Жетістікке жеткізетін 10 анық белгілі емес қадам

 


 

Егер сіз бизнестің иесі болсаңыз, онда ынтамен жұмыс жасап, әр күніңізді толықтай пайдамен өткізуге тиіссіз. Сіз шаршайсыз, күйзеліске түсесіз, бірақ бұл бекер емес. Өз еңбегіңнің жемісін көрген әрдайым жағымды, сіз дәл сол үшін бизнеске бет бұрған болатынсыз.

Ірі бизнестің иелері өте ауқымды жұмыс көлемін қалай атқарады деп таң қалуыңыз мүмкін. Егер үлкен фирмаларда штаттағы қызметкерлер саны көп болғандықтан, директорға жеңілірек деп ойласаңыз, онда бұл шындыққа ішінара ғана жақын. Өз ісіңізде күйіп кетпеу үшін мына тізімді оқып шығыңыз.

 

Ұйқыңызды қандырыңыз

Әрине, айтуға оңай. Бірақ бір рет болса да, ұйқыңызды қандырып ұйықтап алыңыз. Таңертең өзіңізді жақсы сезіну үшін қанша сағат ұйықтаған сіз үшін оңтайлы екенін есептеңіз. Және күнде осынша уақыт ұйықтауды өзіңізге мақсат етіңіз. Ұйқыңыз қанған кезде еңбегіңіз анағұрлым нәтижелі, санаңыз ашық болады және ойлау қабілетіңіз жақсарады. Жұмысқа керегі – өзіңізді жақсы сезінуіңіз.

 

Дұрыс тамақтану

Фаст-фуд — бұл оңай әрі жылдам. Бірақ, зиянды тамақ ұйқышылдыққа әкелетінін және зейінділікті нашарлататынын есте сақтаңыз.

 

Еске салуларды орнатыңыз

Бизнес басқа адамдарға қарағанда 10 есе көп іс атқаруды талап етеді, алайда мұның барлығын азырақ уақытта үлгеруге тиіссіз.

Сіз барлығын есте сақтамауыңызға болады, басыңызды мұнымен қатырмаңыз. Мәселеледі уақытында шешу үшін смартфоныңызда есте сақтаулар орнатсаңыз жеткілікті. Бар идея мынада: сіз өзіңізді қинамай, уақытты тиімді пайдалана білу керексіз.

 

Тапсырмаларды топтастырыңыз

Көптеген қоңыраулар шалуды жоспарлап қойдыңыз ба? Бағдарламалық кодты соңына дейін жазып тастау керек пе? Содан кейін клиенттермен кездесу қажет пе? Және пошта жәшігін әлі қарамадыңыз ба? 

Ең күрделі тапсырмаларды таңертең шешіңіз. Код жазыңыз. Барлығын соңына дейін жасап тастаңыз да оған қайта оралмаңыз. Бұл жұмысты қоңырау шалулармен және кездесулермен араластырмаңыз, кері жағдайда дұрыс ойлау қабілеті нашарлауы мүмкін. Қоңырау шалу үшін күннің бір бөлігін, кездесулерге екінші бөлігін арнаңыз. Тапсырмалардың графигін жасаңыз да, барлық шаруаны рет-ретімен орындаңыз. 

 

Google-күнтізбені пайдаланыңыз

Егер біреумен телефон арқылы ақылдасу қажет болса, оған күнтізбедегі оқиғаны жіберіңіз. Әрдайым осылай жасаңыз. Осылайша сіз де, сөйлесуіңіз тиіс адам да қоңырау шалу қажеттілігі туралы ұмытпайтындығына сенімді боласыз. Сонымен қатар, сіз өз істеріңізді байыппен жүргізетініңізді және осы қоңыраудың шалынуына ниет білдіретініңізді көрсетесіз.

 

Бұлтты сервистерді пайдаланыңыз

Аз уақытта көп нәрсеге үлгеру – міне, автоматтандыру осы үшін қажет. Уақыт пен ақшаны үнемдеу үшін көптеген ірі кәсіпорындар өз үдерістерін бұлтқа шығаруда.

Егер сіз IT-инфрақұрылымға көп қаражат жұмсағыңыз келмесе, бірақ бизнес-үдерістерді жылдамырақ және икемдірек еткіңіз келсе, онда бұлтты сервистер – керемет шешім.

«Қазақтелеком» серверлер, дата-орталықтар, конференциялар мен вебинарлар үшін  бизнеске бұлтты шешімдерді ұсынады.

Ал біздің порталымызда сіз кез-келген ауқымдағы бизнес үшін сатуды автоматтандыруға, құжат айналымына және бухгалтерияға арналған цифрлық сервистерді таба аласыз.  

 

Ауытқымаңыз

Жобаны бастау – өзіндік бизнестегі ең күрделі кезең. Жоба басталып үлгермей, жиі іске асыра алмай қалады. Біз істі қолымызға алу үшін өзімізді жиі мәжбүрлей алмаймыз, себебі жағымсыз, ұзақ және жалықтыратын міндеттерді орындау қажет. Сол кезде айналшықтап, сылтаулар іздеу басталады. Бұл жол шұңқырға әкеп құлататыны сөзсіз. Өзіңізді істі бастауға мәжбүрлеңіз, сол кезде ісіңіз одан әрі жалғасымын табатынын көресіз. Міне, сіз компанияңызды жетілдіріп жатсыз, алғашқы тапсырмаларды қабылдадыңыз және сүйікті ісіңізбен айналысып жүрсіз!  

 

Өз мақсаттарыңызды жазыңыз

Сіз жетістікке жеткіңіз келетінін нақты білесіз. Жетістікке жету үшін сізге өз жолыңызда бірнеше «жалаушалардан» өту қажет. Оларды өзіңіз үшін нақты түсініңіз және жазып қойыңыз, тіпті қабырғаға бекітіп қойыңыз. Сіздің мақсаттарыңыз қаншалықты ауқымды екені маңызды емес. Тақтада пайда болған кезде олар сезілмелі және қолжетімді болады. Мақсатқа жеткен кезде оны тізімнен сызып тастаңыз. Сезінесіз бе? Бұл – мақтаныш сезімі және атқарған жұмысыңызға қанағаттануыңыз.

 

Өз стиліңізді қалыптастырыңыз

Танымал бренд немесе бейнеңіз қызметтеріңіз бен тауарларыңызды өткізуге көмектеседі. Ірі компаниялар осының арқасында бәсекелестерін басып тастайды. Әрине, кез-келген жеке кәсіпкердің бренд-менеджерді немесе пиарщикті жұмысқа қабылдауға қаражаты жетпеуі мүмкін, бірақ сіз өзіңізді танымал ете аласыз. Сіздің жұмыс жасау стиліңіз, сіздің әдістеріңіз бен заттарға деген көзқарасыңыз – осының барлығы компанияңызды жарнамалауға тиіс. Осылайша сіз туралы басқалар айтатын және танитын болады, және сіз тұрақты клиенттеріңізді таба аласыз.

Тұрақты және көрікті веб-сайт, қызықты әлеуметтік парақшалар клиенттерді тарту үшін қымбат жарнамадан кем түспейді.

 

Көкірек кермеңіз

Сіз жетістікке жетті деп елестетейік (және бұл уақыттың еншісінде). Сіз тәжірибесі жоқ шағын кәсіпкерден өз салаңыздағы танымал тұлғаға айналдыңыз. Енді не істеу керек?

Жетістікке жеттіңіз, енді ештеңе дәлелдемеуге болады деп көрінеді. Бірақ басқаларға қарағанда жақсырақ болып кеттім деп ойламаңыз. Қоңырау шалуларға және хаттарға жауап бермеу, шақыртуларды елемеу арқылы сіз әлемнен алшақтай түсесіз. Осылайша сіз одан әрі жетілу үшін көптеген мүмкіндіктерден айырыласыз.

Кеңсеңіз де жоқ алғашқы күндердегідей сияқты қарапайым әрі ашық болып қалыңыз. Іскерлік кездесу барысында әріптесіңізге немесе серіктесіңізге бір шыныаяқ шай құйып беруден ұялмаңыз.

Айналаңыздағылармен өз тәжірибеңізбен бөлісіңіз. Біреуге қайырым жасасаңыз, ол сізге он есе болып оралуы ықтимал.

 

Пікір жазу

 

0 Комментарии