«Қазақтелеком» АҚ-ның қызметтері бизнесті банкроттықтан қалай құтқарады?
Дидар Садыков
Обозреватель в ismet
Статья
0 комментариев
2707
0 комментариев

Жуырда еліміздің телекоммуникация алыбы корпоративті клиенттерге өзінің ақпарат орталықтарында Microsoft Azure бұлттық қызметтерін ұсынған нарықтағы алғашқы компания болды.

«Қазақтелеком» АҚ-ның ақпаратты жүйелер дирекциясының мәліметінше, мұндай қызметтер компанияларға өздерінің құпия деректерін Microsoft Azure бағдарламасының бұлттық қызметтерінде қауіпсіз сақтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, деректерді көшіру қызметі «Қазақтелеком» клиенттерінің маңызды деректері бүлінген, жойылған немесе жоғалған жағдайда оңай қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Корпорация басшылығының хабарлауынша, осындай қызметтердің арқасында бизнес - шағын бизнестен бастап ірі ұйымдарға дейін – банкроттықтан және үлкен шығындардан қорғалады. 

«Деректердің айтарлықтай мөлшері жоғалған жағдайда шағын фирманың банкроттыққа ұшырауына және ірі компанияларды үлкен шығындарға әкеп соқтыруы мүмкін. Әр түрлі зерттеулер мен сауалнамалардың көрсеткіші бойынша, деректердің көп мөлшері жоғалса, бизнестің тек 6%-ы ғана аман қалады, 43%-ы ешқашан жұмысын әрі қарай жалғастыра алмайды, ал 51%- екі жыл ішінде жұмысын мүлдем тоқтатады екен. Сондықтан, біз өз клиенттеріміз үшін Microsoft техналогиялары негізінде деректерді қосалқы көшіру және апаттық түрде қалпына келтіру бойынша кешенді шешім ұсынамыз. Біздің жаңа өнім қарапайым, қауіпсіз, кеңейтілген және өте үнемді болып табылады. Сондай-ақ, оны жергілікті дерекқорды қорғау жүйелерімен біріктіруге болады». - деген ақпаратпен «Қазақтелеком» АҚ бас төрағасы Қуанышбек Есекеев бөлісті.

Жаңа қызметке қосымша ретінде Қазақтелеком Microsoft техналогиялары негізінде басқа да бұлтты бизнес шешімдерін ұсынады. Ақпараттық технологиялар нарығындағы екі ірі компанияның ынтымақтастығы арқасында Microsoft Exchange, MS Project, MS Project бағдарламалық жасақтама лицензиялары, Windows хостингі және тағы басқа деректерді сақтайтын бірқатар қызметтер сәтті жүзеге асырылды. «Оffice 365» өнімі іске асыру сатысында. Осылайша, ақпарат орталықтарының дәстүрлі қызметтерімен қатар қазақстандық оператор заманауи ІТ шешімдерін әзірлеуде. Сонымен қатар, бұлттық технологияларды қазақстандық нарыққа енгізуге аса назар аударып отыр.

«Бұлттық технологиялар – заманауи ақпараттық, әлемдегі ең сұранысқа ие және қарқынды түрде дамып келе жатқан бағыт. Қазіргі таңда бұл тек бизнестің ғана қалауы емес, барлық елдердің кәсіпкерлері үшін аса маңызды қажетіллік. Кезінде әлемдегі бағдарлама жасақтамасының ең алыбы - Microsoft корпорациясымен ұзақ мерзімді стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге келгенімізге қатты қуанамыз. Бірнеше жыл ішінде біз виртуалдандыруды және ондағы жаңа инновациялық шешімдерді кеңейтуді белсенді түрде қамтамасыз ете отырып, отандық бұлттық технологиялар нарығын бірлесе дамытып келеміз». – дейді «Қазақтелеком» АҚ-ның инфокоммуникациялық технологиялар жөніндегі бас директоры Марат Әділдабеков.

«Қазақтелекомның» жаңа бұлттық қызметтеріне арналған тарифтердің икемді жүйесі клиенттерге бизнестің белгілі бір түріне қатысты ең тиімді және қолайлы пакеттерін алуына және арнайы ұсыныстарды өз бетінше таңдауға мүмкіндік беретіндігін айта кеткен жөн. Сонжай-ақ, «Қазақтелеком» АҚ–ның Azure бұлттық қызметтерін пайдаланушыларға техникалық қолдау көрсетудің бір бөлігін компания өз мойнына алады.  Microsoft, өз кезегінде, қазақстандық кәсіпкерге жоғары сапалы қызмет көсетуге және деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кепілдік береді.

Поделиться этой новостью:
Комментарии
Авторизуйтесь, Пікір қалдыру үшін