Табысты клиниканы қалай жасауға болады?

 

Клиника табысты болу үшін жаңа енгізілімдермен жүйелі түрде айналысу қажет, нарықта пайда болатын жаңа жабдықтар мен әдістерді қадағалау қажет. Егер мұны жасамаса, 2-3 кабинет деңгейінде қалып қоюға болады. Бүгінгі күні кез-келген клиника үшін минимум-жоспар: гинеколог, уролог, кардиолог, терапевт, невропатолог, лор, офтальмолог және хирург болу қажет.

 

Алия Байбулатова, «Белый аист» медицина орталығының директоры

 

Орталықты ашқаннан кейін жұмыс барысы кезінде өзімнің дәрігер мамандығымды басқарушылық атқарымдармен үйлестіру мүмкін еместігін түсіндім. Екеуінің бірін құрбан ету қажет, яғни науқастарды қабылдау керек, не болмаса басқарушы ретінде жұмыс атқару қажет.

Бәрақ мен жүкті әйелдерді қабылдауды жалғастырып келемін. Менің клиенттерім менімен тәулігіне 24 сағат байланысуға болатынын біледі, сондықтан олар менің клиникама сенім артады.

 

 

Жақсы дәрігерлерді таңдау

Дәрігерлерді таңдауға қатысты ортақ тәсілдемелерді жасап шығарыңыз. Мысалы, егер дәрігердің өз жабдығы (косметологта – теріні емдеуге арналған аппарат, хирургта – қайшылардың сирек моделі) болса, онда адам жұмысқа жан-тәнімен берілген дегенді білдіреді. Яғни ол емделушілермен қарым-қатынасты дұрыс құра алады.

 

Александр Тернавский, Нұр-Сұлтан қаласындағы Family Dental Clinic директоры

 

Дәрігердің тәжірибесі мол және қолы жеңіл болуы мүмкін. Бірақ егер кандидат шетелде оқыған болса немесе шетелде курстардан өтсе, онда өз тәжірибем бойынша білемін, мұндай мамандардың әр нәрсеге көзқарасы басқаша болады. Мұндай мамандар басқаларға қарағанда жүйелі түрде оқуға дайын. Кәсіптік тұрғыдан олар ешқашан тоқтамайды.  

 

Дәрігерлер үшін біліктілікті арттыру курстарын қалай табуға болады?


Алматыда Kazdent Expo стоматологиялық көрмесі жыл сайын өтеді. Тағы CADEX бар. Біз үнемі қатысамыз, басқа клиникалардың тәжірибесін көреміз және оқу бағдарламаларын табамыз. Әлеуметтік желілердегі бейіндік парақшаларға жазылыңыз – жаңа курстар туралы жарнама алатын боласыз. 

 

 

Орынжайды жайластыру

 

Бізде емделушілерді қабылдайтын үш кабинет, стерильдеу кабинеті, рентген кабинеті бар.

Әр кабинеттің ауданы 14 ш.м.-ден кем болмауы тиіс, егер бір кабинетте екі кресло болса, онда 21 ш.м. болуы тиіс. Стерильдеу кабинеті – 8 ш.м., 3D-рентген бар кабинет – 16 ш.м. Әр кабинетте далаға шығатын терезе міндетті түрде болуы тиіс, себебі табиғи жарық түсуі тиіс. Барлық беткі қабаттар, тіпті төбе де жуылатын болуы тиіс.

 

 

Жаңа жабдықтар мен құрал-саймандарды сатып алу

Кейде жаңа енгізілімдер қымбат болады, мұндай кезде лизингті пайдалануға тура келеді. Сіз таңдаған жаңа аспап қалай жұмыс жасайтынын көруге тырысыңыз. Басқа клиникалардан немесе мндициналық конференциялардан қараңыз. Жабдықтар мен толымдаушыларды көтерме сатып алуға арналған онлайн-алаңдардан қарауға болады. Qoovee — салалардың бірі.

 

 

Александр Тернавский: 

 

Барлық жабдықтар қымбат екенін ескеріңіз. Қытайлық жабдықтар нашар емес. Бірақ ең арзанын сатып алмаңыз, орташа сегментті таңдаңыз, себебі мұндай жабдықтың сапасы айтарлықтай оңтайлы. Медицинаның басқа бағыттарына қарағанда стоматологияда әртүрлі құрал-саймандар қолданылады. Клиникадағы жабдықтар – шығындардың ең үлкен бөлігі.  

 

Есепке алудың цифрлық жүйесі

Емделушілер клиникаға қоңырау шалып, дәрігердің қабылдауына жазылғысы келеді, бірақ жазба жоғалып қалмауы тиіс. Дәрігерлерге анықтамалар, тағайындаулар мен рецепттер жазып беру қажет, бірақ бұл жылдам жасалуы тиіс, себебі есіктің сыртында науқастар кезекте тұр. Сондықтан бағдарламаның көмегімен электрондық форматта қызмет көрсетуді ұйымдастырыңыз. Мұндай бағдарлама есепке алудың цифрлық жүйесі деп аталады.

Осылайша, бағдарламада алдын ала орнатылған үлгітүрлердің арқасында тіркеу бөлімі көбірек қоңырау қабылдай алады, ал дәрігерлер көбірек емделушілерді қабылдай алады. Кез-келген клиникаға ақпараттық жүйе қажет. Оңай орнатылатын және енгізілетін, дәрігерлер де жылдам үйрене алатын ақпараттық жүйені таңдаңыз. 

 

Алия Байбулатова:

 

Автоматтандыру менің қызметкерлерімді кертартпа жұмыстың орасан зор үлесінен босатады. Бұл міндетті түрде қажет. Қазір істі қағаз түрінде жүргізетін уақыт емес.

 

 

 

 

Александр Тернавский: 

 

Есепке алу үшін біз 2017 жылдан бері yClients пайдаланып келеміз.Бізге келіп, электрондық жүйені байқап көруді ұсынды, себебі біз осыған дейін қағаз түрінде есеп жүргізген едік. Ай сайын абоненттік төлем төледік және соған тәуелденіп қалғанымызды өзіміз байқамай қалдық. Бұрын барлық істерді қалай қағаз түрінде жүргізгенімізді қазір елестете де алмаймын. 

 

 

Медициналық мекемелерге арналған есепке алу бағдарламасы қалай көрінетінін қараңыз. Скриншоттарда: емделушілердің базасы және MedElement бағдарламасында қабылдауға жазылу.

 

 

MedElement туралы толығырақ:

 

MedElement — ол сіздің клиникаңыз үшін арналған дайын электронды платформа. Жүйе дәрігерлер, тіркеуші мен кассир үшін жұмыс орындарды қамтиды.
Бағасы: 5 040 тг-ден бастап

 

Клиникалар үшін цифрлық сервистердің мүмкіндіктері

 

 

Клиенттерді өз клиникаңызға қалай тартуға және қалдыруға болады?

 

 

Александр Тернавский:

 

Инстаграм мен фейсбукта біздің парақшамыз бар. Бірақ біз әлеуметтік желілердегі парақшамызды тренд болғандықтан жүргіземіз, себебі барлығы осылай жасайды. Әлеуметтік желілер арқылы бізге көп клиенттер келетінін байқамадым. Ең тиімді әдіс – сарафандық радио. Бір клиент келеді, егер ол біздің қызметімізге риза болып кетсе, онда екі жаңа клиентті әкеледі. Инстаграм мен фейсбук сұлулық салондары мен киім сататын дүкендер үшін анағұрлым сай келеді. Ал клиника үшін бедел мен біліктілігі жоғары дәрігерлердің болғаны маңызды, сол кезде адамдар өздері келеді. 

 

 

Кеңес береміз

 

Қонақүйлерге, пансионаттарға, демалыс үйлеріне арналған iD TV.

Бірде бір қонақүй бөлмесі және тіпті аурухана бөлмесі де теледидарсыз тұра алмайды. Өзіңіздің тұрушыларыңыз үшін iD TV BusinessPersonal тарифтік жоспарын таңдаңыз. Кез келген талғам үшін 80 арна.

Толығырақ

Кабельді телевидение

Кескін мен дыбыстың стандартты сапасы. Жергілікті және шетелдік арналарға қатынаудың оңтайлы арзан шешімі. Қосымша жабдықтар сатып алу қажет емес.

60 телеарна: жаңалықтар, музыка, балалар хабарлары мен мультфильмдер, спорт, ғылым және техника, фильмдер мен шоу — барлығы қосылған.

Толығырақ

 

Кассалық операциялар үшін

 

 

Онлайн-есепке алу және салықтар

 

Салық декларацияларын дербес қалыптастыруға арналған бұлтты сервис. 15 минут ішінде салық есептілігін толтырыңыз және тапсырыңыз.
Бағасы: 2240 тг
Консультация береміз, ЖК немесе ЖШС тіркейміз, бухгалтерияны ретке келтіреміз, сауданың есебін жолға қоямыз, есептерді дайындап, өткіземіз, салықтарды есептеп, төлейміз, жұмыскерлер еңбегінің есебін жасаймыз. Демалыссыз тәулік бойы жұмыс істейміз.
Бағасы: 10 000 тг-ден бастап
Жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық режимі бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін бухгалтерлік онлайн-есеп.
Бағасы: 7 980 тг бастап

 

Мамандарды іздеу: жинастыру, жөндеу, салу, тасымалдау және жеткізу

 

Білікті көмек іздеу бойынша сервис: электрик қызметтері, үй-жайларды жинау, тұрмыстық жөндеу, құрылыс, жүргізушілер, шабармандар, жүк тиеушілер, бала күтушілер, бақшылар және тіпті химиялық тазалау.
Бағасы: келісім бойынша

 

Өз ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін тарауына өткіңіз және мақалаларды оқыңыз. Біз кеңестер береміз және стартап үшін ақшаны қалай табуға болатыны жайлы, алғашқы жарты жыл ішінде дәрменсіз болып қалмау жайлы және өз компанияңызды қалай тиімді басқаруға болатыны жайлы айтып береміз.

 

 

Тақырып бойынша материалдар