Қазақтелеком
19.11.2024, 14:54

Ismet.kz туған күнін атап өтуде

246 рет қаралды

Алты жыл бұрын Ismet.kz өз жолын «Қазақтелеком» клиенттерін қолдаудан бастады. Біздің мақсатымыз – қызметтерге қолжетімділікті жеңіл әрі ыңғайлы ету. Бірақ амбицияларымыз мұнымен шектелген жоқ: біз бизнестің дамып, жаңа мүмкіндіктерді табатын кеңістік құруды көздедік. Бүгінде Ismet.kz – кәсіпкерлерді, компанияларды және олардың клиенттерін біріктіретін толыққанды экожүйе. Біз қарапайым платформа деңгейінен цифрлық бизнесті басқарудың қуатты құралына айналдық.
 

Біз сіздермен бірге өстік!

Алты жыл – бұл жүздеген жақсартулар, көптеген жобалардың іске қосылуы және бізді жетілдірген еңбектің нәтижесі. Мұны біздің жетістіктеріміз дәлелдейді:
 

• Биыл Ismet.kz сайтына 626 080 бірегей пайдаланушы кірді, ал жалпы көрсеткіш 2 512 040 адамға жетті.
 

• Биыл платформаға 31 268 жаңа пайдаланушы тіркеліп, жалпы саны 167 463-ке жетті.
 

• Платформаға қосылған компаниялар саны биыл 20 319, ал жалпы 119 448 болды.
 

Ismet Docs: қағазсыз болашақ

Биылғы маңызды жетістіктердің бірі – Ismet Docs электрондық құжат айналымы жүйесінің іске қосылуы. Енді курьерлер, қағаз құжаттарға қол қою және артық шығындар өткеннің еншісінде. Барлығы онлайн режимде қолжетімді!

 

Ismet Docs сізге не ұсынады?

 

• Құжаттарға ЭЦҚ немесе eGov QR арқылы қол қоюға болады – бұл қауіпсіз, жылдам әрі ыңғайлы.

 

• Құжат алушыдан платформадан тіркелу талап етілмейді.


• Жүйенің артықшылықтарын бағалау үшін 3 құжатты тегін жіберу мүмкіндігі беріледі.


• Кез келген бизнеске арналған тиімді тарифтік жоспарлар бар – тек қажет қызметтер үшін ғана төлем жасайсыз.

 

Ismet Docs уақытыңызды үнемдеу, жүйкеңіздің жұқармауы үшін арнайы жасалған. Әрбір құжатыңыз бірнеше рет шерту арқылы қол қойып, жіберіледі, ал сіздің жұмыс орныңыз толығымен цифрлық режимге өтеді. Қазірден бастап қолданып көріңіз және сіздің құжат айналымыңыз оңай және тиімді болатынына көз жеткізіңіз!
Ismet Docs-ты тегін қолданып көру

IT-қызметтерге арналған жаңа құралдар

IT-қызметтерді таңдау күрделі әрі уақытты қажет ететін үдеріс болуы мүмкін. Сондықтан біз бірнеше минутта оңтайлы шешім табуға көмектесетін калькуляторлар әзірледік.

 

Сіз не есептей аласыз?

 

Виртуалды деректер орталығы (VDC). Бағасын және физикалық жабдықты алмастыратын виртуалды инфрақұрылым параметрлерін біліңіз.

 

• Жабдықтарды орналастыру (Colocation). Өз жабдығыңызды қорғалған деректер орталығында орналастыру үшін шарттарды есептеңіз.


• Тіректерді жалға алу (Rent a Rack). Ірі жобаларға және икемді дамуға арналған ең жақсы ұсыныстарды таңдаңыз.

 

«Қазақтелеком» қызметтерін цифрландыру: бәрі жеңілдей түсуде

Бизнес пен «Қазақтелеком» арасындағы өзара әрекеттесуді жеңілдету бойынша жұмыс жалғасуда. Бүгінде платформа арқылы:

 

• Кеңсеге бармай-ақ, келісімшартқа онлайн қол қоя аласыз.
 

• Қаржылық құжаттардың барлығын электрондық форматта ала аласыз (шот-фактуралар, салыстыру актілер). 


• Қызметтерді қосуға арналған өтінімдерді өзіңізге ыңғайлы уақытта рәсімдей аласыз.


• Ақауларды жою, тарифтік жоспарды өзгерту немесе қызметті уақытша тоқтату үшін өтініш бере аласыз.

 

Біз мұнымен тоқтап қалмаймыз!

Алты жыл – бұл тек сандар мен жетістіктер ғана емес, сонымен қатар Ismet.kz-ті бүгінгі деңгейге жеткізген адамдар. Әрбір жетістігіміздің артында клиенттеріміз, серіктестеріміз және күнделікті жұмысы арқылы платформаны жақсартатын керемет ұжымымыз тұр.

 

Бізді таңдаған әрбір адамға алғыс айтамыз. Сіздің сеніміңіз – жаңа шешімдер жасап, алға жылжуға шабыт береді.

 

Ерекше алғысымызды ұжымдағы адамдарға білдіргіміз келеді. Сіздер — Ismet-тің жүрегісіздер. Сіздердің еңбектеріңіз, адалдықтарыңыз және жетілдіруге деген ұмтылыстарыңыз біздің барлық жетістіктеріміздің негізі болды. Біз сіздермен бірге жұмыс істейтінімізді мақтан тұтамыз және әрқайсысыңыз ортақ іске жан-тәніңізді салғандарыңыз үшін ризамыз.

 

Біз талай белестерден өттік. Бұл – тек бастамасы ғана. Бізді жаңа жобалар, батыл сынақтар және ірі жетістіктер күтуде. Клиенттеріміз, серіктестеріміз және әріптестерімізбен бірге біз жаңа шыңдарды бағындыруға дайынбыз.

 

Бізбен бірге болғаныңыз үшін рақмет. Ismet-тің бір бөлігі болғаныңыз үшін алғысымыз шексіз!