Qoоvee сауда алаңы және ISMET.kz цифрлық тұғырнамасы серіктестерге айналды. Тараптар B2B-қызметтерін қазақстандық экспорттауды бірлесіп ілгерілету және халықаралық нарыққа шығару туралы уағдаласты. Qoovee басқа елдердің жеткізушілерін Қазақстанның нарығына тартуға көмектеседі.
ISMET.kz тұғырнамасында тіркелген компаниялар Qoovee.com жаһандық сауда алаңына өз қызметтерін ілгерілетуде қосымша артықшылықтар алады.
«Қазақтелеком» АҚ АКТ-қызметтер жөніндегі басқарушы директоры Бикеш Құрманғалиеваның айтуынша, сауда алаңы бизнес үшін кез-келген онлайн-тұғырнаманың негізі болып табылады, сондықтан компания халықаралық тәжірибесі бар серіктесті іздеді.
«Біз тұғырнаманы Қазақстаннан тыс іздедік. Qoovee алаңының ерекшелігі мен артықшылығы болып біздің кәсіпкерлеріміз шетелде де сатып алушылар мен жеткізушілерді таба алатыны табылады. Осылайша, қазақстандық бизнес экспортқа шығуды жеделдетеді. Сыртқы нарыққа шыққандар үшін Qoovee шығындарды азайтады және тауарларлы әлемнің кез-келген бөлігіне тасымалдау үдерісін жеделдетуге көмектеседі», - деп атап өтті Бикеш Құрманғалиева.
Qoovee.com — әртүрлі елдердегі жеткізушілер бизнес-қызметтерді көтерме сатып алушыларды және тапсырыс берушілерді таба алатын халықаралық сауда алаңы. Бүгінгі күні алаңда 23 000 жеткізушілер мен жүз мыңдаған сатып алушылар ұсынылған.
0 Комментарии