72 сағатқа дейін автономды режимде жұмыс жасау мүмкіндігі бар WEBKASSA АБК заманауи кассалық аппараты. Смартфонда немесе браузер арқылы жұмыс жасайды. API арқылы есептік жүйелермен интеграцияланады.
Кассалық аппарат «Қазақтелеком» АҚ Фискальдық деректер операторына қосылған және деректерді тиянақтау мен тарату атқарымын қолдайды.
Қазақстанның барлық өңірлері бойынша ТҚКО дамыған желісі.
24/7 техникалық қолдау көрсетудің күндіз-түнгі апаттық қызметі. Қолжетімдік коэффициенті: 99,99
Кез-келген компьютерде, смартфонда, планшетте жұмыс жасайды. Барлық ағынды, лазерлік принтерлерді, термо-принтерлерді, сызықша-кодтардың сканерлерін қолдайды.
Сіздің жарнамаңыз чектерде тегін көрсетіледі. Чекті e-mail немесе Watsapp арқылы жіберу. Кассирлердің жұмысын бақылау және сатылымдарды сараптау.
Кассалық техника нарығындағы ең арзан аппарат. Икемді баға саясаты. Лицензияларды бір айға, бірнеше айға, жарты жылға, бір жылға сатып алуға болады.
Фискальдық деректер операторының тарапынан жаңылыстар орын алған жағдайда 188 нөмірлі WEBKASSA автономды режимде үш тәулікке дейін жұмыс жасай алады.
Webkassa пайдаланушыларына кассалық кітапшасыз жұмыс жасауға Салық кодексімен мүмкіндік беріледі. Ауысымдар мен чектер бойынша барлық ақпарат Webkassа аккаунтында электрондық түрде сақталады.
Ауысымды белгіленген уақытта автоматты түрде жабу. Ауысым автоматты түрде жабылған кезде Z-есепті email-ге жіберу. Ауысым жабылған кезде кассадағы қолма-қол ақшаны автоматты түрде алып шығу.
Принтерді Bluetooth арқылы қосу. Жәрмеңкелерде және көрмелерде көшпелі сауда-саттық жүргізу үшін мінсіз сай келеді. Қосылатын принтердің Bluetooth атқарымы болуы тиіс.
Сатып алу режимінде пайдалану үшін сай келеді. Ломбардтарда, шыны ыдысы мен металлды қабылдау бөлімшелерінде пайдалануға болады. Қосымша модульдерді сатып алу немесе төлеу қажеттілігі жоқ.
Сіздің жарнамаңыз чектерде көрсетіледі. Сіз өз логотипіңізді жүктей аласыз және өз бизнесіңіз туралы қысқаша ақпаратты өз чектеріңізде мәтін түрінде көрсете аласыз.
Ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді ортақ қолданыстағы телекоммуникациялар желілері бойынша салық органдарына жедел режимде жөнелтуді қамтамасыз ететін бақылау-кассалық машиналарына қатысты техникалық тексеріс жүргізілмейді.
Клиенттерге қызмет көрсетуді жеделдету үшін, тауардың немесе қызметтің атауын қайта-қайта енгізбеу үшін сіз тауарлардың дайын номенклатурасын пайдалана аласыз және сызықша-кодтардың кез-келген сканерлерін қоса аласыз.