Неліктен бизнес мемлекеттік бағдарламаларға қатысқаны жөн?

 


 

Кәсіпкерлерге өз ісін кеңейтуге немесе ісін жаңадан бастауға көмектесу үшін мемлекет қолдау көрсету бағдарламаларын әзірлейді.

Кейбір бизнесмендер қорлардан немесе банктерден ақша алу қиын екенін, қатал іріктеуден өтіп, шешімді бір ай күту қажет екенін айтады. Олар құжаттарды талап етеді, несиелік тарихты тексереді, барлығы осы рәсімдерден өтеді.

Бұл материалда біз мемлекеттік бағдарламадан неге қорықпаған жөн екенін түсіндіреміз және сіз банктегі консультанттар сізді азапты сынақтарға ұшыратқысы келмейтінін түсінесіз. Қазақстанда шағын және орта бизнес ЖІӨ-ң 20%, ал басқа дамыған елдерде 70-80% қамтиды. Сондықтан мемлекет елде бизнестің өсуіне мүдделі.

 

Нарықтық мөлшерлемеге қарағанда тиімдірек

Мысалы, «Еңбек» бағдарламасы бойынша несиені жылдық 6%-бен рәсімдеуге болады. Бұл нарықтық мөлшерлемеден айтарлықтай төмен. Несие алушы несие беру туралы арызды қарастыру немесе рәсімдеу үшін комиссия да төлемейді. Басқа бағдарламалар бойынша өңірлердегі 7-8,5%-бен несие алуға болады. Бірақ әр несиені беру үшін кепілзат талап етіледі.

 

Кепілзат

Кепілзат ретінде бола алады:

  • сатып алынатын мүлік,
  • жылжымайтын мүлік,
  • көлік,
  • «Даму» кепілдігі.

 

Егер кепілзат жеткіліксіз болса

«Даму» қоры бұл жағдайда да көмектесуге дайын. Қор сіз несие рәсімдейтін банкке кепілдік бере алады. Кепілдік несиеге алынатын қаражаттың 50% қамтиды. Стартаптар үшін кепілзаттың 15% ғана қамту арқылы несие алуға болады, қалғанын «Даму» кепілдігі қамтиды. 

 

Бизнестің барлық салаларына арналған несиелер

«Даму. Өңірлер III» бағдарламасы бойынша несиелерді ауыл аймақтарындағы, моно- және шағын қалалардағы кәсіпорындар «Бизнестің жол картасы» субсидиясының көмегімен ала алады.

Алматы қаласында тіркелген және жұмыс атқаратын компаниялар үшін жылдық 7%-бен «Жібек жолы» бағдарламасы ұсынылады. Осыған ұқсас бағдарламалар әр өңірде жұмыс жасайды. Айырмашылығы пайыздық мөлшелемелерінде және несиенің көлемінде ғана.

ШОБ субъекттерін өңірлік қаржыландыру бағдарламасы жергілікті бюджеттерден қаржыландырылады. Ол бойынша несиелер артықшылықты салалардағы жобаларға беріледі. Әр өңір үшін өз салалары бар. Мысалы, Мысалы, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары үшін – қызметтер көрсету, қоғамдық тамақтану, туризм, сауда-саттық салалары; Оңтүстік Қазақстан үшін – өңдеу өнеркәсібі; Қызылорда немесе Павлодар облыстары үшін – ауыл шаруашылығы. 

 

Жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға арналған несиелер

«Еңбек» бағдарламасы бойынша шағын бизнес ғана емес, сондай-ақ жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтушылар да несие ала алады. Егер сіз Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау немесе Атырау қалаларында жұмыс жасайтын болсаңыз, онда несиенің максималды сомасы 8 000 АЕК-ден  аспауы тиіс. Басқа қалаларда жұмыс жасасаңыз, 6 500 АЕК-ден аспауы тиіс. Несиені жылдық  6%-бен 7 жылға алуға болады.

 

Гранттар

Гранттарды мемлекеттік органдар, қорлар, ұлттық компаниялар және екінші деңгейлі банктер «Бизнестің жол картасы» бойынша береді. Гранттар ақысыз негізде беріледі.

Комиссия сіздің өтініміңізге қаржылық, технологиялық және құқықтық сараптамалар жүргізеді. Сіздің жобаңызды басқа ұқсас жобалармен салыстыру үшін технологиялық сараптама жүргізіледі. Қаржылық-экономикалық сараптама кезінде жобаңыздың экономикалық оңтайлылығы, бәсекеге қабілеттілігі, маркетингтік стратегиясы және жұмыстардың мерзімдер бойынша бөлінуі бағаланады. Құжаттардың заңнамаға сәйкестігін тексеру үшін құқықтық талдау қажет.

 

Бизнес-жоспар

Бизнес-жоспарға шикізатты қайда және қандай бағамен сатып алуды жоспарлайтыныңызды жазасыз. Сіз бәсекелестер мен тұтынушыларды зерделеуге тиіссіз. Несие берер кезде банк бизнес-жоспарға ғана емес, сондай-ақ несие алушының жұмыс тәжірибесіне де қарайды. Банктегі және «Даму» қорындағы консультанттар сізге бизнес-жоспар жазуға көмектесуге дайын және бұл тегін.

Біздің «Қазақстанда жасалды» тарауымызда Self-made stories шығарылымдарын қараңыз. Біз бизнестерін өз бетінше ашып, оны табысты жүргізіп жүрген бизнесмендер туралы айтамыз. Олардың көбісі «Даму» желісі бойынша банктік несиелерді пайдаланды. Олар бастан өткізген оқиғаларды тыңдаңыз.

 

 

Пікір жазу

 

0 Комментарии