ТҚС қалау ашуға болады?

 

Орынжайды таңдау

Орынжайға кем дегенде екі көлік сыюы тиіс. Көтергіштер үшін төбелердің биіктігі орташа есеппен 4 метр болуы тиіс. 2-3 көлік үшін 200-300 шаршы метр қажет.

Негізгі талаптар:

  • тұрғын емес орынжай қоры
  • ең жақын үйге дейін кем дегенде 50 метр болуы тиіс
  • бірінші қабат
  • 2−4 көлікке шақталған тұрақжай
  • көлікпен келу мен кетудің ыңғайлылығы
  • қолайлы жалгерлік ақы

 

Орынды таңдау

Егер орынжай жолдың бойында болса, онда өтіп жүретін трафик – сіздің әлеуетті клиенттеріңіз. ТҚС-ке келу ғана емес, сондай-ақ көлікті тұрақжайға қою және айналу қажет. Ыңғайсыз болуының салдарынан кейбір жүргізушілер біздің қызметтерімізді алу үшін қайта оралмауы мүмкін.

Егер орынжай жүру бөлігінен алыс болса, онда жолдың жанына өту сызбасы көрсетілген сілтеуішті қойыңыз. Ілгерілету үшін қосымша қаражат жұмсау қажет болуы ықтимал.

 

Құрал-саймандар мен жабдықтар

Құрал-саймандар жеткілікті мөлшерде болуы тиіс. Әр шебердің өз жиынтығы болуы қажет. Бұл кілттерді іздеуге уақыт жұмсамау үшін қажет. Уақыт жоғалтсаңыз – ақша жоғалтасыз.

Екінші нұсқа: орынжайды ашыңыз және ол жерге көтергішті қойыңыз. Жеке құрал-саймандары бар мамандарды шақырыңыз, олар сізге ай сайын жалгерлік ақы төлейді. ТҚС-тен түсетін табыстың мөлшері сіз ТҚС ашатын жерге және қызметтердің (электрика, шиномонтаж, жүру бөлігі және т.б.) танымалдылығына байланысты болады.

 

 

ТҚС пен шиномаждау үшін онлайн-севистер

Автосервистің әкімшісі жазбалардың күнтізбесін жүргізуі тиіс, СМС-таратылым арқылы келесі жазбалар туралы еске салуы тиіс, жүктелім-тапсырыстарды, жалақы және материалдар бойынша есептерді құрастыруы тиіс. Мұндай тапсырмалар үшін ғаламтор арқылы жұмыс жасайтын арнайы сервистер болуы тиіс. Олар есепке алудың онлайн-жүйелері деп аталады.

Осының барлығын қағаз түрінде, бірақ жобаны бастаған кезде ғана жасауға болады. Одан кейін қолмен есепке алу дәптерлер мен қойын дәптерлерді көбірек пайдалануға мәжбүрлеуі мүмкін, және бейберекеттілік пен қателер туындауы ықтимал. Жұмыс шиеленісіп кетпегенше және клиенттердің ызасы туындамайынша есепке алуды ретке келтіріңіз.

 
crosscode-min

(Servisuchet бағдарламасының скриншоты)

 

Орташа көлемді ТҚС-терге арналған бағдарлама. Клиенттердің, материалдардың шығынын және қаржылық есепті жүргізуге: түсімдер/шығындар, жалақылар, кассадағы қалдықты есептеуге көмектеседі. 

 

 

 

Өз автосервисіңізді картаға орналастырыңыз, автокөлік иелерінің өтінімдері бойынша онлайн-тапсырыстар қабылдаңыз және жазба жүргізіңіз. 

 

Қосымша қызметтер

Жөндеу жүргізу үшін қосалқы бөлшектер қажет, яғни клиентке тағы бір жерге бару қажет және өз көлігімен бармауы да ықтимал. Сондықтан ТҚС-ң жанына қосалқы бөлшектер сататын дүкен ашыңыз. Осылайша қосымша табыс аласыз.

Ілеспе сервис ретінде шағын шиномонтаж ашыңыз. Сізге жүргізушілер жиі келетін болады және олардың кейбіреуі тұрақты клиенттерге айналады.

Күту бөлмесі. Егер ТҚС ашатын болсаңыз, онда сіздің ТҚС-те уақыт өткізу жайлы болатындай етіңіз. Жиһаз, кофе-машина, ойын приставкасын, бірнеше күн бұрын шығарылған баспасөз құралдары қойылған үстелшелер, нарды немесе шахмат қойып қойыңыз.

 

Клиенттерді тарту

Жұмысын жаңа бастаған автосервис үшін ең бастысы — жол бойынан көрініп тұруы, ыңғайлы кіруге болатыны және картографиялық анықтамаларда (мысалы, 2ГИС немесе Google Maps) оңай табуға болатыны. Автосервис жаңа ғана ашылған кезде клиенттер екі жағдайда келуі мүмкін:

  • Жолда жайсыздыққа ұшыраған клиентке бөлшекті оңай ауыстыру немесе жедел жөндеу қажет болған кезде. Бұл – экспресс-қызметтер. Бұл жағдайда сіздің станцияңыз немесе маңдайша жазуыңыз жүргін бөліктен дұрыс көрінуі және қалай келу керектігі түсінікті болуы маңызды.
  • Клиент сенбі күні көлігінің майын ауыстыруға келгісі келеді. Ол автосервисті ғаламтордан іздейді, таныстарынан сұрайды. Ол сондай-ақ азық-түліктер алуға үлгергісі келеді, сондықтан супермаркеттің жанында орналасқан ТҚС іздейді. Бұл жағдайда сіздің компанияңыз карталарда және агрегаторларда міндетті түрде болуы тиіс. Kolesa.kz сайтына хабарлама беріңіз және міндетті түрде мекен-жайыңызды көрсетіңіз.

 

 

Анықтамалар мен карталар

 

Kolesa.kz

Сайтқа хабарландыру беріңіз және мекен-жайыңызды міндетті түрде көрсетіңіз, фотосуретті қоса салыңыз

2ГИС

Карта көрсетілген онлайн-сервис, ол жерде өз компанияңыз немесе мекемеңіз туралы айтып бере аласыз және байланыс деректерін жариялай аласыз  

Google Maps         

«Жоқ жерді енгізу» тарауына өз шиномонтажыңыз туралы ақпаратты енгізіңіз

«Яндекс.Справочник»                                                                                     

Сайт-агрегатор, бұл жерде өзіңіз туралы айта аласыз: жұмыс уақытын, қызметтерді, телефон нөмірлерін және т.с.с. көрсетіңіз

STO-Astana

 

Бәсекелестеріңізбен достық қарым-қатынас орнатыңыз

 

 

Данияр Рапилбеков, «Май-Тобе» қосалқы бөлшектер дүкені, Нұр-Сұлтан қаласы

Біздің жұмысымызда күтпеген жағдайлар болуы мүмкін. Бір рет жеткізілімге қатысты форс-мажор болды, бірақ клиенттерді күтуге мәжбүрлеуге болмайды. Бізді бұл тығырықтан бәсекелестеріміз алып шықты, яғни қосалқы бөлшектермен көмектесті. Біз үшін бұл – қалыпты тәжірибе. Бүгін олар бізге көмектессе, ертең біз оларға көмектесеміз, тіл табыса білу қажет. Клиенттер мен бедел әрдайым маңыздырақ, нәтижесінде шығындардың барлығы өтеледі.

Біз клиенттермен жұмыс жасау үшін CRM-жүйесін қойып көрдік, бірақ бұл біз үшін сай келмеді, бас тартуымызға тура келді. Қазір біз есепке алу жүйесініздеп жүрміз, бағасы аса маңызды емес. Бастысы, тиімді болса болғаны. 

 

 

 

Пікір жазу

 

0 Комментарии

 

Кеңес береміз

 

 

Кассалық операциялар үшін

 

 

Онлайн есепке алу және салықтар

 

 

Мамандарды іздеу: жинастыру, жөндеу, салу, тасымалдау және жеткізу

 

 

Күту бөлмесі үшін теледидар

 

Қызмет көрсету саласына арналған iD TV

Сұлулық салондарына, дүңгіршектерге, шағын маркеттер мен автосервистерге арналған арнаулы тарифтік жоспар. Келушілеріміздің таңдауына 70 арна: спорт, музыка, фильмдер және сериалдар.

Толығырақ

Кабельді телевидение

Кескін мен дыбыстың стандартты сапасы. Жергілікті және шетелдік арналарға қатынаудың оңтайлы арзан шешімі. Қосымша жабдықтар сатып алу қажет емес.

60 телеарна: жаңалықтар, музыка, балалар хабарлары мен мультфильмдер, спорт, ғылым және техника, фильмдер мен шоу — барлығы қосылған.

Толығырақ

 

Өз ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін тарауына өтіңіз және біздің мақалаларымызды оқыңыз. Біз кеңестер береміз және стартап үшін ақшаны қайдан табуға болатынын, алғашқы жарты жыл ішінде дәрменсіз болып қалмау туралы және өз компанияңызды қалай тиімді басқару туралы айтып береміз.

 

Тақырып бойынша материалдар