2019 жылғы 1 сәуірден бастап такси жүргізушілері кассалық чектерді беруге міндетті

 

Фотосурет: Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі

 

Ресми тасымалдаушылар өз автокөліктерінде кассалық аппараттар орнатуға тиіс.

1.04.2019

 

Талап қаржы министрінің № 206 бұйрығымен бекітілді. Құжатта басқа қызмет түрлері де көрсетілген, оларды іске асырған кезде кәсіпкерлер деректерді тарату атқарымы бар бақылау-кассалық машиналарды пайдалануға міндетті.

Деректерді тарату атқарымы бар БКМ дегеніміз не?

Бұрын жолаушыларды тасымалдау ережелерінде мынадай талап болатын: «такси көлігі жұмысқа жарамды таксометрмен немесе бақылау-кассалық машинасымен жабдықталады». Осы уақытқа дейін «немесе» тұжырымдамасы жүргізушілерге БКМ сатып алмауға көмектесіп келді, көліктерде тапсырыстарды қабылдап, жол жүру құнын есептейтін таксометрлер немесе ұялы қосымшалар орнатылды. Енді БКМ әр көлікте міндетті түрде орнатылуы тиіс. 

Бірақ 1 сәуірден бастап кассалық аппараттар такси жүргізушілеріне ғана керек болмайды. Бұл норма басқа қызмет түрлеріне де қатысты болады. Толық тізімді қараңыз.

Онлайн-БКМ нарығы орасан зор. Олардың көптеген түрлері бар, сондықтан жаңадан келген жүргізуші оңай шатасып кете алады. Біз өз материалымызда БКМ қалай таңдауға болатыны және қай жерде сатып алуға болатыны туралы, ҚДО дегеніміз не, бақылау-кассалық машинасын қалай тіркеуге болады және ол не үшін қажет екендігі туралы өз материалымызда жазған болатынбыз. Біздің порталымызда дайын шешімдер бар, олар: ұялы құрылғыларда жұмыс жасай алатын және дәстүрлі кассаның атқарымдарын орындай алатын Smart Online KKM және Webkassa. Мұндай қосымшалар қалай жұмыс жасайтындығы және қанша тұратындығы туралы осы жерден оқыңыз. Біздің порталымыздан тікелей тапсырыс беріңіз.

 

 

Пікір жазу

 

0 Комментарии