Кез келген кәсіпкер қаржыландыру немесе ұйымдастыру бойынша көптеген қиындықтармен кездеседі. Бизнесте жаңа бастама жасап жатқан кәсіпкердің көптеген күмәндары мен қорқыныштары болады, дегенмен өзнің бизнесінен табыс табатынына да үмітін үзбейді. Кеңсе жұмыстарын жеңілірек атқару үшін немесе бизнестен айнып қалмай тұрғанда мемлекеттен көмек алуға болады. Мемлекет бастама үшін қаржылай көмек береді және бизнесті жүргізу бойынша кеңес береді. Кеңсе жұмыстарын жеңілірек атқару үшін немесе бизнестен айнып қалмай тұрғанда мемлекеттен көмек алуға болады. Мемлекет бастама үшін қаржылай көмек береді және бизнесті жүргізу бойынша кеңес береді.
«Атамекен» қызметтерін «бір терезе» қағидаты арқылы көрсетеді. Жеке сайт ашу, кедендік мағлұмдаманы рәсімдеу және де бухгалтерлік бағдарламаны орнату бойынша көмек көрсетеді. Қызмет алу үшін «Тапсырыс беру» батырмасын басыңыз.
Бағдарламаның 4 негізгі бағдарламасы бар:
Несиелік ұйымдар және холдингтер, қорлар мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үстінде. Әр ұйымға жұмыс көлемі бөлінген. "Атамекен" кәсіпкерлік ұлттық палатасы "Жол картасы" бағдарламасының операторларының брі. Кәсіпкерлерге қаржылық емес қызметтер бойынша кеңес береміз.
«Атамекен» жаңадан бизнес бастаған кәсіпкерлер мен тәжірибелі кәсіпкерлерге туындайтын барлық сұрақтар бойынша көмек көрсетеді. Мамандардыі кеңесін кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығынан алуға болады.
КҚКО бизнесіне заңгер, бухгалтер немесе IT-маман жалдай алмайтын кәсіпкерлер үшін жұмыс жасайды. КҚКО барлық кеңестері тегін.
Қызмет 4 бөлікке бөлінген:
КҚКО-на қандай сұрақтар бойынша жүгінуге болады:
Алматы қ. | Гоголь к., 111 | 8 (727) 259-79-60, 244-55-66, 244-55-77 |
Достық д., 160 | 8 (727) 331-01-33 | |
Гагарин д., 10 | 8 (727) 229-18-22 | |
Астана қ. | Қажымұқан к., 8А | 8 (7172) 91-90-87, 55-91-99 |
Достық к., 18 | 8 (7172) 91-90-87, 91-90-80 | |
Ақтау қ. | 35 ш.а., 2 ғимарат | 8 (7292) 30-40-40 |
Ақтөбе қ. | Сәнкібай батыр к., 22 К | 8 (7132) 74-46-07, 55-24-36 |
Атырау қ. | Азаттық д., 17 | 8 (7122) 76-36-59 |
Қарағанды қ. | Ермеков к., 29 ү. | 8 (7212) 50-40-55 |
Көкшетау қ. | Ақан Сері к., 46А/1 | 8 (7162) 72-24-88 |
Қостанай қ. | Әл-Фараби д., 116 | 8 (7142) 39-42-08, 99-03-00, 99-03-05 |
Қызылорда қ. | Әйтеке би к., 28 | 8 (7242) 40-09-81 |
Павлодар қ. | Ломов к., 21 | 8 (7182) 67-62-21, 66-03-11 (ін.5511, 5520) |
Петропавл қ. | Жабаев к., 191 | 8 (7152) 50-36-15, 50-98-10 |
Семей қ. | Абай а., 5 | 8 (7222) 60-00-55, 52-01-59,60-00-57; |
Талдықорған қ. | Төлебаев к., 86 | 8 (7282) 55-87-10, 24-17-27 |
Тараз қ. | Желтоқсан к., 94 | 8 (7262) 55-59-00, 99-94-75, 99-94-76 |
Түркістан қ. | Қожанов к., 42 | 8 (72533) 31585, 87017998650 |
Орал қ. | Т. Масин к., 67/2 | 8 (7112) 50-05-84, 55 48 10 |
Өскемен қ. | Жеңіс д., 6 | 8 (7232) 25-12-87, 70-29-52. 56-05-91, 56-05-90; |
Шымкент қ. | Қунаев ж. 83/1, | 8 (7252) 99-80-10, 28-32-90 |
Байтұрсынұлы к., 88 Б |
"Атамекен" оқыту бағдарламаларының барлығы тегін.
Өз деңгейіңізге байланысты курс қарастырсаңыз болады. Олар кез келген көлемде жұмыс жасайтын кәсіпкерлерге арналған.
Бұл курстарда қатысушылар бизнес-жобаны және мемлекеттің көмегімен қалай қолдану керек екенін, тәуекелдің алдын алу, қызметтердің сапасын арттыру жолдарын үйренеді. Сіз жаңа серіктес табуды, маркетинг жүргізуді, нарықты зерттеуді және қызметкерлерді басқаруды үйренесіз.
Бизнес-кеңесші
Бизнеспен айналысуды жоспарлайтын, өз фирмасы жоқ адамдарға арналған 2-күндік оқыту бағдарламасы.
Кім қатыса алады
Барлық жеке тұлғалар
Нені үйретеді
Бизнесті неден бастау керек және қандай тәуекелдер бар. Бизнес-жобаны бастау және қызметкерлерді жұмысқа алу. Бухгалтерияны және салық бойынша есепті қалай жүргізу керек.
Оқудың пайдасы
Оқу аяқталған соң қатысушылар куәлік алады. Куәлік басқа да маңызды бағдарламаларды оқу мүмкіндігін береді. Куәлік арқылы "Жол картасы" аясындағы көмекқаржыларға таласу мүмкіндігі бар.
Бизнес-өсім
Кім үшін
"Бизнес-көмекші" оқуын аяқтаған жаңа бастаушы бизнесмендерге және жеке кәсібі бар бизнесмендерге арналған.
Нені үйретеді
Уақыт, қаржы, адамдар, шикізат және материал сияқты қорларды қалай басқару қажет. Сіз өзіндік құнды төмендету мен тауардың сапасын арттыруды үйренесіз. Адамның ықпалын төмендету мен жұмыс үрдісін басқаруды көрсетеді.
Жобалық оқу
Нені үйретеді
Бизнесті дамыту бойынша мамандандырылған білім аласыз. Ағымдағы жобалар мен өндіріс орындарында нақты мәселелерді шешетін боласыз. Салалық мамандар мен тәжірибелі бизнесмендердің кеңестерін аласыз.
Кім үшін
Бұл курс нақты жобаға қатысқысы келетін, өз қателіктерін білгісі келетін, кедергілерді зерттегісі келетін және тәжірибе жинағысы келетін бизнесмендерге арналған.
Аға мырзалар
Кім үшін
Шағын және орта бизнестің жетекшілеріне арналған
Нені үйретеді
Оқытуды шақыртылған шетелдік мамандар жүргізеді. Курста басқарудың жаңа тәсілін, өндірісті және қызметкерлерді оқытуды үйретеді.
Шарттар
Мамандарды іздеу мен жұмысқа алу, ұшу және оқыту республикалық бюджеттен төленеді.
Тасымал, тәуліктік шығын, өмір сүру үшін ШОБ өз қаражатынан төлейді.
Іскерлік байланыс
Бұл курс кімге арналған
Халықаралық нарыққа шыққысы келетін және шетелді серіктес іздейтін компанияларға арналған.
Бағдарламаға кім қатыса алады
Қатысушылар үшін екі шарт:
Оқудан соң пайда болатын мүмкіндіктеріңіз:
Оқу 2 деңгейден тұрады
Бірінші деңгейде сіз маркетинг пен бизнесті жүргізудің заманауи әдістерін үйренесіз. Қатысушылар қазақстандық және шетелдік әдіспен өз өндіріс орнына бизнес-жобасын заманауи әдіспен құрады.
Екінші деңгейде – шетелдік тағылымдама. Бұл деңгейге ауысу үшін сіз іріктеуден өтесіз. Комиссия таңдауы сіздің бағаңыз бен бірінші деңгейдегі нәтижелереңізге байланысты болады.
Оқыту курстарына қалай жазылуға болады
Атаулы курстарға жазылу үшін аймақтық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына бару қажет. КҚКО-да жеке куәлікті көрсету қажет және өтінімді толықтыру қажет. Сізге оқу кестесін көрсетеді және барлық сұрақтарыңызға жауап береді.