Біздің тауарларымызды қалай қаптайды?

 


 

Клиенттің тауарға қатысты келісім-шарты қаптамадан басталады. Егер қаптама таза, жақсы көрінетін және ұстаған кезде жағымды болса, онда сатып алушы мұны лезде бағалайды. Кәсіби дизайнерлік бюроларда әзірленген қаптамалар тіпті сатылымдардың ұлғаюына әсер етуі мүмкін. Қаптама – біз дүкенде бірінші болып көретін нәрсе. Тауарды ашқан кезде біз қаптаманы лақтырып тастаймыз.

Бірақ тауар супермаркеттің сөресіне тиісті қаптамада түсу үшін жауапты өндірушіге қандай қиыншылықтан өтуге тура келеді? Шикізат қайдан жеткізіледі? Қазақстанда неліктен қарапайым тауарлық қаптама кесімді бағаға осынша әсер етеді? Жылдам түсіндіріп көрейік.

 

Қазір Қазақстанның нарығында қаптаманың қандай типтері өзекті?

Полимерлік. Полимерлік қаптама нарық сыйымдығының 20-25% қамтиды. Оның өсімі тұрақты түрде ұлғайып келеді.

Қағаз. Қағаз қаптаманың өндірісі тұтынушылар сұранысының 80-85% қамтиды.

Шыны және металл. Көп бөлігі импортталады. Қазақстандық өндірушілерді нарықта ұсынылатын қаптаманың сұрыптамасы қанағаттандырмайды.

 

Қазақстандағы қаптама индустриясы неліктен мәселелерге толы?

Қазақстандық қаптама индустриясының ең үлкен мәселесі – импорттық шикізатқа тәуелділік және жоғары кедендік баждар. Девальвациядан кейін импорт қымбаттай түсті.

Отандық қаптамашыларға пропиленді шығаратын қытайлық өндірушілер тарапынан қысым көрсетілуде. Олардың өнімі нарықты арзан материалмен толтырды, бірақ олардың сапасы үшін жауапкершілікті ешкім өз мойына алмайды. Сынақ хаттамаларында формальдегид нормадан  19 есе артық екені көрсетілген.

Қағаз қаптамасының өндірісі өңделген қағаз бен макулатураның тапшылығынан зардап шегіп келеді. Кәсіпкерлер сығымдалған күйдегі макулатура шетелге бақылаусыз шығарылуда деп шағымданады.

 

Қазақстанға барлығын шетелден әкеле ме?

Қазақстандық өндірушілер нарықты заттаңбалармен, преформалармен, қақпақтармен, картон қорапшалармен, кеңірдектенген қаптамамен қамтамасыз етеді. Ал жоғары технологиялық қаптаманы – күрделі полиграфияны, шырындарды құюға арналған пакеттерді, металл және күрделі полимер қаптаманы шетелден тапсырыс беріп алдырады. Қаптаманың басым бөлігін Қытайдан және Ресейден әкеледі.   

 

Біздің өндірісіміз сұранысты қамти алмай ма?

Қазақстанда полимерлік қаптаманың өндірісі 30%-ға төмендеді. Біздің қаптама нарығымыз ресейлік қаптама нарығынан 25 есе кем және украиналық қаптама нарығынан 4 есе кем.

Павлодарда қуаттылығы 70 000 тоннаны құрайтын «Нефтехим LTD» полипропилен өндіру зауыты жұмыс жасайды. Бұл – еліміздегі ең ірі өндіріс. Түсінікті болу үшін: Қазақстанда полимерлерді жыл сайын тұтыну көлемі 300 000 тоннаны құрайды.

 

Қаптамаға қатысты әлемдік ауқымдағы ахуал қандай?

Дүниежүзілік қаптама ұйымының деректері бойынша, соңғы 10 жыл ішінде қаптама индустриясының әлемдік айналымы 50%-ға ұлғайды. Қаптама жабдығының сатылымдары $25 млрд деп бағаланады.

Индустрия орнында тұрған жоқ. Жаңа материалдар ойлап шығарылуда мен дизайнерлік шешімдер қабылдануда, технологиялар жетілдірілуде, яғни жабдықтар да жетілдіруде. Қаптама өнімінің өндірісі ғылымды қажетсінетін салаға айналды. Автомобильдерді шығару үшін пластик көбірек пайдаланылуда. Қаптамаға деген ең үлкен сұраныс АҚШ-та, Қытайда және Үндістанда. 

 

Шешім бар ма? Импорттың тікенегінен қалай секіріп түсуге болады?

Шешім бар — өз өндірісімізді іске қосуымыз керек. Атырауда интеграцияланған газ-химия кешенін (ИГХК) іске қосу жоспарлануда. Ол дайын болған кезде біздің өндірушілеріміз шикізатты анағұрлым төмен бағамен сатып ала алады. Қазақстан полимерлік өнімді экспорттай алады. Егер барлығы жақсы өтсе, онда полипропиленнің өндірісі 2020 жылы басталады.

 

Қорытындылайық.

ҚР-да тұтынушылық қаптама нарығының мәселелері:

  • импорттық өніммен салыстырғанда өнім сапасы төменірек;
  • технология мен жабдық әлсіз дамыған;
  • өзіндік шикізат жоқ;
  • қаптаманың ерекше түрлері жоқ;
  • біліктілігі жоғары мамандар жеткіліксіз.

Полимерлік өндіріс іс жүзінде жоқ. 2010 жылы ИГХК құрылысы басталды, бұл – Атырау қаласында орналасатын интеграцияланған газ-химия кешені. Ол қаптаманың отандық өндірушілеріне шикізатты шетелмен салыстырғанда арзанырақ етіп сатып алуға және тіпті экспортқа жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

 

 

Пікір жазу

 

0 Комментарии