CEO компаниясының бірлескен құрылтайшысы және басқа медициналық технологиялар саласындағы med365.kz  жобасының (медициналық тексерулерді автоматтандыру) бас директоры қызметін атқардым. Қысқа мерзімде бұл жобаны тиімді сатып, жақсы пайда көрдік. Ісіміз оңға басты. Елімізде медициналық технологиялар арқылы табыс табуға болатынына кәміл сендім. Cerebra жобасын құруға екі себеп болды. Біріншісі, жеке бастың қамы, өйткені Қазақстанның әрбір екінші отбасында осы ауырудан ата-аналарының зардап шеккені туралы оқиғалар баршылық. Менің отбасымда да мұнай жағдай болды. Сондықтан осы өзекті мәселені түбегейлі шешуге бел будым. Екінші себеп – зерттеулер мен болжамдар арқылы Қазақстанда нейрорадиологтар аз, жоқтың қасы екендігіне көзім жетті. Нейрорадиологтар – ми ауруларын алдын ала болжап, емдейтін тар мамандырылған арнайы дәрігерлер. Еліміздегі инсульт ауруларының ауқымын және жаңа кадрлардың жетіспеушілігін есекере отырып, бұл салаға кез келген автоматтандырылған технологиялық көмек ауадай қажет екендігін түсіндік. Алматы қаласының инсульт орталықтарында бірнеше тәжірибе өткізгеннен кейін, біздің жорамалымыз толығымен расталды.  Осылайша Cerebra жобасы дүниеге келді. Ия, жоба атауы «Х адамдар» филімінен алынды. Жұмыс кезінде Scrum тақтасына осы атауды жазып, кейін өзгертеміз деп ойлаған едік. Кейін осы атауды қалдыруды ұйғардық.

Сәтті өткен жағдайлар бар ма және Қазақстанда инсультпен нәтижелі түрде күресуді үйренді ме? Cerebra технологиясы қалайша бірнеше минутта диагноз қоя алады?

- Осыған дейін инсультті тек дәрігер, яғни адам болжап білген. Ол КТ және МРТ суреттерін өз бетінше түсіндіріп, белгілі бір дәрежеде объективті бағалау негізінде мидың бұзылуы жайлы қорытынды жасайды, бірақ көбінесе өз тұрғысынан бағалайды. Бұл жағдайда адамның көзі симптомдар басталғаннан кейінгі алғашқы сағаттарда КТ суреттерінде асқынған инсульттің белгілерін тани алмауы мүмкін. Инсульттан зардап шеккен адам миын құтқару үшін бар-жоғы 4,5-6 сағат қана уақыт бар. Осы кезең терапевтік терезе деп аталады. Симптомдар пайда болған сәттен бастап мидағы өзгерістерді қайта қалпына келтіруге болады. Дәл осы жерде пациенттің өмірін сақтап қаларда стандартты хаттамалы медицина тығырыққа тіреледі. Сол кезде Cerebra технологиясы көмекке келеді. Ол КТ суреттеріндегі көзге көрінбес кішігірім инсульт белгілерін бірден анықтауға, осы паталогиядағы науқастың жағдайын саралауға және емдеу тактикасын анықтауға мүмкіндік береді. Егер нейрондық желілер мен компьютерлік көру алғашқы минуттар мен сағаттарда мидың аздап бұзылғанын тани білсе, ал мұндай жағдайда адам көзінің көру қабілеті, өкінішке орай, жеткіліксіз.

Клиенттерді қалай табасыз: емханалар мен медицина орталықтарында ма? Дәрігерлердің жаңа технологияға деген көзқарасы қандай?

- Біз өз бетімізше ауруханаларға, инсульт орталықтарына жеке шығамыз және жобаны оларға тапсырамыз. Сосын бізбен жұмыс істеген адамдардан ұсыныс хаттар аламыз. Казір неврологтар мен нейрохирургтар арасында танымалмыз. Кейбір ауруханалар, әсіресе еліміздің басқа өңірлеріндегі медицина мекемелері, біздің технологияға қызығушылық танытуда. Жоба барлық жерде жақсы қабылданды және Қазақстаннан бөлек Өзбекстан, Монғолия мен Ресесй медицина орталықтары бізді асыға күтуде.

 

Жасанды интеллект ауыруды анықтауға қаншалықты қабілетті? Қате анықталған диагноз үшін кім жауапты?

Сәулелік диагностикада 100% адам факторы бар, яғни объективтік немесе субъективтік бағалау сипатына ие. Стресске ұшыраған дәрігер КТ мен МРТ суреттерін басқаша түсінуі мүмкін. Сондықтан қателіктерді толығымен жою мүмкін емес. Бұл шындық және  оны бәрі мойындайды. Cerebra-ның бір ерекшелігі – біз көптеген объективтік математикалық есептеулерді қолданамыз. Адам факторын азайту үшін үлкен сандық деректерді негізге аламыз. Қазіргі уақытта жасанды интеллект ишемия ауруы бойынша 85%-дан, ал геморрагиялық инсульт бойынша 95%-дан жоғары дәлдікпен инсультті анықтайды. Selebra-ның «бета тестілеу» белгісімен сынамалы жоба екенін түсіну керек. Жоба сынақтың барлық кезеңдерінен өтіп, кез келген нейрорадиолог сарапшысынан да жылдам және дәл жұмыс істей бастағанда, біз «бета» белгішесін алып тастап, толықтай жұмысқа білек сыбана кірісеміз. Уақыт көрсетер.

Менің түсінгенім, қазір технологияңызды клиникаларға тегін пайдалануға беріп жатырсыз ғой? Қай уақытта табыс табуды жоспарладыңыз?

- Ол шындық. Инсульт орталықтары бізге ақша төлемейді. Бұл коммерциялық өнім емес. Жақын арада одан ақша табуды көздеп отырғанымыз жоқ. Алдымен бүкіл Қазақстанды қамтымай, үлкен жетістікті, статистика және т.б. туралы айту ертерек. Алдында айта кеткенімдей, біз табыс табу туралы ойлаған емеспіз. Шынымды айтсам, жақсы ақша табуды біз сыртқы нарықтарда, яғни шетелде жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта бізде қаржы жетерлік, біз асықпаймыз, кез келген бюджетке де кірмейміз және тек пайда табуды көздемейміз. «Асыққан шайтанның ісі».

Олай болса Cerebra қаншалықты қымбат жоба? Кім қаржыландырды: бюджеттік гранттар ма әлде жеке инвестициялар ма?

- Бірден айта кетейін, біз ешқандай мемлекеттік грантқа ие болған жоқпыз. Тіпті оған өтінім жазған да емеспіз. Біздің мемлекеттік бюджетпен байланысымыз жоқ. Жоба жеке қаражат есебінен толықтай жасалды. Оған менің 230 мың АҚШ долларым салынды. Сонымен қатар «Сәби» отандық қорынан жеке грант ұтып алдық, сингапурлық қордан жалпы сомасы 100 мың АҚШ долларына айырбасталатын қарыз алдық. Міне, сіз сұраған 1 миллион АҚШ доллары туралы сұрағыңызға қайта оралғыңыз кеп тұрғанын сезіп тұрмын (күлді). Ия, біз Тимур Тұрловтан 1 миллион АҚШ долларына инвестициялар тарта отырып, SEED раундының табысты жабылуына қол жеткіздік. Айтпақшы, Тимур Русланұлы біздің құндылықтарымызды қолдайды. Біздің жобанының басты мақсаты  - шұғыл түрде ақша табуға тырыспау, керісінше елімізге пайда әкелу. Дәл осы себеппен ол жобаға сұраған ақшамыздан екі есе қаржы берді. Ол тамаша адам. Сондықтан ақшаның екінші бөлігі жобаны шетелде дамытуға, атап айтқанда танымал журналдардағы ғылыми жарияланымдарға және Қазақстаннан басқа елдерде жобаны сынақтан өткізуге жұмсалады. 

 

Бұл айырбасталатын несие ме? Инвестор алдында қандай міндеттемелеріңіз бар?

- Инвестор жобаға біз активті капиталға айналдыратын компания капиталындағы үлеске жазылу шартымен кірді. Бұл ұзақ мерзімді инвестиция, олар тікелей ақша қайтаруды қажет етпейді. Менің инвестор алдындағы жауапкершілігім - бұл технологияны тек Қазақстанда ғана емес, шетелдерде де сынап, ақшаны дұрыс пайдалану. Әрине, біз жобаны дамытудың қандай да бір кезеңінде басқа жолмен ақша табуды бастауымыз керек. Бірақ қазір басты міндетіміз — өнімді алға бастыру, сыннан өткізу, масштабтау, ғылыми қызмет және жарияламалар арқылы дамыту.

Дегенмен, біз табыс табу туралы сөз қозғағаннан кейін мынадай сұрақ туындайды: бұл жобаның ұзақ мерзімді жоспарлары қандай? Сіз қанша ақша табуды жоспарлап отырсыз? Бірақ дәл қазір емес, бірнеше жылдан кейін Cerebra инсультты жылдам анықтап, дұрыс диагноз қоя алатындығын дәлелдеген кезде.

- Оны айта алмаймын, өйткені Қазақстандағы инсульттің өзі және оның диагностикасы бұл медицинаның КТМК-ге кіретін бөлігі, яғни кепілді тегін медициналық көмек көлеміне кіреді. Сондықтан бұл жерде жобаның қалай коммерцияланатынын, технологияның қалай бағаланатынын және т.б. айту қиын. Нақты жауап бере алмаймын, бірақ мен бұқаралық және шұғыл медицина саласындағы жобалар әрқашан өте тиімді екенін білемін. Бұл бүкіл әлемдегі ақша әкелетін тиімді сала.

Сіздің ойыңызша Қазақстанда жасанды интеллекті пайдалана отырып, жобаларды әзірлейтін ІТ- инфрақұрылым қаншалықты дамыған?

Қазақстанда IT-инфрақұрылым мүлдем дамымаған. Біздің еліміздегі ең көкейкесті мәселе - деректердің болмауы: олар жоқтың қасы немесе олардың сапасы өте төмен. Үш жыл бұрын, жұмысымызды енді ғана бастағанда, жағдай тіпті нашар болды. Ауруханалардың өзінде медициналық деректерді, соның ішінде радиологиялық зерттеулерді құрылымды түрде сақтау үшін ешқандай ресурстар болған жоқ. Егер дерекқор табылса да, ол жасанды интеллектті дамыту үшін лас және функционалды тұрғыда пайдасыз болды. Қазір жағдай жақсарып келеді, біздің мемлекетіміз, атап айтқанда Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министірлігі "бұлтты ПАКС" жобасын әзірлеуге дайындалып жатыр. Онда бүкіл пациенттерге арналған барлық радиологиялық суреттер, КТ және МРТ деректері иесіздендіріледі, сандық нысанға көшіріледі және бұлтқа жиналады. Егер мұндай шешім жобамызды енді дайындай бастаған кезде болса ғой, жобаны әзірлеуге 1,5 жыл уақытымыз үнемделуші еді. 

15.12.2021, 12:04
Исмет серіктесі бол
ISMET.KZ - бұл бизнес алаңы, онда кәсіпкерлерге арналған заманауи IT шешімдер, мемлекеттік қолдау шаралары бар. Бұл платформаға заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге арналған Интернет, телефония және теледидар қызметтері кіреді.

Деректерді қалай жинадыңыздар?

— Бұл бір қызықты оқиға болды. Біз мұны өз бетімізше, қолмен жасадық. Аяқ тоздырып, ауруханаларға барып, олардың мұрағаттарынан, интеграциясынан және КТ және МРТ аппараттарынан деректер жинауды сұрадық. Әрине, кім келісе кетеді дейсіз? Алайда, бізге Алматыдағы қазақстандық көпбейінді ауруханалардың инсульт науқастарын қабылдайтын екі бас дәрігер кездесе кетті. Олар жобаның келешегін көрді, бірақ алдымен медициналық деректерді жинамас бұрын оны иесіздендіретініміздің дәлелелін сұрады. Біз радиологиялық суреттерді пациенттердің жеке деректері жоқ форматқа аударатын бағдарлама жаздық, содан кейін этикалық комитеттерден өтіп, қыруар тиісті құжаттарға қол қойып, деректер жинай бастадық. Осылайша біз осы екі аурухананың деректері негізінде жасанды интеллект бойынша машиналық оқытуды бастадық. Біз әр деректі мұқият қарадық. Қазір де деректер үшін күресті жалғастырудамыз. Асқынған инсульт болған және пациенттің инсульт белгілері анықтағаннан кейін 6 сағатқа дейін ауруханаға келген жағдай - мұндай деректер бізге өте қажет. Ондай деректерді бірден бөлек орналастырамыз, құрылымдаймыз, өңдейміз. Инсульт диагнозын анықтаудың тиімді жолы осы. Егер Қазақстан бойынша 60 инсульттік орталықтарын қамтысақ,  біздің "Serebra" технологиямыз деректерімен байып, экспорттық деңгейге шығар еді.  Қазір біз тек 9 инсульт орталығымен жұмыс жасаймыз.  

Шынымен қызықты жай екен!  Ал Cerebra жобасы толықтай қазақстандық әзірлеме деп ауыз толтырып айтуға бола ма, әлде ол шетелдік софт негізінде жасалды ма?

- Бұл толығымен қазақстандық өнім. Бүкіл дерекқор орталығы да қазақстандық, дәрігерлер де, инженерлер де – Қазақстан азаматтары. Осыған ұқсас ашық түрдегі қолжетімді қызметтер еш жерде жоқ. Әлемде біз сияқты 6 компания бар, бірақ ешкім өз қызметіне жақындатпайды, деректер бермейді. Олар жабық, патенттері бар, зияткерлік меншігі қорғалған, көпшілікке қол жетімді емес. Әрине, пульмонология бойынша кейбір кітапханалар бар, тіпті тегін. Сізге сол жерге кіруіңізге, деректерді пайдалануыңызға және пульмонология саласындағы қандай да бір өнімді ойлап табуыңызға болады. Ал миға келетін болсақ: геморрагиялық инсульт, ишемия бойынша ешқандай деректер жоқ, сіз оны еш жерден таба алмайсыз. Қазір біздің командада 16 адам жұмыс істейді, оның ішінде 2 дәрігер бар. Барлығы мықты мамандар. Деректерді алудан бұрын дәрігер таңбалайды, содан кейін таңбалау екі рет тексеріледі, невролог клиникалық көріністі тексереді, содан кейін біз жасанды интеллектті осы мәліметтермен қоректендіреміз.

 

06.12.2021, 14:36
Каталогы
Сіздің бизнесіңіз үшін қарапайым шешімдер: бұлтты бухгалтерия, онлайн-касса, қойма есебі. Салықтар, міндетті аударымдар — барлық операциялар онлайн. Ақпараттық технологиялар арқылы бизнесіңізді тиімді етіңіз, дамытыңыз және көбірек ақша табыңыз.

Сіз бизнес-жоба болғандықтан және бағдарламалық жасақтамамен жұмыс істейтіндіктен, сәйкесінше деректерді, серверлік жабдықты және т.б. бір жерде сақтауыңыз керек. Сіз осы бағытта біреумен бірге жұмыс істейсіз бе?

- Ия, біз «Қазақтелеком» АҚ-ның клиентіміз. Деректерімізді бұлтта сақтаймыз, сонымен қатар серверлерді сақтау және есептеу үшін ақпарат орталықтарында орынды жалға аламыз. Жасанды интеллекті үйрету үшін графикалық карталары бар серверлер керек. Қарапайым сервердің қажеті шамалы. Сондықтан сіздердің бірнеше қызметтеріңізбен жұмыс істейміз.   

«Қазақтелекомның» Co-location қызметіне қандай баға берер едіңіз? Өз пікіріңізді қалдырсаңыз немесе ұсынысыңызбен бөліссеңіз.

- Егер графикалық карталар туралы айтатын болсақ, онда мұндай серверлер бағасы біршама қымбат. Шетелде осыған ұқсас қызметтердің әлдеқайда арзан нұсқалары бар. Алайда бізге Қазақтелекомның бұлттарын пайдалану ыңғайлы: бұл қауіпсіз және сенімді, сонымен қатар біз деректерді трансшекаралық беру туралы қолданыстағы заңды бұзғымыз келмейді. Сондықтан мен компанияға біз сияқты жобаларға грант беру нұсқаларын қарастыруды ұсынар едім. Яғни, кәсібін енді бастағандар үшін өздерінің серверлері мен есептеу қуатын бастапқы кезеңде, белгілі уақытқа дейін деректер орталықтарын тегін пайдалана алатындай немесе жеңілдіктер алатындай жағдай туғызсаңыдар екен. Бұл керемет қолдау болар еді. Мүмкін, "Қазақтелеком" компаниясының да жасанды интеллектті дамыту идеялары мен мақсаттары бар шығар. Біз сияқты технологиялық жобаларды жасағандар үшін осындай қолдау шараларын ойластыру керемет болар еді.

 

Досжан, әңгімеңізге рахмет. Сіздің ұсынысыңыз, тілектеріңіз ескеріліп, қарастырылатын болады. Сіздің өз басыңызға және жобаларыңызға сәттілік тілеймін!  Барлық жоспарларыңыз сәтті де берекелі болсын! 

- Сізге де көп рахмет!  

Поделиться этой новостью:
Комментарии
Авторизуйтесь, Пікір қалдыру үшін