Салық кодексіне енгізілген маңызды өзгерістер және кассалық аппараттар туралы барлық жаңалықтар. Дмитрий Казанцевтың семинары

 

Важные изменения в налоговом кодексе и всё новое про кассовые аппараты. Семинар Дмитрия Казанцева.

 

18.06.2019

 

«Салық туралы қарапайым тілмен айтқанда: Салық кодексіне енгізілген барлық өзгерістер мен кассалық аппараттар туралы барлық жаңалықтар» атты семинар Алматы қаласында өтіп, Қазақстанның 25 қаласында трансляцияланды. Іс-шараның басты тақырыптары: Салық кодексіне 2019 жылы енгізілген өзгерістер, кассалық аппараттарға қойылатын жаңа талаптар, ҚҚС, шот-фактуралар және жарнамаға салынатын салық бойынша ережелер.

Семинардың спикерлері: РККО директоры және салықтар бойынша консультант Дмитрий Казанцев, бухгалтерлік есеп бойынша консультант Ирина Иванова және Статистика комитетінің төрағасы Айдапкелов Нұрболат. Серіктестер: ISMET.kz бизнеске арналған тұғырнамасы, «Атамекен» ҰКП, Мемлекеттік кірістер комитеті.

Дмитрий Казанцев заңнамаға енгізілген жаңа түзетулер туралы айтып берді, 11 Кодекске және 46 заңға барлығы шамамен 700 түзету енгізілді. Атап айтсақ, ШОБ тіркеу рәсімі жеңілдетілді, тұрғын үйлерде дүкендер ашу үдерісі жеңілдетілді. Жеңілдетілген режиммен немесе патентпен тіркелген кәсіпкерлер кассалық аппарат сатып алу үшін жұмсаған шығындардың 60 000 теңгесін өтеу үшін мемлекет өтемақы береді.

Онлайн-БКМ барлық жерде пайдалану талабы 2020 жылдан бастап әрекет ете бастайды. Сонымен қатар, фискалдық чекке қатысты жаңа талаптар қойылады. Енді онда БКМ пайдаланылатын нақты мекен-жай, тауардың бір бірлігінің бағасы, БКМ чегі туралы ақпарат келтірілген сызықша-код болуы тиіс.

Дмитрий Казанцев ISMET.kz тұғырнамасы туралы айтты және кәсіпкерлерге оны пайдалануға кеңес берді. Спикер сайттағы бизнес-кейстердің әртүрлілігін бағалады. Әр кейсте нақты тапсырма қарастырылады және әр жағдай үшін қызметтер мен қосымшалардың белгілі жиынтығын ұсынады, олар: бухгалтерия, салықтар, мемлекеттік қолдау, электрондық құжат айналымы және онлайн-оқыту. Кәсіпкерлер ТҚС, шиномонтаждау, шатханалар, мейрамханалар, емханалар, дүкендер және сұлулық салондары үшін дайын IT-шешімдерді таба алады.

Порталда бизнеске арналған IT-сервистерден басқа, «Қазақтелеком» АҚ барлық клиенттері үшін актілер, шот-фактуралар мен шарттар электрондық түрде қолжетімді. Жеке кабинетте электрондық құжаттарға қол қоюға, жүктеп алуға және қызметтердің ақысын төлеуге болады, бұл бухгалтерлердің жұмысын жеңілдетеді. ISMET.kz тұғырнамасында бизнеске арналған арнайы тарифтері бар телефония, интернет және теледидар қызметтері тапсырыс беру үшін ашық. 

Дмитрий Казанцев ISMET.kz тұғырнамасымен жұмыс жасау мәселелері бойынша Республикалық кәсіпкерлерге көмек орталығына жүгінуге болатынын ресми түрде жариялады. Мамандар тіркеуден өтуге, компанияларды бекітуге, жеке шот ашуға және клиентпен бірге алғашқы сатып алуды жүргізуге көмектесе алады.  

 

 

Пікір жазу

 

0 Комментарии