Алматылық кәсіпкерлердің коммуналдық төлемдер бойынша берешектері кешіріледі

Дидар Садыков
ismet-ке шолу
Новость
0 пікірлер
4531
0 пікірлер

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жергілікті бизнес қауымдастығын қолдаудың жаңа шаралары туралы хабарлады.

Шағын және орта бизнеске қандай көмек көрсетілмек:

  • Базарлар мен сауда орталықтарын жалдайтын кәсіпкерлерге жалдау ақысынының 30%-н көмекақы ретінде беру.
  • Орта бизнес шығындарын қаражаттандыру.
  • Коммуналдық төлемдерді толық көлемде қаражаттандыру.
  • Мемлекеттік және мемлекеттік сыңайлы мүлікті жалға алудан босату.
  • Қоғамдық жұмыс орындарын құру.

Сонымен қатар, республикалық деңгейде бірқатар қолдау шаралары дайындалады. Бұл – тыйым салынған немесе шектеулі салалардағы кәсіпорындар үшін салықтар мен төлемдерден, тыйым салынған немесе шектеулі салалардағы қызметкерлерге әлеуметтік төлемдерден босату, салықтардың барлық түрлерін төлеуді, несиелерді төлеуді кейінге қалдыру және т.б.

Алматы қаласының басшысы Бақытжан Сағынтаев кәсіпкерлерді қолдау шаралары бизнес қауымдастықпен және «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге талқыланып жатқанын нақтылап айтты.

Ескере кетсек, Алматы қаласының кәсіпкерлеріне көмектесуге бағытталған мұндай позитивтік ынталандыру шаралары жаңадан енген карантиндік шектеулердің салдарына байланысты болып отыр. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Алматы қаласының санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің кезекті карантиндік режимді енгізу туралы бұйрығын тым қатал деп атады. Палата өкілдерінің айтуынша, әртүрлі қоғамдық мекемелердің жұмысын 27 наурыздан 12 сәуірге дейін тоқтату - «іс жүзінде барлық қызметке тыйым салу» дегенді білдіреді.

Осыдан кейін президент шағын және орта бизнес үшін салық төлеуді кейінге қалдыру мәселесін пысықтауды үкіметке тапсырды. Мелекет басшысы салық және кедендік қарыздарды мәжбүрлеп өндіріп алуды тоқтата тұруды бұйырды.

 

Құралай Әшімова

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін