Астанамызда кәсіпкерлер үшін бизнес-квест өтті

 

28.06.2019

 

Іс-шара ISMET.kz тұғырманасының атқарымымен және мүмкіндіктерімен танысу үшін ұйымдастырылды. Егер бұрын іс-шаралар конференциялар мен көрсетілімдер форматында өткізілсе, қазір «Қазақтелеком» АҚ бұл іс-шараны іскерлік ойын түріндегі жаңа форматта ұйымдастырды.

Іс-шараны «Қазақтелеком» АҚ-ң бизнес-шешімдер және ақпараттық коммуникациялар департаментінің директоры Қуат Сандалов ашты. Квестке шатханалардың, мейрамханалардың, кондитерліктердің, ивент-агентттіктердің және логистикалық компаниялардың иелері келді.

 

 «Қазақтелеком» АҚ бизнес-шешімдер және ақпараттық коммуникациялар департаментінің бас менеджері Динара Байдельдинова:

— Біз жарыс түріндегі ойынды ұйымдастырдық. Ойын үш сайыстан тұрады. Бірінші сайыста барлық командаларға бірдей бизнес-кейстер берілді және тапсырмаларды шешу үшін ұсынылған уақыт ішінде олар сай келетін IT-сервистерді және біздің тұғырнамамызда келтірілген қызметтерді іріктеп алуға тиіс болды. Орташа есеппен әр команда шамамен   20 сервисті іріктеп алды. Тапсырмада бір де бір дұрыс шешім жоқ, себебі барлық шешімдер дұрыс, сондықтан командалардың нәтижелері одан да үлкен пікірталас тудырды.

Екінші сайыста командалар екі IT-сервисті сатып алу жылдамдығы бойынша жарысты. Үшінші сайыста қатысушылар сервистермен жұмыс жасауға тиіс болды, олар: «Менің есепке алуым» қосымшасында шот-фактура қалыптастыру, «Қазақтелеком» ұсынған актті ISMET.kz жеке кабинетінде жүктеп алу және Qoovee сауда алаңында өтінімді жасау.

Іс-шараның осындай форматы кезінде аудиторияның қатысу деңгейі жоғары, қатысушылар тұғырнаманың атқарымын, қызметтерді іздеу мен тапсырыс беруді іс жүзінде байқап көрді. Бизнес-қосымшалар нақты тапсырмаларды қалай шешетінін кәсіпкерлер өз тәжірибесімен  сынап көрді.

 

Анар Аманбаева, Inclair кофеханасы:

— Шынымды айтсам, мен осыншама қызықты іс-шараға алғаш рет қатысып отырмын. Кәсіпкер ретінде мен үшін «барлығы біреуінде» қызметтер кешенін көру өте жақсы болды, себебі керектінің барлығы бір пакетте ұсынылған. Бизнеспен біраз жылдан бері айналысып келе жатқан менің таныстарым осы тұғырнаманың қызметтерін міндетті түрде пайдаланатын болады деп ойлаймын.  

Әйгерім Бегайдарова, ивент-агенттіктің иесі:

— Бізде бизнеспен байланысты барлық қызметтерді біріктірген отандық тұғырнама пайда болғанына мен өте қуаныштымын. Бұл жұмыс барысын айталықтай жеңілдетеді және жеделдетеді. Біздің агенттігіміз әртүрлі іс-шараларды ұйымдастырады. Осы тұғырнаманың арқасында біз өзімізге керек заттарға сауал жасай аламыз, пікірлер жинай аламыз және өзімізге сай келетін жеткізушілерді таңдай аламыз.  

Тауарларды сату мен сатып алудан басқа, қызметтерге тапсырыс беруге, жаңа байланыстарды орнатуға және үздік бизнес-консультанттардан кеңес алуға болатыны да өте ыңғайлы.

 

Евгения Гисик, «ICS» ЖШС: 

— Іс-шараны қызықты етіп ұйымдастырғандарыңызға рахмет! Біз өзіміз де бизнес-іс-шаралардың спикерлері мен қатысушылары болып табыламыз, бизнес-таңғы астарын өткіземіз. Квест түрінде ұсыну әрдайым ұтымды. Тұғырнамаңыздың одан әрі дамуын, шетелдік компаниялармен және тұғырнамалармен ынтыматастық орнатуыңызды тілеймін. Біздің кәсіпкерлеріміз цифрландыру қаншалықты өзекті, оңай және қарапайым екенін түсінуі тиіс.  

ISMET.kz — бұл қазақстандық кәсіпкерлердің қажеттіліктері үшін арнайы әзірленген тұғырнама. Тұғырнамада бизнесмендерге арналған заманауи IT-шешімдер, бизнесті жүргізу бойынша, мемлекеттік қолдау көрсету бойынша тегін консультациялар, жаңалықтар мен мақалалар жинақталған.

Порталдың көмегімен «Қазақтелеком» АҚ телекоммуникация қызметтерін ЖК мен заңды тұлғаларға арналған тарифтер бойынша қосу мүмкіндігі бар. Ал шот-фактуралар, акттер мен шарттар ISMET.kz жеке кабинетінде электрондық түрде қолжетімді. Сол жерде құжаттарға қол қоюға, жүктеп алуға және қызметтердің ақысын төлеуге болады.

Бизнесмендерге арналған осындай форматтағы іс-шаралар жақын айларда Алматы және Ақтау қалаларында өтеді.

 

 

Пікір жазу

 

0 Комментарии