04.03.2020
2018 жылы декреттік демалысқа шығып, менде бос уақыт пайда болды.
«Ақпан-наурыз айлары осы бизнеске қаржы жұмсап, нақты пайда табуға болатын уақыт», — деп шештім.
Бұрың флорист ретінде алған тәжірибем мені шабыттандырып, жігерлендірді. Алғашқы көктемгі гүлдердің өзгеруі — қызғалдақтар, колбалардағы барқыт раушанның гүлінің бейнелері (сол мезгілдің жаңалық) менің қиялыммен толықтырылды.
Тілек бар, өнім бар, дизайн бар, бірақ оны көпшілік көретін және сататын орын жоқ. Сату орының дұрыс орналаспауы, гүлдерді толықтай сатып бітіруге үлкен қатер төндіреді.
«Сізге қанша қаржы салу керек және соңында қанша ақша табуға болады?» Деген сұрақ бәрін қызықтырады.
Жауап: бәрі сізге байланысты! Сіздің бюджетіңіз қандай екенін, қанша ақша тапқыңыз келетінін мен білмеймін.
Өзім залдағы кеңістікті жалға алуды ескере отырып, 750 мың теңге қаржы жұмсадым. Инстаграмдағы бизнес-аккаунтымды дамыта бастадым
Табыс осы үш мерекелік күнде сатылатын гүлдердің санына байланысты.
Мен көп тәуекелге бармай, 350 мың теңгеге тірі гүлдер мен тағы осыншама соманы тұрақтандырылған гүлдерді сатып алуға жұмсадым. Жалға беру алаңы 18 шаршы метр. Сауда алаңында тәулігіне 15 мың теңге төлеп тұрдым. Сауда-саттық сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін қыза түсті. Жұбайымның көмегі менің орнымда өте қажет еді, мен жалғыз өзім көтере алмас едім.
Қызғалдақтарды 180 теңгеден 350 теңгеге дейін сатып алып, оның бір данасын 400 теңгеден 700 теңгеге дейін саттық. Таза кіріс шамамен 800 мың теңгені құрады. Бұл көп қаражат емес, бірақ біз оларды үш күнде таптық.
Гүл дүкені 6 наурыздан бастап жұмыс істей бастады.
Егер сіз ұйымдармен алдын-ала келіссеңіз және оларды жеткізіп берсеңіз, табысыныз ұлғая түседі. Әрине, бәсекелестік те рөл атқарады. Мен бір оқиғаны естідім, соңғы күні бір сатушы саудасы жүрмей ең болмағанда жұмсалған қаражатты қайтара алмаспын деп үрейленіп гүл шоқтарын өзі сатып алған бағасына саудалаған.
Қызғалдақтардың күтімі қарапайым, оларды үйде сақтауға болады. Олар үшін ең тиімді сақтау температурасы - 3°С. Сіз оны жай терезе алдына қойып, терезені ашып қойсаныз болған.
Сапасыз гүл жеткізушілерге ұрынып қалу қаупі тағы бар. Сондықтан басынан аяғына дейін өзіңіз басқарып, есептеп отыруыңыз керек.
Биыл мен гүл саудасы маусымды өткізіп алдым, өйткені мен өз жұмысыма оралдым, шығармашылықпен айналысуға қазір бос уақыт тапшы. Бірақ мен 8 наурыз - капиталды ұлғайтудың тамаша тәсілі деп сенімді түрде айта аламын,
Авторы: Дидар Садықов