11.03.2020

Жақын күндері Қазақстанда коронавирус ауруына шалдыққан алғашқы науқастар анықталуы мүмкін деп болжануда. Ірі компаниялардың жетекшілері өзін нашар сезінген қызметкерлерге жұмыс орнына келуіне тыйым сала бастады. Ел билігі ауру ошағының пайда болуына жол бермеу мақсатында «арнайы режимге» ауысуға дайын екендігін мәлімдеді.

Ғаламтор желісінде күшті биологиялық залалдың теріс әсерінен өзіңді және өз бизнесіңді қалай қорғауға болатындығына қатысты көптеген ақпараттар мен әртүрлі кеңестер пайда болуда. Сарапшылардың көбісі адамдар көп жиналатын жерлерге бармауға кеңес береді. Алайда, бизнесті қалай жүргізуге болады? Өмірдің заманауи қарқынынан қалай қалып қоймауға және өз денсаулығыңды сақтап, қызметкерлеріңнің амандығын қалай қамтамасыз етуге болады?

Сіздің бизнесіңіз кеңсеге немесе есеп беру органдарының бөлімшелеріне бармай-ақ, әрекет ете алатынын біліп жүріңіз.

Ismet.kz алаңында электрондық құжат айналымын жүргізу бойынша бірегей сервистерді таба аласыз. Осы қарапайым шешімді енгізу арқылы сіз уақыт пен ақшаңызды үнемдей аласыз. Және бастысы: қағаз құжаттарды тасу қажеттілігі туындамайды, осылайша қауіпті вирусты жұқтырып алу қаупі барынша азаяды. «Қазақтелеком» АҚ мен Фискалдық деректер операторының қызметтері бойынша электрондық құжат айналымы сервисін пайдалану үшін сізге біздің «Ismet.kz» тұғырнамамызға тіркеліп, компанияңызды тіркеу қажет.

Мұны қалай оңай әрі жылдам жасауға болады?

Оң жақ жоғарғы бұрышта «Жеке кабинет» дегенді басыңыз және «Құжаттар» дегенді таңдаңыз.

Қолжетімді жеке шоттар көрсетілген парақ ашылады. Қажет кезеңді таңдаңыз және «Көрсету» дегенді басыңыз.

Қалыптасқан құжатты таңдаңыз. Порталда сіз актіге қол қоя аласыз және төлем жүргізе аласыз. Қол қойылған кезде құжаттың мәртебесі «Қол қойылды» деп өзгереді.

Кез-келген қалыптасқан құжатты электрондық жәшікке жолдауға болады немесе клиенттің және «Қазақтелеком» АҚ өкілінің қолтаңбасымен бірге PDF форматында жүктеуге болады.

Төлемге ауысу үшін «Төлеу» батырмасын басыңыз. Осыдан кейін Instant Payments төлем парағына ауысасыз. Осылайша сіз төлемді жалғастыра аласыз немесе «Қазақтелеком» АҚ жеке шотын толықтыра аласыз. 

 Авторы: Динара Канжагалинова