Неліктен қазргі таңда серверлерлік жабдықтарды деректер орталықтарында сақтау маңызды?
Бұл туралы «Қазақтелеком» АҚ-ның Ақпараттық жүйелер дирекциясының коммерциялық директоры Рүстем Нысанбаев әңгімелейді.
2009 жылдан бастап «Қазақтелеком» АҚ-ы корпоравтивті клиенттерге, компанияларға телекоммуникация операторының деректер орталықтарында өздерінің серверлік жабдықтарын сақтауға мүмкіндік беретін Rent a Rack қызметін ұсынды.
Бүгін біз Ақпараттық жүйелер дирекциясының коммерциялық директоры Рүстем Нысанбаевпен сұхбаттастық. Ол Rent a Rack қызметі туралы және оның ірі кәсіпкерлердің өмірін қалай жеңілдететіні туралы толығырақ айтып берді.
Rent a Rack – бұл «Қазақтелеком» АҚ-ның деректер орталығындағы шкафтарды немесе тіреулерді жалға алу мүмкіндігі. Бұл қомақты цифрлық жобаларға ие және көптеген серверлік жабдықтары барларға немесе хостинг алаңына орналастыруды қажет ететін бірқатар кешендері бар компанияларға өте керек дүние. Өйткені оларға барлығын бір жерде сақтайтын ауқымды орын қажет.
«Қазақтелеком» АҚ-ның Ақпараттық жүйелер дирекциясының коммерциялық директоры Рүстем Нысанбаев
Бұрын сіздерге Co-location жүйесіне қалай қосылу жайлы егжей-тегжейлі айтқан едік. Rent a Rack қызметінің жұмыс қағидаты Co-location
қызметіне ұқсас. Тек соңғысы юнит бірліктерімен өлшенеді, сәйкесінше, шағын онлайн-жобаларға арналған.
Егер сіздің уақытыңыз тығыз болса, біз деректер орталықтары туралы және олар не үшін қажет екендігін толығырақ түсіндіреміз.