Уақытылы тапсырылмаған статистикалық есеп үшін айыппұл салынбайды – Ұлттық экономика министрлігі

08.04.2020

ҚР ҰЭМ Статистика комитеті респонденттерге уақытылы есеп бермегені үшін айыппұл салуды шегерді. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Төтенше жағдай кезінде коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты:

- респонденттерге қатысты ҚР ӘҚК 497 бабы бойынша осы кезеңдегі бастапқы статистикалық деректерді беру тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік іс қозғалмайды;

- бұрын салынған айыппұл санкциясы бойынша айыппұл алынбайды және оларды мәжбүрлеп өндіру үшін материал жолданбайды.

Еске салсақ, 2020 жылғы 23 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті құқық қорғау және фискалдық органдар тарапынан кәсіпкерлерге кез келген қысымды, оның ішінде, әкімшілік жауапкершілікке тартуды болдырмауды тапсырған болатын.