Онлайн-БКМ қалай таңдауға болады?

 

 

Кассалар туралы айтқан кезде біз онлайн-БКМ білдіретін боламыз. Онлайн-БКМ ғаламторға қосылады және кассалық операциялар туралы деректерді ФДО-ға жіберетін болады. Сондықтан оларды деректерді тиянақтау және тарату атқарымы бар БКМ деп атайды.

 

 ФДО дегеніміз не? ФДО мен БКМ туралы пайдалы фактілер

 БКМ сатып алғаннан кейін ақшаны қалай қайтаруға болады? Салықтық жеңілдік 2019

 

БКМ міндетті түрде пайдалану талабына қандай қызмет түрлері түседі?

Егер өзіңіздің қызметіңіздің түрін осы тізімнен тапсаңыз, онда сіз онлайн-БКМ 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап пайдалануға тиіссіз.

Осы жерде біз кассаны ФДО-да қалай тіркеу керектігі туралы және пайдаланушыларға көбінесе қандай сұрақтар туындайтыны туралы жазған болатынбыз. 

 

Кассалардың қандай түрлері болады және олар бір-бірінен қалай өзгешеленеді?

Онлайн-БКМ екі үлкен классқа бөлінеді, олар: бағдарламалық және аппараттық кассалар.

  1. Бағдарламалық кассалар. Бұл Сіз бағдарламаны сатып алып, оны ұялы құрылғыға: ноутбукқа, планшетке немесе смартфонға орнатқан жағдай. Ұялы телефондағы кассаның атқарымдары шектелмеген және ол аппараттық касса сияқты атқарымдарды орындайды.
  2. Аппараттық. Бұл – чектерді басып шығара алатын дербес құрылғылар. Мұндай БКМ аккумулятордан немесе тұрақты қуат көзінен автономды түрде жұмыс жасай алады. 

 

 

Бағдарламалық БКМ

(смартфонда, планшетте немесе ноутбукта жұмыс жасайды)

Аппараттық

(дербес құрылғы)
 

Ғаламторға қалай қосылады?

 

Мобильді ғаламтор бойынша. Телефон 3G немесе 4G қолдауы тиіс. 

 

 

Ұялы байланыс операторының сим-картасы арқылы немесе провайдердің ғаламтор-кабелі арқылы. Сим-картаны қайда алуға болатыны туралы төменірек оқыңыз.

 

Өзіндік аккумулятордан қуаттана ала ма?

 

Иә

 

Иә

 

Телефонның типі

 

 

Кейбір кассалар Андроидта ғана жұмыс жасай алатынын ескеріңіз. Андроидта да, Айфонда да жұмыс жасайтын кассалар бар.

 

 

Өзіндік бағдарламалық жасақтамада жұмыс істейді.

 

Бағдарламалық жасақтама

Бағдарламалық жасақтама – бұл кассаның ішкі бағдарламасы, ол аппараттың немесе қосымшаның дұрыс жұмыс жасауы үшін жауап береді.

Бағдарламалық жасақтаманы, мысалы, салық органы кассалық чектерге қойылатын жаңа талаптарды бекіткен кезде өзгерту қажет. 

 

Шын мәнісінде, ұялы телефонда бағдарламалық жасақтаманы жаңарту – бұл мобильді қосымшаны жаңарту. Кассалық қосымша смартфондағы кез-келген басқа қосымша ретінде жаңарады.

Аппараттық кассаның бағдарламалық жасақтамасын жаңарту үшін техникалық қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет.

 

Абоненттік төлем

 

Ай сайынғы. Құны өндірушіге байланысты.

 

 

Абоненттік төлем жоқ, бірақ ТКҚО-да техникалық қызмет көрсету үшін төлем бар.

 

 

Қандай касса жақсырақ, бағдарламалық па, әлде аппараттық па?

Қайсысы жақсырақ, бағдарламалық БКМ ба, әлде аппараттық БКМ ба деген сұраққа бірмәнді жауап жоқ. Шешімді нақты сіздің ісіңізге ыңғайлы болатындай етіп немесе жеке қалауыңызға сай келетіндей етіп қабылдаңыз. 

Ұялы қосымшалар түріндегі бағдарламалық БКМ жеткізу қызметтері, базарлардағы сауда нүктелері үшін немесе шығу іс-шараларын өткізген кезде ыңғайлы.

 

Онлайн-БКМ біздің тұғырнамамыздан таңдаңыз және сатып алыңыз

 

БКМ таңдағаннан кейін оны қалай тіркеуге болады? 

Кассаны ТҚКО-да ғана тіркеуге болатынын ұмытпаңыз.

Бағдарламалық кассалар үшін де, аппараттық кассалар үшін де тіркеу үдерісі бірдей. Тіркеу үшін ЭЦҚ және БКМ-ң зауыттық немесе сериялық нөмірлері қажет болады.      

Тіркеу бойынша толық нұсқаулық осы жерде келтірілген.

 


 

БКМ-ң сериялық нөмірін қайда қарауға болады?

Егер сізде бағдарламалық БКМ болса, онда сериялық нөмірін қосымшаның күйлеулерінен қарауға болады. Егер аппараттық БКМ болса, онда сериялық нөмірін аппараттың корпусынан қарауға болады.

 

Бағдарламалық БКМ

 

Аппараттық БКМ

 


 

Касса үшін СИМ-карта керек пе? Оны қайдан алуға болады?

Егер сіз кассалық қосымшаны пайдалансаңыз, онда өз смартфоныңыздың СИМ-картасын пайдаланатын боласыз. Егер касса аппараттық болса, онда СИМ-картаны сізге ТҚКО-да береді. Егер сіз БКМ өз бетіңізше тіркелсеңіз, онда СИМ-картаны қайдан алу керектігін Басқарма департаментінің ФДО +7 (727) 258-70-50 телефон нөмірі бойынша біле аласыз.

 

Тақырып бойынша материал: ТҚКО дегеніміз не? Сіздің өңіріңіздегі ТҚКО мекен-жайлары

 

ФДО жеке кабинеті не үшін қажет?

Жеке кабинетте барлық тіркелген кассалар, чектер туралы ақпарат бар. Егер сізде бірнеше кассирлер болса, онда сіз қандай операциялар жасалатынын көре аласыз.

 

 

 

Пікір жазу

 

0 Комментарии