2020 жылдан бастап онлайн-кассалар міндетті болады. Онлайн-кассалар «бизнесмен – салық органы» қарым-қатынасында өзекті рөлді атқаратын ФДО-сыз мүмкін емес.
ФДО — бұл фискалдық деректер операторы. Касса арқылы сатылым өткеннен кейін ФДО-ға мәміле туралы мәліметтер жолданады. ФДО-ң тапсырмасы – деректерді қабылдау, сақтау, жүйелендіру және мемлекеттік кірістер органдарына жолдау. ФДО қауіпсіздікті қамтамасыз етеді: кассалық операциялар бойынша мәліметтер қорғалған арна арқылы өтеді, яғни кассалық операциялар туралы деректерді ұстап қалу және оларды заңсыз меңгеру мүмкін емес.
Тақырып бойынша материал: Онлайн-кассалар дегеніміз не, олардың қандай түрлері болады және сай келетінін қалай таңдауға болады?
Иә, «Қазақтелеком» мұндай мүмкіндікті береді. Қызмет құны айына 4 999 теңгені құрайды, бұл сомаға ФДО пайдалану үшін ай сайынғы абоненттік төлем енгізілген. Толығырақ ақпаратты «Қазақтелеком» АҚ-ден БКМ жалға алу деп аталатын біздің кейсімізден қараңыз.
Кассалар кәдімгі электроника дүкендерінде сатылмайды. Онлайн-кассаларды сіз біздің порталымыздағы БКМ қайдан тиімді сатып алуға болады? тарауынан таңдай аласыз.
ТҚКО — бұл кассалық машиналарға техникалық қызмет көрсету орталығы. Мұндай ұйымдарда кассалық аппараттарды сатады, қызмет көрсетеді және тіркеуден өтеді. Біздің өңіріміздегі ТҚКО тізімін осы жерден қараңыз.
Біріншіден, егер аппарат 2019 жылы сатып алынса, онда ақшаңызды қайтарып алуыңызға болады. Мұны қалай жасау керектігін біздің Кәсіпкерлер үшін салықтық өтемақы мақаламыздан оқыңыз.
Екіншіден, кассаны ФДО порталында тіркеу қажет.
Тақырып бойынша материал: Кассаны 2019 жылы сатып алғандарға арналған салықтық өтемақы
Алдымен ХҚКО-да электрондық цифрлық қолтаңбаны алыңыз. Егер ол болса, oofd.kz порталына кіріңіз, «Тіркелу» батырмасын басыңыз және қадамдарды орындаңыз. Толығырақ нұсқаулық осы жерде келтірілген. Тіркеуге қатысты кез-келген мәселелер бойынша ФДО техникалық қолдау бөліміне 8 8000 8000 51 телефон нөмірі бойынша хабарласыңыз.
Аппаратты ТҚКО-да тіркеуге болады.
Кассалық аппаратты ЭЦҚ-сыз тіркеуге болмайды.
Мұндай жағдайда касса автономиялық режимге ауыстырылады. Техникалық жұмыстар аяқталған кезде байланыс қалпына келеді және касса әдеттегі режимге автоматты түрде оралады.
ФДО серверінде жұмыстар орындалған кезде, ғаламтор-қосылысы үзілген кезде немесе мысалы, электр энергиясы өшіп қалған кезде касса автономиялық режимге ауысып-қосылады. Мұндай жағдайларда аппарат жұмысын жалғастырады, бірақ операциялар туралы мәліметтерді өз жадында сақтайды. Байланыс қалпына келген кезде ғана деректер ФДО-ға автоматты түрде жолданады.
Кассалық аппараттар автономиялық режимде тура 72 сағат қана бола алады.
Бұл құжаттарды кәсіпкерлерге арналған ISMET.kz порталынан алуға болады. Порталға тіркеліңіз, компанияның немесе ЖК-ң ЭЦҚ бекітіңі және Құжаттар тарауына кіріңіз.
Иә, ғаламтор-дүкендер чектерді тапсырыспен бірге әкелуі тиіс немесе клиентке электрондық түрде жолдауы тиіс.
Егер БКМ аппараттық болмаса, онда бағдарламалық жасақтамасын жаңарту қажет. Мұны техникалық қызмет көрсету орталықтарында жасайды.
Егер БКМ смартфонда жұмыс жасаса, онда қосымшаны жаңартыңыз.
Тақырып бойынша материал: Бағдарламалық БКМ-ң аппараттық БКМ-нен қандай айырмашалығы бар? Сіздің бизнесіңізге арналған кассалық шешімдер
0 Комментарии