Контрагенттің сенімділігін қалай тексеруге және алаяқтық сызбасын қалай ұғынуға болады?

 

 

Жеткізушіні тапқанмен, ол мәміленің шарттарын орындайтынын, сапалы тауарды уақтылы жеткізетінін қалай тексеру керектігін кейде білмейсің. Егер жосықсыз серіктеске тап болсаңыз, онда бұл шығынға ұшыратады. Сіз абыройыңызды да тәуекелге тігесіз, және банктік шотқа қарағанда, абыройыңызды қалпына келтіру қиынырақ. Біз бес алаяқтық сызба туралы айтып береміз және сіз өз бизнесіңізді қауіпсіз ете аласыз.   

 

1. «Егіздер»

Сізге бағасы қызықтыратын коммерциялық ұсыныс жолданды. Құжатта танымал компанияның логотипі, мекен-жайы мен деректемелері көрсетілген. Алаяқтар бөгде фирманың брендін көшіріп, оның таза абыройын пайдаланады. Олар сол фирмадағы қаламдарды, бланктерді рәсімдеу ретін және банктік деректемелерін пайдалануы мүмкін. Алаяқтарды әшкерелеу оңай: бас кеңсеге қоңырау шалыңыз және ұсыныстың шынайылығы туралы сұраңыз.  

Бастысы, зейінді болыңыз. Қызметтестік орнатқыңыз келген заңды тұлғаның деректемелерін тексеріңіз. Егер контрагент танымал фирманың филиалының мүдделерін білдіретінін айтса, онда мұны ексеріңіз. Бас кеңсеге қоңырау шалыңыз және оларда осындай бөлімше мен осындай қызметкер бар ма екенін сұраңыз.

 

2. «Адал сөз»

Сізден өзіңіздің бұрынғы танысыңыз, алыс туысыңыз немесе университетте бірге оқыған группаласыңыз тауарды сұрап жатыр. Ол мәмілені қолтаңбалармен және мөрмен бекітпеуді сұрайды, бірнеше аптадан кейін қолма-қол ақшамен есеп айырысуды ұсынады. Бірнеше аптадан кейін сіз оған қоңырау шаласыз, бірақ телефоны сөндірулі. Сіздің досыңыз хабарсыз кетті.

Мұндай мәмілелерді жасасуға бір де бір заңгер кеңес бермейді, ал сот сіздің шартыңыздың күшін жояды. Бұл сіз өзіңіз кінәлі екеніңізді білдіреді және тауарды ешкім ешқашан қайтармайды. 

 

3. «Жол қарақшылары»

Сіздің тауарыңызды көрші елге жеткізу үшін сіз экспедиторлық фирманың қызметіне жүгінесіз. Сіз шарт жасасасыз, жүргізушінің қолында барлық рәсімделген құжаттары бар, бірақ фургон белгіленген жерге жетпейді. Жүргізуші тауармен бірге қашып кетті.

Екінші сызба. Экспедитор-компания бөгде жүргізушіні жалдайды (жүргізуші ұқыпты және адал ниетті болуы ықтимал), ол жолға шыққан кезде оған тауарды басқа жерде түсіруі тапсырылуы мүмкін. Ал ол жерден жүкті басқа жүргізуші тиеп алып, белгіленген жерге жеткізеді. Сіздің тауарыңызды түсіреді, ал бірнеше сағаттан кейін оны алаяқтар алып кетеді.  


Бұл жағдайда жауапкершілік жеткізетін компанияға жүктеледі. Бірақ ол компания бір күндік болуы мүмкін және сіздің жүгіңіз олардың көлігінде болған кезде бұл компания жабылып қалады. Компания шынайы болғанның өзінде де сіздің шығыныңызды өтеу үшін оның қаражаты жеткіліксіз болуы мүмкін және ол өзін банкрот деп жариялайды.

Барлығын міндетті түрде қағазбен рәсімдеңіз. Жүкті міндетті түрде сақтандырыңыз.

 

4. «Сахна сыртындағы адам»

Жеке тұлға контрагент болып табылатын және сіз одан өзіңіздің басқа қалада тұратын қызметкеріңіз үшін жылжымайтын мүлік сатып алатын жағдай. Сатушы хабарландыру жедел болғандықтан, бағасы төмен деп айтады.

Сіз сатып алу-сату шартын жасасыз, ал бір айдан кейін сатушының әйелі келіп, мәміле онымен келісілмегенін айтады. Әйелі/күйеуі пәтерді қайтаруды талап етеді, заң жүзінде оныкі дұрыс болады.  

Сот сізді жылжымайтын мүлікті қайтаруға міндеттейді, ал сатушыда ақша болмауы мүмкін. Жылжымайтын мүлікке қатысты мәміле жасамас бұрын сатушының әйелінен/күйеуінен келісім алыңыз немесе сатушы некеде тұрмағаны туралы анықтаманы талап етіңіз. 

Контрагенттің жосықсыздығын білдіретін белгілерге назар аударыңыз:

  • Ұйым нарықта бір жылдан кем уақыт қызмет етеді;
  • Соңғы жыл ішінде компанияның жетекшісі немесе қызмет түрі өзгерді;
  • Контрагентте сіздің тапсырысыңызды орындайтын адам іс жүзінде жоқ;
  • Контрагентке қатысты көптеген талап арыздар келіп түсуде;
  • Әлеуетті контрагент – тікелей орындаушы емес, делдал ғана;
  • Шарттың мәтіні мен сіздердің бұрынғы ауызша уағдаластықтарыңыз үйлеспейді. Контрагенттің есеп шотына есеп айырысулар тоқтатылды;
  • Компанияда шарттық міндеттемелерді орындау үшін пайдаланылатын мүлік жоқ;
  • Компанияның директоры сізбен жеке кездеспейді.

Шартқа қол қоймас бұрын контрагентті міндетті түрде тексеріңіз. Kompra қосымшасы бұл жұмысқа небәрі 3 минут жұмсайды. Есепте мынадай барлық қажетті ақпарат болады: кіммен және неліктен соттасты, жосызсық жеткізушілердің тізімінде тұр ма, берешектері бар ма және қандай сатып алуларға қатысты.

Қызметке сілтеме: Kompra

 

Мақаланы жазған кезде Business.ru порталының материалдары пайдаланылды

 

Пікір жазу

 

0 Комментарии