ТЕХНИКАЛЫҚ ШЕШІМДЕР

Қиын тапсырмаларды шешудің оңай жолдары

 

Егер реттелген ақпараттық инфрақұрылым болмаса бизнесті жүргізу қиын.  Қарапайым тұрмыстық қиындықтардың кесірінен кәсіпорынның жұмысында қателіктер туындайды, шығындар пайда болады. Солардың бірі: салқындатқышы жоқ бөлмеде сервердің қызуы; бағдарлама басқарушысы ауырып қалғанда пошта жүйесін қайта қосатын адамның болмауы; кернеу артып, сервер жұмыс жасамай қалған кезде бухгалтерлік есеп бердің жойылуы.

Ақпараттық технологиялар бөлімшесі атаулы шешімдерді шешу мүмкіндігін береді. Біз сіздің жұмысыңызды үзіліссіз, жылдам, ал жүйені тоқтаусыз етеміз. 

 

Colocation

Күзет, климат-бақылау, бейнебақылау, газды өрт сөндіру жүйесі және тәуліктік техникалық қамтамасы бар біздің дата-орталықта сіздің құрылғыңызды орналастырамыз. Бағанадан орын, қосымша элект қуаты, розеткаға қолжетімділік, 100/1000 Мбит/с жылдамдығымен ғаламторға шығу порты және тегін трафик қызметтің құрамына кіреді.

Толығырақ

Серверлік жабдыққа қашықтан қол жеткізу

Бұл құрал компьютерлер мен серверлерге қашықтықтан қол жеткізуге арналған. Желілік карта өшіп тұрған жағдайда немесе операциондық жүйе орнатылмаған жағдайда да атаулы құрал арқылы серверге қосылып, оны басқара аласыз. Бағдарлама BIOS деңгейінде қол жетімділік алады, сондықтан сервердің жанында болмасаңыз да, басқа мемлекет немесе қаладан қосылсаңыз да қиыншылықтар туындамайды. Қазіргі таңда Астана, Алматы және Қарағанды қалаларында орналасқан серверлер арқылы ғана қызметке қосылу мүмкіндігі бар.

Толығырақ

Бұлтты вебинар

Бұл кеңейтілген мүмкіндіктері бар бейнеконференция. Бір спискер мен көптеген тыңдаушыларға арналған құрал. Сіз қызметкерлерге арналған оқыту дәрістерін, шеберлік сабағын немесе семинар өткізу мүмкіндігін аласыз. Вебинарға сілтеме арқылы кез келген қолданушы қосыла алады. Барлық қатысушылар экранда ортақ құжатты көре алады және сауалнамаға қатыса алады. Әрбір вебинарды жазып алу және мұрағаттау мүмкіндігі бар.

Толығырақ

Dedicated

Біздің дата-орталықта орналасқан тәуліктік бақыланатын сервермен қамтамасыз етеміз. Егер сервер тек бір жобаға ғана қажет болса немесе өзіңізге сервер сатып алу мүмкіндігі болмаса, ұсынылатын серверлік қызмет ең тиімді шешім болып табылады. Сіз, жалға алушы ретінде, кез келген уақытта құрылғыға қолжетімділік алсаңыз болады және өз қалауыңызбен құрылғымен жұмыс жасай аласыз. Электр қуаты жайлы, салқындатқыш, қауіпсіздік және техникалық қызмет көрсету жайлы уайымдамаңыз - бұл тапсырмаларды біз өзімізге аламыз.

Толығырақ

Виртуалды дата орталық

Виртуалды есептеу күштерін жалға алу. Виртуалды машинаны тұрғызу жайлы барлық шешім өз қолыңызда болады және олардың арасындағы қорларды бөле аласыз. Бұлтты дата-орталықты жалға алу кезінде компания көптеген шығындардың алдын алады. Мысалы: техникалық қамтама жүргізудің және қымбат құрылғыларды сатып алудың қажеті жоқ. Құрылғыларды жөндеу мен жаңарту - біздің жұмысымыз. Бұлтты қызметтерге қор сыйымдылығы мен трафигі үлкен жобаларды да шығаруға болады. Ақпараттық технологиялар бөлімшесі ұсынған қызметтер қиын салдардың алдын алуға көмектеседі. Сіздің жұмысыңызды үзіліссіз, жылдам, ал жүйені тоқтаусыз етеміз.

Толығырақ

Деректерді сақтау жүйесі

Ұйымның барлық құжаттарын сақтауға арналған сенімді шешім. Active Directory және қолданушы бағдарламаларымен бірігу мүмкіндігі бар. Жүйеде құжаттардың анықтауыштары бойынша немесе мазмұны бойынша іздеу іске асырылған. Сіздің құжаттарыңыз бірқалыпты қалатыны, із-түзсіз жойлып кетпейтіні жайлы кепіл береміз, себебі жүйе өзіндік қосымша көшіруді жасайды.

Толығырақ

 

Пікір жазу

 

0 Комментарии