Неліктен көптеген кәсіпкерлер онлайн-бухгалтерияны пайдалануда?

 


 

Бірақ кеңсені жалдауға да үлгермеген шағын компаниялар не істей алады? Қаржылық есепті тапсыру керек, ал есеп мерзімінен кешіктірілгені үшін айыппұлдар төлеу ешкімге ұнамайтыны сөзсіз. Ал сіз есепке алуды ешқашан жүргізбесеңіз және оны қалай бастау керектігін білмесеңіз, не істеуге болды?

 

Онлайн-бухгалтерия

Әр мәселенің шешімі бар, демек, бүгінгі күні IT-нарығы күн сайын жаңа өнімдерді ұсынады және ақпараттық технологиялар барлық салаларға енуде. Бухгалтерлік IT-сервистер есептеулерді өздері жүргізеді, есептер мен аналитиканы автоматты түрде қалыптастырады. Қосымша төленбеген шоттар туралы есіңізге салады, салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді өз бетінше есептейді, есептерді салық органына қашан тапсыру керектігі туралы хабарлайды. Қажетті нысандары заңнамаға сәйкес өзекті күйде жүйеде әрдайым болады. Сіз кез-келген уақытта телефон арқылы маманнан консультация ала аласыз.  

 

Артықшылықтары

Онлайн-бухгалтерия жүйелері – толыққанды құралдар, солардың арқасында бухгалтерияны өз бетінше жүргізуге болады. Мүмкін, жеке бухгалтерді жұмысқа қабылдау қажеттілігі де туындамас.

 

Онлайн-касса

Кейбір кәсіпкерлер мобильді кассаларды пайдалануды бастап кетті. Мобильді касса смартфонда жұмыс жасайтын кәдімгі қосымша болып табылады, бірақ ол кассалық аппараттың барлық қажетті атқарымдарын орындай алады. Оның артықшылығы мынада: мұндай кассамен қаланың кез-келген нүктесінде және қаладан тыс жерде жұмыс жасауға болады. Сонымен қатар, қосымша есептерді оператордың фискальдық деректер серверіне өз бетінше жібере алады.

 

Сай келетін бухгалтерлік сервистерді біздің порталымызда «Қызметтер» бөлімінде табуға болады. Олар қымбат емес және ұтымды. Мұндай серверлер пайдалы болады:

  • өз бухгалтері жоқ стартаптерлерге,
  • «жеңілдетілген» режимде жұмыс жасайтын кәсіпкерлерге,
  • әртүрлі себептер бойынша қаржы маманысыз жұмыс жасауға мәжбүр кез-келген фирмаларға.

Әр сервиске техникалық қолдау көрсетіледі. Кейбір сервистер үшін тегін сынамалы кезең ашық. Бухгалтерияны өз бетіңше жүргізуге болатынына көз жеткізіңіз! Сол кезде сіз мақаланың тақырыпшасына қатысты жауап таба аласыз.

 

 

Пікір жазу

 

0 Комментарии