Мейрамхана ашу және нарықта қалу

 
Қазақстанда мейрамханалар мен шатханалардың 90% жұмысын бастаған алғашқы жылы жабылып қалады. Сондықтан мейрамхана жобасын іске енгізу алдында ең алдымен нарықты зерттеу қажет. Жақсы жаңалық: кәсіпқой маркетолог болу немесе қымбат талдау жасауға тапсырыс беру міндетті емес. Басында жалпы баға беру жеткілікті.

 

Нарықты зерттеу

Сіздің зерттеулеріңіз дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

  • Баға сегментінде және мақсатты аудиторияның арасында сізге кім бәсекелес болады? Олар қай ауданда орналасқан? Осы ақпараттың негізінде сіз өз шатханаңыз немесе мейрамханаңыз үшін локация таңдайтын боласыз.
  • Бәсекелестердің ас мәзірін (дизайнын, типографикасын, сұрыптамасын) бағалаңыз, тағамдарды әкелу мерзімін өлшеңіз, қызмет көрсетуін, интерьері мен ерекшеліктерін қадағалаңыз. Әлеуетті бәсекелестердің тәжірибесін, артықшылықтары мен қателерін ескеру үшін олардың мейрамханасына барып көріңіз.
  • Клиент қанша төлеуге дайын? Оны не қызықтырады? Клиенттің орташа жасы нешеде? Бұл мақсатты аудиторияны анықтауға мүмкіндік береді. Өз мекемеңізді танымал ету үшін осы сұрақтарға өзіңіз үшін жауап беріңіз.
  • Шетелде және ірі қалаларда қалай жасайды? Шетелде қоғамдық тамақтану нарығында қандай трендтер бар? Оларды алдымен Алматы мен Нұр-Сұлтанда меңгереді. Сондықтан жаңа идеялар мен тұжырымдамаларды сол қалалардан қарап алуға болады.
  • Әлеуметтік желілер. Кез-келген мейрамхананың фейсбукте немесе инстаграмда парақшасы бар. Оларда жазылған пікірлерді және берілген бағаларды зерделеңіз, басқа мецрамханалар туралы не жазылғанын оқыңыз Себебі оларды шынайы адамдар жазады және бұл – ең бағалы кері байланыс. Қазақстанның мейрамханалық критикасы тобына кіріңіз. Ол топта мейрамханалардағы қателер туралы пікірлер мен ескертулер өте көп және сізге оларға жол бермеуіңізге болады.
  •  


    (Фейсбуктегі «Мейрамханалық критика» тобының скриншоты)

 

Тәжірибелік ақпаратты неғұрлым көп жинасаңыз, нарықта бағдарлану анағұрлым оңай болады және бірінші кезеңдерде қателерге жол бермеуге болады. Бәсекелестерді, сұранысты және заманауи беталыстарды бағалаудан тұратын нарықты талдау сіздің бизнесіңіздің негізі болып табылады. Жобамен шынайы жұмыс жасау мыналардан басталады: бизнес-жоспар, мекеменің тұжырымдамасы мен форматы, ас мәзірін әзірлеу, мейрамхананың дизайны және басқалары.

 

Светлана Лугина, «Ладушки» кондитерлер өнімдер желісінің бас директоры

 

Балғын пісірмені біз таңертең ерте пісіреміз. Адамдар жұмысқа бара жатқан жолда алып кетеді немесе таңғы ас ішуге келеді. Ет қосылған пісірмелер көбірек сатып алынады. Жыл сайын біз Италияға оқуға барамыз, кондитерлік көрмелерді барып көреміз, себебі өз өнімімізді үздіксіз дамытуға тиіспіз.

 

 

 

Константин Авершин, Red Dragon көше тағамдары желісін жасап шығарушы

 

Алдымен жылжымалы сату нүктесі болды. Ол арқылы клиенттердің ағынын сынадық, оның көмегімен қаланың әртүрлі аудандарындағы сұранысты қадағалауға және түскен табысты есептеуге болады. Содан кейін эксперименттің негізінде тұрақты сату нүктесін жасау туралы шешім қабылдадық. 

Сатып алушылардың кері байланысын зерделеңіз. Мысалы, тағамдардың вегетариандық желісіне сұраныс ұлғайып келе жатқанын анықтадық.

 

 

Пайданы қалай болжауға болады?

Пайда дегеніміз не? Тағамды әзірлеу үшін сіз азық-түлікке, аспазшының жұмысына, электр энергиясына, газға шығынданасыз. Пайда – бұл сіз тағамды сатқан баға мен сіздің шығындарыңыздың арасындағы айырмашылық.

Болашақта қандай пайда алуға болатынын қалай болжауға болады? Шығындарды есептеу оңай, ал табыстар туралы алдын ала ештеңе белгісіз, бірақ шынайы цифрлерді есептеу керек. Басқа мекемелердің көрсеткіштеріне сүйеніңіз, бірақ оларды кепілді табыс деп есептемеңіз, сіз үшін олар небәрі бағдар ғана. Порталға кәсіпкерлерге арналған тегін консультациялар бар. Мысалы, біз бухгалтериямен немесе бизнес-жоспарды әзірлеумен көмектесе аламыз. .

Есептеген кезде үш сценарий құраңыз, олар: теріс, оң және анағұрлым күтілетін.

Өзіңіздің баға сегментіңіздегі басқа мекемелерге барыңыз. Жұмыс күндеріндегі, мереке және демалыс күндеріндегі олардың клиенттерін есептеңіз, содан кейін орташа көрсеткіштерді шығарыңыз. Аптасына жеті күн ішінде отыру міндетті емес. Мысалы, автокөліктен қадағалауға болады. Өзіңізбен бірге қойын дәптер, қалам мен калькулятор алыңыз. Бұл зерттеу сізге артық қиялдан арылуға және шынайы цифрлерді болжауға көмектеседі.

 

Орынжай

Орынжайды сатып алуға немесе жалға алуға болады. Егер сіз математикалық тұрғыдан шығындар мен табыстарды дұрыс есептесеңіз, өз бизнес-моделіңізге сенімді болсаңыз және бизнесте қалуға шынайы ниет білдірсеңіз, онда орынжайды сатып алуыңызға болады. Жағдай ойдағыдай болмаса, кейін оны жалға бере аласыз.

Кез-келген жағдайда орынжайда міндетті аймақтарды: отырғызу аймағын, санитарлық түйінді, ас үйді және қойманы қарастыруыңыз қажет.

 

 

Ас мәзірін қалай құрастыру қажет?

Ас мәзірінде тағамдарды сипаттап қана қоймай, ең пайдалы жайғасымдарды сату қажет. Жақсы ас мәзірі арқылы клиентке көбірек ақша жұмсатуға болады.

Ас мәзіріндегі тағамдар 4 топқа бөлінеді:

  • «Жұлдыз» — танымал және пайда көп әкелетін тағамдар. Олар үшін қонақтар қанша болса да төлеуге дайын.
  • «Ойжұмбақ» — пайдалы, бірақ атағы шыға қоймаған жайғасым.
  • «Жегілетін жылқы» — танымал, бірақ пайда әкелмейді.
  • «Ит» — танымал да емес, пайда да әкелмейді.

Мейрамхананың тапсырмасы — танымал емес тағамдарды «жұлдызға» айналдыру, клиенттерді «жегілетін жылқылардан» бас тартуға және жаңа тағамдарға тапсырыс беруді мәжбүрлеу.

Міне, бірнеше мысал:

Жиынтықтар жайлы ойланыңыз. Жайғасымдардың комбинациясымен арнайы ұсынысты қалыптастырыңыз. Клиенттер үнемдегенді ұнатады, бірақ шын мәнісінде олар артығымен сатып алады.

Тағамдарды қымбатынан арзанына қарай емес, шашыратып орналастырыңыз. Бұл ас мәзірі прайс-параққа айналмауы үшін қажет, сонда қонақтар қымбат емес жайғасымдарға бірден ауыспайды. 

Жоғарғы оң жақ бұрыш – ең тиімді орын. Ас мәзірін ашқан кезде клиент алдымен сол жерге қарайды, содан кейін төмен қарай қарайды. Сол жерге ең тиімді тағамдарды орналастырыңыз.

 

 

Мейрамханаларға арналған цифрлік сервистер — оларсыз болмайды

 

 

Бағдарламалардың көмегімен үстелдерді брондап қоюға, тапсырыстарды қабылдауға және оларды ас үйге табыстауға болады. Тапсырысты дайындаған кезде аспазшы тапсырысты дайындайды, даяшыға хабарлама жібереді. Бағдарламалардың көмегімен сатылымдар бойынша және ең танымал тағамдар бойынша есептерді және аналитиканы құрастыруға болады. Мұндай бағдарламалар есепке алу жүйелері болып табылады.

Автоматты түрде есепке алу уақытты үнемдейді және адам факторын болдырмайды. Түгендеуді жүргізіңіз, акциялар өткізіңіз, сатылымдар туралы есептерді жылдам әрі қатесіз құрастырыңыз. 

Paloma365 — осындай ұсыныстардың бірі.

 

Сауданы, қоғамдық тамақтандыру және қызмет көрсетуді автоматтандырудың
Бағасы: 6 048 тг бастап

 

Кассаны орнатыңыз

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап онлайн-БКМ ғана пайдалануға міндетті. Бұл не және қандай түрлері болатыны туралы біздің материалымыздан оқыңыз. Егер сіз БКМ 2019 жылы сатып алсаңыз, онда сізге бір реттік салықтық жеңілдік түрінде өтемақы төленуі тиіс. Бұл не үшін керек және оны қалай алуға болатыны туралы осы жерден оқыңыз.

Сай келетін кассалық аппаратты біздің порталымыздан табуға болады:

 

Тақырып бойынша материал: Онлайн-БКМ қалай таңдауға болады?

 

 

 

Мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау 

Біз порталда тегін консультацияларды ұйымдастырдық. Қажет тарауды және сізді қызықтыратын сұрақты таңдаңыз. Консультанттар сайт жасауға көмектесе алады, салықтық есептерді қалай тапсыру керектігін айтып береді, 1С бағдарламасын ретке келтіреді және тіпті бизнес-жоспар құрастыра алады.

 

 

Светлана Лугина:

 

Мені несие алудан қорқамын. Егер алсам да, қысқа мерзімге ғана аламын. Мен түні бойы қарызды уайымдап уйықтамағанша, нысанды ұзағырақ салуды қалаймын. Бірақ сіздерде жақсы консультанттар бар, жоспар нақты есептелген, яғни саналы тәуекелге баруға болады. Ешбір жағдайда өз отбасыңыздың, өзіңіздің мүлкіңізді кепілге қоймаңыз. Бизнес – бұл авантюризм, бірақ алдымен барлығын есептеу қажет. 

 

 

Команда

Бейінді емес тапсырмаларды мысалы, бухгалтерияны, күзетті, іс-шараларды ұйымдастыруды аутсорсингке тапсырыңыз. Найми сервисін пайдаланыңыз.

Егер сізде бухгалтер болмаса және сіз қаржыларды өз бетіңізше жүргізудің оңай әдісін іздесеңіз. Бұлтты бухгалтерияны таңдаңыз. Бухта сервисіне жүзігініңіз, бұл – «қашықтан» бухгалтерлік қолдау көрсету.

 

Білікті көмек іздеу бойынша сервис: электрик қызметтері, үй-жайларды жинау, тұрмыстық жөндеу, құрылыс, жүргізушілер, шабармандар, жүк тиеушілер, бала күтушілер, бақшылар және тіпті химиялық тазалау.
Бағасы: келісім бойынша
Жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық режимі бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін бухгалтерлік онлайн-есеп.
Бағасы: 8 937,6 тг бастап
Консультация береміз, ЖК немесе ЖШС тіркейміз, бухгалтерияны ретке келтіреміз, сауданың есебін жолға қоямыз, есептерді дайындап, өткіземіз, салықтарды есептеп, төлейміз, жұмыскерлер еңбегінің есебін жасаймыз. Демалыссыз тәулік бойы жұмыс істейміз.
Бағасы: 10 000 тг-ден бастап

 

Ілгерілету

 

Біздің порталымызда сіз компанияның қарапайым визитка-сайтын немесе карточкасын жасай аласыз, ол жерде сіз көрсетілетін қызметтеріңіз, қызметкерлеріңіз туралы ақпаратты жариялай аласыз, грамоталар мен сертификаттарды қоса аласыз.

Әлеуметтік желіде парақшаны жүргізу басында оңай іс сияқты көрінеді, бірақ шын мәнісінде бұл тұста да тырысу қажет және барынша зейінді және креативті болу қажет. Посттарды жүйелі түрде жариялаңыз, сауалнамалар жүргізіңіз, таргетингті күйлеңіз және жазылушылардың пікірлері мен хабарламаларына анағұрлым жылдамырақ жауап беруге тырысыңыз. Қонақтарыңыз алдырған пікірлермен және ескертулермен жұмыс жасаңыз.

 

 

Ұсынамыз

 

Возможности

 

  • Автоматизация бизнес-процессов

  • Контроль персонала

  • Складской учет

  • Системы лояльности

    Скидки, сертификаты, подарки, акции.

 

 

Онлайн бейнебақылау

Бейнебақылау және жазбаларды сақтау. Өз камераларыңызды қорғалған арнаға жалғаңыз және деректерді біздің серверде 30 күнге дейін сақтаңыз. Смартфоннан немесе компьютерден нақты уақыт режимінде қадағалау.

Сіз камералардың санын және камераларды орналастыру сызбанұсқасын өз бетіңізше анықтай аласыз.

Толығырақ

 

 

Wi-Fi Target

Wi-Fi Target қоғамдық орындарда: әуежайларда, кафелерде, саябақтарда, сауда орталықтарында, мейрамханаларда және қонақ үйлерде орнатылады.

Сіздің келушілеріңіз сіздің мекемеңіздің желісіне еркін қосыла алады, ал сіз — тіркелу кезінде ол енгізетін ашық деректерді: аты-жөнін, туған күнін, тұрғылықты ауданын және тіпті оған қандай кофе ұнайтындығын жинай аласыз. Бұл деректерді науқандар мен жіберілімдер кезінде нүктелі түрде пайдаланыңыз.

Толығырақ

 

Тақырып бойынша материалдар