Бизнестегі АТ: Цифрлық дәуірде бизнесмендерге не үшін және қалай өзгеру қажет?

 

 

Synergy Research Group деректері бойынша, әлемде бұлтты технологиялар нарығының көлемі 2017 жыл мен 2018 жыл аралығында 32%-ға ұлғайды. McKinsey болжамы бойынша, цифрлық бизнестің әлемдегі ЖІӨ-гі үлесі 2020 жылға қарай 34% жетеді.

Батыста цифрлық технологияларды Disruptive technologies (ағылш. тілінде – әлсірететін, бұзатын) деп атайды. Инновацияларды әлсірету нарықтағы құндылықтардың арақатынасын өзгертеді. Бұрынғы өнімдер мен құндылықтар бәсекеге қабілетсіз болып қалады, себебі бұрын жарыс жүргізілген критерийлердің қазіргі таңда мәні жоқ. Осындай әлсіретудің жақсы мысалдары: телефон телеграфтың орнын басты, ұшақтармен адамдарды және жүктерді тасымалдауда өзіндік төңкеріс жасалды, цифрлық камералардың салдарынан таспалы камералар толық қолданыстан шықты, электрондық поштаның салдарынан дәстүрлі пошта қолданыстан шығарылды.

 

Өзгермегендер нарықтан кетеді

1970-ші жылдары Kodak компаниясы фотоаппараттар, фотоматериалдар және фотосурет басып шығаруға арналған құрылғылар нарығының 90% қамтыды. Кейінірек цифрлық камералар пайда болды, бірақ компанияның жетекшісі компанияға 1880 жылдан бері табыс әкелген таспалы камераларды өндіруден бас тартуға ниет білдірмеді. Директорлар кеңесі өзгерістер қажет екеніне көз жеткізген кезде тым кеш болды. Аса ірі фото-корпорация бүкіл әлем бойынша цифрлық камералардың қарқынды өндірісін қуып жете алмады да, 2012 жылы Kodak өзін банкрот деп жариялады. Ең қызықтысы, әлемдегі алғашқы цифрлық камераны сол кезде Kodak компаниясында жұмыс жасаған инженер ойлап тапқан.

Компания бір жылдан кейін қайта оралды, бірақ жаппай әуесқойлық фотосуреттен бас тартуға мәжбүр болды.

 

Бизнеске арналған цифрлық технологиялар оның құндылығын арттырады

Цифрлық шынайылықта бейімделе алмаған компаниялар баяу дамиды, шығындарға ұшырайды немесе жабылады.

Бірақ бағдарламалар не жасай алады және адамдардан олардың несі артық? Олар бұрын көп уақытты, күш-жігерді немесе адамдарды талап еткен тапсырмаларды шешуге көмектеседі. Олар өндірісті аз шығынмен арттырып қана қоймайды, сондай-ақ жаңа өнімдер мен қызметтер өндіруге көмектеседі. Кез-келген бизнесмен осыны қалайды емес пе?! 

Қоймадағы тауарларды есепке алу, салық есептері мен шарттарды автоматты түрде қалыптастыру, мейрамханада тапсырыстар қабылдау және түсімді есептеу, емханадағы электрондық кезек, call-орталықтарға көмек ретінде чат-боттар, онлайн-банкинг – бұл қосымшалардың жылдам және қатесіз шешетін қарапайым тапсырмалары ғана. 

 

Сіздің ісіңіз үшін сай келетін қосымшаны қалай таңдауға болады?

ISMET.kz бизнеске арналған қазақстандық тұғырнамада отандық IT-компаниялардың зерттемелері орналастырылған. Қосымшалар қызметкерлерді іріктеу, серіктестерді іздеу, құжат айналымы, кассалық, бухгалтерлік және салықтық есеп сияқты үдерістерді ретке келтіруге және автоматтандыруға көмектеседі. Тұғырнамада бухгалтерия, салық салу, құқықтану, кедендік рәсімдер және мемлекеттік сатып алу салаларында тегін консультацияларға тапсырыс беруге болады.

Цифрлық сервистерге ауысу түсініксіз және қымбат болып көрінуі мүмкін, бірақ өзіңіз ойлаңызшы, қол жұмысына қанша уақыт пен күш жұмсар едіңіз? Ал ол уақытты сатылымға немесе шынымен пайда әкелетін іске неге жұмсамасқа? Цифрлық сервистердің үлкен артықшылығы – нарықта шағын және орта кәсіпкерлікке арналған көптеген шешімдер бұлтты. Бұл сіз қосымшаны классикалық түсінікте сатып алмайтыныңызды және жазылуды кез-келген уақытта тоқтата алатыныңызды білдіреді. Сіз жаңартулар, техникалық қолдау көрсету және деректерді сақтау үшін жеке ақы төлемейсіз, бұл қызметтер ортақ құнға кіреді.

Бірқатар бұлтты сервистер ISMET.kz тұғырнамасында ұсынылған. Әртүрлі салалардағы кәсіпкерлер консультациялар алу, қолдау көрсету және бағдарламалық шешімдер қабылдау үшін порталға жүгіне алады.