ISMET.kz тұғырнамасында электрондық түрдегі «О налогах простым языком» кітабы шықты

 

book-gift

 

01.11.2019

 

 

Егер бухгалтер еңбек демалысына шығып кетсе немесе науқастанып қалса, шот-фактураны өз бетінше қалай жазып беруге болады? ЭШФ қай бөлімдері міндетті түрде толтырылуы тиіс?

Авторлар Дмитрий Казанцев және Ирина Иванова әлеуметтік желі арқылы ең көп келіп түсетін, конференциялар мен семинарларда жиі қойылатын сұрақтарды жинап, үлкен оқу құралын жазып шығарды. Фңғайлы болу үшін «Салықтар жайлы қарапайым тілмен: ЭШФ бойынша 150 сұрақ» кітабы электрондық түрде қолжетімді. 

Элеткрондық шот-фактуралардың электрондық жүйесі бірнеше жылдан бері жұмыс жасап келеді, бірақ ЭШФ жасау және рәсімдеу бойынша сұрақтар тіпті кәсіптік бухгалтерлерде де туындайды. Сонымен қатар, заңнамаға жыл сайын өзгерістер енгізіледі. Жаңа трендтерді қадағалауға қалай үлгеруге болады?

Кітапта әртүрлі компаниялардың бухгалтерлерінде күнделікті туындайтын сұрақтарға жауап берілген. «Салықтар жайлы қарапайым тілмен» кітабы кәсіби бухгалтерлер үшін де, жұмысқа жаңа тұрған және бухгалтерлік есепке алуды меңгере бастаған менеджерлер үшін сай келеді.

 

 

 

Пікір жазу

 

0 Комментарии