Виртуалды деректер орталығы дегеніміз не?

Құралай Әшімова
ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
311
0 пікірлер

Виртуалды деректер орталығы дегеніміз не?


Виртуалды деректер орталығы (немесе VDC) – виртуалды машиналарды өздігінен өрістету және олардың арасында ресурстарды бөлу мүмкіндігі бар виртуалды есептеу қуатын (CPU, RAM, HDD) жалға алу қызметі. VDC электрондық пошта, құжатайналымы, корпоративтік ақпарат ресурсы сияқты корпоративті онлайн жобаларды бұлтты қызметте ұйымдастыруға, сондай-ақ қолданыстағы виртуалды инфрақұрылымды кеңейтуге және қолданыстағы жүйелерді резервтеуге арналған сервис. Қарапайым сөзбен айтқанда, VDC-де компания қолданатын барлық құрылғылар кез келген уақытта қол жетімді болатын бірыңғай жүйеге біріктірілген. Сонымен бірге негізгі ресурстар — процессор, жады, диск кеңістігі және өткізу қабілеті ортақ. Барлығы физикалық деректер орталығында сияқты жұмыс істейді - серверлермен, сақтау кластерлерімен және көптеген желілік компоненттермен. Тек виртуалды кеңістікте. VDC басқару әлемнің кез келген нүктесінен консольден жүзеге асырылады, сондықтан әкімші қашықтан жұмыс істей алады. Шешілетін міндеттердің аясы дәстүрлі серверлерді қолданғанмен тең әрі ауқымды. 

Бүгінгі таңда алдыңғы қатарлы компаниялар осындай шешімдерге қызығушылық танытуда.

Біріншіден, бұл сіздің жеке деректер орталығының құрылысына немесе белгілі бір уақыттан кейін физикалық және моральдық тұрғыдан ескіретін қымбат серверлік жабдықты сатып алуға қыруар ақша жұмсаудан гөрі тиімдірек.

Екіншіден, бұл өте ыңғайлы. Виртуалды машиналарды тез арада реттеуге болады, ал дайын инфрақұрылымды құру кәсіпорынның көлеміне байланысты бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін созылуы мүмкін. Егер бизнес жақсы дамып жатса, виртуалды ресурстарды көбейту әлдеқайда жылдам және үнемді болады. Ал басқа жерге көшкен жағдайда интернетті жаңа кеңсеге қосу жеткілікті. Сонда виртуалды ресурстар қол жетімді болады.

Сонымен қатар, IT-персоналды басқа жобаларға қайта бағыттауға болады, өйткені виртуалды ресурстарды техникалық қолдау, деректерді қауіпсіз сақтау, бұлт салынған жабдықты жетілдіру және дамыту провайдердің қызметкерлерімен қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ, VDC деректерді резервте сақтауға мүмкіндік береді, яғни электр қуатының немесе басқа да фарс-мажорлық жағдайлардың салдарынан кездейсоқ шығындар сияқты проблемалар болмайды.

VDC-де қосымшалар мен сервистер физикалық серверлерден бөлінген, соның есебінен жұмыс жүктемесін масштабтау немесе инфрақұрылым өнімділігімен байланысты тар жерлерді жою кезінде бұзылмайтын жоғары төзімділік пен тиімділік қамтамасыз етіледі.

Іс жүзінде компаниялар VDC-ті көбінесе деректерді орналастыру және сақтау үшін қолданады. Мысалы, бағдарламалық жасақтаманы тестілеу және әзірлеу; шарықтау шегінде резервтік ресурстарды қосу; резервтік деректер орталығын құру; жабдықты ауыстыру кезінде балама алаң ретінде қолданылады. Бірақ VDC-нің мүмкіндіктері оданда көп.

Неліктен VDS қызметі қазір қажет бор тұр? Пандемияға байланысты коммерциялық және мемлекеттік компаниялардың жұмысшыларды "қашықтан жұмыс істеулеріне" тура келді, офлайн және қолданушы әрекеттерінің бір бөлігі онлайн режимінде, маркетингтік бюджеттер digital арналарына қайта бағытталады. Осы және басқа да қажеттіліктер туындаған жағдайда жедел шешімдер мен үлкен ресурстар керек. Деректер орталықтарының физикалық ресурстары шектеулі және белгілі бір іс-шараларды өткізуге байланысты олардың дамуы ұзақ уақытқа созылады. Осындай тапшылықтар бұлтты қызметтер сегментінің өсу қозғалышына айналды, ал бизнестің шығындарды азайту қажеттілігі виртуалды деректер орталығы сияқты ыңғайлы шешімдерді іздеуге әкелді.

Ұтқырлық және виртуалды ресурстар - қазіргі заманның трендіне айналды, және бұлтты қызметттерге сұраныс, оның мүмкіндіктерін пайдалану жиілігі артып келеді. Соның ішінде, сақтауды және өңдеуді қажет ететін деректер көлемінің өсуіне байланысты. Сондықтан "бұлт" сәнді термин ғана емес, қазіргі таңда қажет дүниелердің біріне айналды. "Қазақтелеком" АҚ-ның VDC қызметіне сұраныс үнемі өсіп келеді: соңғы 5 жылда виртуалды ресурстардың көлемі 30 есе артты, қызметті дамыту жыл сайын дерлік жүргізіледі. Бірақ қазіргі уақытта коммерциялық және ішкі жобаларға барлық ресурстар тартылды. Сондықтан біз жаңа виртуализацияланған қуаттылықты, соның ішінде жаңа деректер орталықтарын жоспарлау және енгізу арқылы қызметті белсенді түрде дамытуды жалғастырамыз.

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін