2021 жылғы 1 шілде бастап заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін телекоммуникация қызметтерін көрсетуге арналған жаңа Үлгілік шарт күшіне енеді

ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ
ismet-ке шолу
Новость
0 пікірлер
4530
0 пікірлер

Құрметті Бизнес-Клиенттер!

2021 жылғы 1 шілде бастап заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін телекоммуникация қызметтерін көрсетуге арналған жаңа Үлгілік шарт күшіне енеді.

Өзгерістер - ең алдымен ұсынылатын қызметтерді қосу мен пайдаланудағы қажеттіліктерді жедел қанағаттандыруға және біздің клиенттеріміздің шығындарын қысқартуға бағытталған, сондай-ақ клиенттік қызмет көрсету үдерістерін цифрландыру бойынша бірқатар өзгерістерді қамтиды.

Болашақтағы жемісті ынтымақтастығымыз үшін 2021 жылғы 30 маусым дейін шартты қайта жасасу қажет.

Шартты біздің Корпоративтік сату орталықтарына бармай-ақ, Ismet порталының жеке кабинетінде қашықтықтан қайта жасауға болады.

Электрондық шот-фактураларды, орындалған жұмыс актілерін алу, қызметтерді қосуға сервистік  өтініш немесе өтінім беру және басқа да көптеген қажет қызметтерді ISMET жеке кабинетінен онлайн форматта алуға болады. Толық ақпарат мына жерде
 

Уақытыңызды үнемдеңіз, Ismet жеке кабинетінде онлайн-қызмет көрсету мүмкіндіктерін пайдаланыңыз.

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін