Қазақстандағы компьютерлік клубтар бекітілген салықтан босатылды

02.03.2020

Мұндай жеңілдіктер осы саладағы кәсіпкерлерге Қазақстандық киберспортшылар федерациясының арқасында беріледі.

2020 жылдың 1 қаңтарына дейін Ойын клубтарындағы әрбір компьютеріне белгіленген салық салынатын. Бекітілген салық ставкалары аймаққа байланысты 1-ден 83 АЕК-ке дейін болатын. Бұл міндеттер әр ойыншының мойнына қаржылық салмақ ретінде түсетін. Бірақ, мұның бәрі енді артта қалды. Жаңа жылдан бастап барлық ойын клубтары салықтың осы түрінен босатылды.

Компьютерлік клубтардың иелері үшін тағы бір жағымды жаңалық бар. Елімізде киберспортты қолдау және дамыту мақсатында «Қазақтелеком» ойын клубтары үшін жаңа бірегей тарифтік жоспарды іске қосты.

 

Осы тарифтік жоспардың бөлігі ретінде сізде порттың өткізу қабілеттілігін екі құрамдас бөлікке бөлетін Интернетке қол жетімділіктің бірегей арнасы болады: Интернетке басымдықты қол жетімділік тек ең танымал компьютерлік онлайн ойындарының серверлеріне 1 Гб / с жылдамдығымен және Интернетке жалпы қол жетімділікпен, Интернет-ресурстарға 100 Мбит / с дейін жылдамдықпен қол жеткізуге болады.