2019 жылғы 2 сәуірде Салық кодексіне өзгерістер енгізілді, соған сәйкес 2019 жылы БКМ сатып алған кәсіпкерлерге өтемақы берілуі тиіс. Бұл не өтемақы? Ол кімге берілуі тиіс және кәсіпкерлер үшін тағы нені білу маңызды? Барынша қысқа айтып кетейік.
Онлайн-БКМ дегеніміз не, оның қандай түрлері бар, сай келетін кассаны қалай таңдауға болатыны туралы біз осыған дейін жазғанбыз. Тексерілген кассалық шешімдер біздің тұғырнамамызда келтірілген, олар: «Қазақтелеком» АҚ ұсыныстары, Smart Online KKM және Webkassa қосымшалары.
2020 жылдан бастап онлайн-БКМ қолдану ақша операцияларын жасайтын барлық кәсіпкерлер үшін міндетті болады. Деректерді табыстамай, БКМ пайдаланғандар енді онлайн-аппараттарды сатып алуға міндетті.
Жаңа онлайн-БКМ оңай ауысу үшін мемлекет 2019 жылы сатып алынған кассалық машиналардың құнынан өтемақы береді. Осындай бастамалаушы шаралардың заңнамалық деңгейдегі бастамашысы болып «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы табылады.
Өтемақыны салық мағлұмдамасының оңайлатылған нысаны бойынша немесе патент бойынша жұмыс жасайтын жеке кәсіпкерлер ғана алуға құқылы. Егер сіз жалпы белгіленген салықтық режим бойынша жұмыс жасасаңыз, онда бұл жеңілдік сізге берілмейді.
Өтемақы салықтық жеңілдік түрінде беріледі. Сіз бір жыл ішінде жеке табыс салығынан 50% төлемеуге құқылысыз, бірақ 60 000 теңгеден аспауы тиіс. Есептен шығару 2019 жылдың екінші жарты жылдығы үшін ЖТС есептеген кезде жүргізіледі.
Мысал түрінде көрсетейік.
Сіз — салық мағлұмдамасының оңайлатылған нысаны бойынша жұмыс жасайтын жеке кәсіпкерсіз. Сіздің айналымыңыз бірінші жарты жылдықта 4 млн теңгені, екінші жарты жылдықта 5 млн теңгені құрады делік. Сонда бір жылда — 9 млн теңге.
2019 жыл ішіндегі жалпы салықты есептейік (айналымның 3%):
9 000 000 * 3% = 270 000 теңге
Жеке табыс салығын есептейік (жалпы салықтан 50%):
270 000 * 50% = 135 000
Есептен шығарылатын соманы есептейік (ЖТС-тен 50%):
135 000 * 50% = 67 500 теңге. Сома 60 000 теңгеден асып кетті, яғни 60 000 теңгені біз екінші жарты жылдық үшін салықтарды есептеген кезде толық есептен шығара аламыз. Бұл соманы ойымызда ұстайық.
Екінші жарты жылдық үшін төленуі тиіс салықты есептейік:
Екінші жарты жылдық үшін төленетін салық (айналымнан 3%):
5 000 000 * 3% = 150 000 теңге
Екінші жарты жылдық үшін төленетін жеке табыс салығы (екінші жарты жылдық үшін төленетін жалпы салықтан 50%):
150 000 * 50% = 75 000 теңге
75 000 – 60 000 = 15 000 тенге. Именно эту сумму ИПН вы перечислите в налоговую за второе полугодие 2019 года.
75 000 – 60 000 = 15 000 теңге. ЖТС-ң дәл осы сомасын сіз 2019 жылдың екінші жарты жылдығы үшін аударасыз.
Бұл жағдайда екінші жарты жылдықта сіз тек 35 000 теңгені есептен шығарасыз. Қалған 25 000 теңге «жанып кетеді», өтемақы келесі жылға ауыстырылмайды.
Бұл сұраққа Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев жауап берген болатын. БКМ 60 000 теңгеден арзанырақ бағамен сатып алған кәсіпкерлер бәрібір максималды өтемақыны алады, алайда ол ЖТС-ң 50%-нан аспауы тиіс.
Жоқ. Бұл жағдайда сіз салықтарды бір аппарат үшін сияқты есептен шығарасыз.
Жаңа онлайн-БКМ орнатқаннан кейін ескі машинаны бірден лақтырмаңыз. Кем дегенде 5 күн күте тұрыңыз. Жаңа құрылғы немесе қосымша қателерсіз жұмыс жасайтынына және ФДО-мен арадағы байланыс кідіріссіз екеніне көз жеткізіңіз. Содан кейін ескі аппаратты есептен шығарып, кәдеге жарата аласыз.
Иә. МКК ресми сайтының деректері бойынша, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021 жылғы 1 қаңтар аралығында «үш компонентті» жүйені сатып алғандарға өтемақы беріледі.
0 Комментарии