Жер телімдерін жалға алу процесі бизнес үшін жеңілдетіледі
Құралай Әшімова
Обозреватель в ismet
Новость
0 комментариев
92
0 комментариев

Кәсіпкерлер палатасының астаналық кеңесі
отырысында 
бизнес және қала әкімі нені талқылады?

 

Елордада жер телімдерін жалға алуға арналған өтінімдерді қарау рәсімін оңайлату бойынша арнайы жобалық кеңсе ұйымдастырылады. Мұны Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі ұсынды.

Бұл отандық кәсіпкерлер үшін қазіргі кездегі ең өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Кәсіпкерлердің көбісі маусымдық кезде жоғары сұранысқа ие, сондай-ақ жабық залдардың тек 50% толтырылуына  рұқсат етілген шектеулерге байланысты жазғы кафелерді ұйымдастыру үшін жер  телімдерін жалға алуға қызығушылық танытып отыр.

Алайда бизнес адамдарына жер телімдерін жалға алу процесінің ұзаққа созылғаны ұнамай, көбісі мұндай ойдан бас тартып жатыр. Сондықтан жазғы алаңдарды орналастыру мәселелерін жедел қарау мақсатында Жобалық кеңсе ұйымдастыру ұсынылды.

Осы мәселеге қызығушылық танытқан жалға алушылардан "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының өңірлік өкілдігіне тікелей хабарласуды сұрайды.

Сонымен қатар отырыста туристік саланы дамыту мәселелері талқыланды. Тіпті елордада Қолөнер орталығын құру ұсынылды. Іс-шараға қатысушылардың ойынша, бұл шара шеберлерді бір алаңда шоғырландыру арқылы елордаданың туристерді тарту орталығына айналуына, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. «Сонымен қатар отандық шеберлердің кәдісай өнімдері қалалық жәрмеңкелерден үлкен орын алып, жиі сатылатын болады»,- деп есептейді іскер әйелдер кеңесінің төрағасы, Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі Бағила Бисембаева.

Бірақ Қазақстанда қолөнершілікті дәріптейтін бастамалар аз емес. Жақында сала өкілдері hand-made тауарларды сататын бірыңғай интернет-дүкеннің жақын арада іске қосылатыны туралы хабарлады. Осы интернет-дүкен қолдан жасалған қазақстандық өнімдердің сатылуын ілгерлетеді, сондай-ақ қолөнершілердің орташа табысын жылына 150 млн теңгеге дейін үш есеге арттырады.

15.08.2021, 12:11
Мой учет.kz
Онлайн-учет для предпринимателей, работающих по упрощенной декларации. Всегда актуальные формы документов. Автоматическое формирование платежных поручений для налогов.

Кірісті қалай дұрыс есепке алуға болады? Мында қараңыз: 
https://www.ismet.kz/ru/services/service-698-moy_uchetkz

 

"Орталықтың онлайн-дүкенінің басты мақсаттарының бірі - сату мен пайда көлемін ұлғайту ғана емес, сонымен қатар қазақстандық шеберлердің жеке қолөнер брендтерін іске қосу мүмкіндігі. Бастапқы инвестициялар шамамен 600 мың теңгені құрады. Бірақ сайт әлі әзірлену үстінде. Сондықтан инвестициялардың жалпы сомасы кемінде 1,5 млн теңгені құрайды деп ойлаймыз",- деді Qazaq-Oner компаниясының басшысы Айгүл Жансерікова.

Маркетплейс әзірлену сатысында. Қазақстандық қолөнер одағының өкілдері нарық ойыншыларының онлайн-сатудың жаңа деңгейіне шығуға әлі дайын еместігін алға тартады.

Біріншіден, логистика сапасының төмендігіне, тауарлардың hand-made сертификаттаудан өтуіне, сондай-ақ шетелдік тапсырыс берушілерден аударымдар үшін жолға қойылған төлемдер жүйесінің болмауына байланысты.

 

Клиенттермен және серіктестермен онлайн бірге жұмыс істе: 
https://www.ismet.kz/ru/services/service-3768-sed

 

Осы себепті көптеген қолөнершілер өз бетінше жұмыс істеуді жалғастыруда. Олар өз тауарларын әлеуметтік желілердегі парақтары арқылы сатады. Сарапшылардың бағалауынша, кейбір шеберлер жылына 65 млн теңгеге дейін айналым жасап, табыс табады екен. Бұл кәсіптің осы түрі өте табысты және өндіріс ауқымы түбегейлі жаңа деңгейге жетуі керек дегенді білдіреді. Алайда нарық драйверлері көлеңкеде қалуды жөн көреді. Мүмкін олар бизнес жүргізу негіздерін білмегендіктерінен немесе күрделі процестерге енгісі келмейтіндіктерінен шығар.

 

Бизнес-процестерді қалай жеңілдетуге болады? Мында қараңыз:
https://www.ismet.kz/ru/services.html

 

Қолөнершілік шағын және орта бизнес секторына жатады. Демек, сала өкілдеріне салық есебін жүргізу, кассалық аппараттарды және бизнес үдерістерді жүргізуді оңайлату үшін басқа да қызметтерді сатып алу қажет. Сонымен қатар жаңа іс бастаған кәсіпкерлер алдымен үй-жайды жалға алып, оған коммуникация жүргізулері керек. Өйткені, қазір интернетсіз тіпті әлеуметтік желілерде де ешқандай тауарлар сата алмайтыныңыз белгілі. Барлық аталған қызметтерді, сондай-ақ бизнесті жүргізу мәселелері бойынша көмек пен түсініктемелерді ISMET.KZ сайтынан табуға болады.

Қорытындылай келе, Қазақстан қолөнершілер Одағының төрағасы Айжан Бекқұлованың саланың даму көрінісі туралы пікірін алға тартайық. Ол шағын және орта бизнестің толыққанды түрі ретінде қолөнер өнерін дамытудың арнайы бағдарламасын жасау қажет деп есептейді. Нақты өндірісті ұйымдастыру қажет: шеберханалар мен арнайы сайттар. Төлемдер мен аударымдарды қабылдаудың жұмыс істейтін жүйесі, жолға қойылған үздіксіз логистикалық жүйе және заманауи әрі түсінікті сайт-дүкен қажет. Өйтпейінше, отандық шеберлердің табысы фестивальдер немесе жәрмеңкелер өткізу сияқты бір жолғы акциялармен шектеліп қалып, күні қараң қалады.  

Егер сіз отандық қолөнершілер қатарына жатсаңыз, сіздің ісіңіз алға басу үшін не қажет екенін түсініктемеде жазуыңызды өтінеміз.

Поделиться этой новостью:
Комментарии
Авторизируйтесь, чтобы можно было оставлять комментарии