Кассалар туралы айтқан кезде біз онлайн-БКМ білдіретін боламыз. Онлайн-БКМ ғаламторға қосылады және кассалық операциялар туралы деректерді ФДО-ға жіберетін болады. Сондықтан оларды деректерді тиянақтау және тарату атқарымы бар БКМ деп атайды.
ФДО дегеніміз не? ФДО мен БКМ туралы пайдалы фактілер
БКМ сатып алғаннан кейін ақшаны қалай қайтаруға болады? Салықтық жеңілдік 2019
Егер өзіңіздің қызметіңіздің түрін осы тізімнен тапсаңыз, онда сіз онлайн-БКМ 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап пайдалануға тиіссіз.
Осы жерде біз кассаны ФДО-да қалай тіркеу керектігі туралы және пайдаланушыларға көбінесе қандай сұрақтар туындайтыны туралы жазған болатынбыз.
Онлайн-БКМ екі үлкен классқа бөлінеді, олар: бағдарламалық және аппараттық кассалар.
Бағдарламалық БКМ
(смартфонда, планшетте немесе ноутбукта жұмыс жасайды) |
Аппараттық(дербес құрылғы) |
|
![]() |
![]() |
|
Ғаламторға қалай қосылады? |
Мобильді ғаламтор бойынша. Телефон 3G немесе 4G қолдауы тиіс.
|
Ұялы байланыс операторының сим-картасы арқылы немесе провайдердің ғаламтор-кабелі арқылы. Сим-картаны қайда алуға болатыны туралы төменірек оқыңыз.
|
Өзіндік аккумулятордан қуаттана ала ма? |
Иә
|
Иә
|
Телефонның типі |
Кейбір кассалар Андроидта ғана жұмыс жасай алатынын ескеріңіз. Андроидта да, Айфонда да жұмыс жасайтын кассалар бар.
|
Өзіндік бағдарламалық жасақтамада жұмыс істейді.
|
Бағдарламалық жасақтамаБағдарламалық жасақтама – бұл кассаның ішкі бағдарламасы, ол аппараттың немесе қосымшаның дұрыс жұмыс жасауы үшін жауап береді. Бағдарламалық жасақтаманы, мысалы, салық органы кассалық чектерге қойылатын жаңа талаптарды бекіткен кезде өзгерту қажет.
|
Шын мәнісінде, ұялы телефонда бағдарламалық жасақтаманы жаңарту – бұл мобильді қосымшаны жаңарту. Кассалық қосымша смартфондағы кез-келген басқа қосымша ретінде жаңарады. |
Аппараттық кассаның бағдарламалық жасақтамасын жаңарту үшін техникалық қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет. |
Абоненттік төлем
|
Ай сайынғы. Құны өндірушіге байланысты. |
Абоненттік төлем жоқ, бірақ ТКҚО-да техникалық қызмет көрсету үшін төлем бар.
|
Қайсысы жақсырақ, бағдарламалық БКМ ба, әлде аппараттық БКМ ба деген сұраққа бірмәнді жауап жоқ. Шешімді нақты сіздің ісіңізге ыңғайлы болатындай етіп немесе жеке қалауыңызға сай келетіндей етіп қабылдаңыз.
Ұялы қосымшалар түріндегі бағдарламалық БКМ жеткізу қызметтері, базарлардағы сауда нүктелері үшін немесе шығу іс-шараларын өткізген кезде ыңғайлы.
Онлайн-БКМ біздің тұғырнамамыздан таңдаңыз және сатып алыңыз
Кассаны ТҚКО-да ғана тіркеуге болатынын ұмытпаңыз.
Бағдарламалық кассалар үшін де, аппараттық кассалар үшін де тіркеу үдерісі бірдей. Тіркеу үшін ЭЦҚ және БКМ-ң зауыттық немесе сериялық нөмірлері қажет болады.
Тіркеу бойынша толық нұсқаулық осы жерде келтірілген.
Егер сізде бағдарламалық БКМ болса, онда сериялық нөмірін қосымшаның күйлеулерінен қарауға болады. Егер аппараттық БКМ болса, онда сериялық нөмірін аппараттың корпусынан қарауға болады.
Бағдарламалық БКМ |
Аппараттық БКМ |
![]() |
Егер сіз кассалық қосымшаны пайдалансаңыз, онда өз смартфоныңыздың СИМ-картасын пайдаланатын боласыз. Егер касса аппараттық болса, онда СИМ-картаны сізге ТҚКО-да береді. Егер сіз БКМ өз бетіңізше тіркелсеңіз, онда СИМ-картаны қайдан алу керектігін Басқарма департаментінің ФДО +7 (727) 258-70-50 телефон нөмірі бойынша біле аласыз.
Тақырып бойынша материал: ТҚКО дегеніміз не? Сіздің өңіріңіздегі ТҚКО мекен-жайлары
Жеке кабинетте барлық тіркелген кассалар, чектер туралы ақпарат бар. Егер сізде бірнеше кассирлер болса, онда сіз қандай операциялар жасалатынын көре аласыз.
0 Комментарии