Мемлекет зардап шеккен бизнеске қалай көмектеседі? "Атамекен" ҰКП айтып береді.
_________________________
Обозреватель в ismet
Новость
0 комментариев
3220
0 комментариев

Залал шығынын өтеу қалай жүргізіледі?

 

  1. Кәсіпкер өтінімді, қажетті құжаттармен қоса, InfoKazakhstan.kz порталы арқылы жібереді және ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қояды.

  2. Осыдан кейін өңірлік комиссия өтінімді қарайды, соманы бөлу туралы шешім қабылдайды.

  3. Мемлекеттік бюджеттен зардап шеккен кәсіпкердің пайдасына ақша қаражаты аударылады.

Сома қалай есептелінеді?

Келтірілген залалдың 3 түрі бойынша залал шығыны айқындалады:

  1. Жылжымайтын мүлік бойынша;

  2. Бүлінген жылжымалы мүлік және жабдық бойынша;

  3. Ұрланған тауарлар бойынша.

Қазір ҰКП-да залалды өтеу сомасын айқындау тәсілдерін талқылануда.

Залалды өтеу туралы шешім қалай қабылданады?

Жақын арада кәсіпкерлерге келтірілген залалды өтеу тәсілдері қабылданатын болады. Құжат жобасы мемлекеттік органдарға жіберілді.

Өтінімді қашан және қайда беруге болады?

Өтінімдер InfoKazakhstan.kz порталында қабылданады.

Сонымен қатар, "Атамекен" ҰКП төтенше жағдай кезінде зардап шеккен бизнесті одан әрі қолдау бойынша Үкіметке ұсыныстар пакетін дайындауда.

Поделиться этой новостью:
Комментарии
Авторизуйтесь, Пікір қалдыру үшін