ebrr

 

Еуропалық қайта құру және даму банкінен кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары

 

Еуропалық қайта құру және даму банкі 1991 жылы құрылған. Ол шағын және орта кәсіпкерлікті инвестициялаумен айналысады және бизнесмендер үшін қызмет көрсетеді. Банкте кәсіпкерліктің әр түрлі сегменттеріне бағытталған бірнеше жобалар мен бағдарламалар бар. Банк кеңес береді және қаржылық көмек көрсетеді.

 Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) үздік дүниежүзілік тәжірибелер негізінде кәсіпкерлерді қаржы ресурстарына, ноу-хау мен ақпаратқа қол жеткізумен қамтамасыз ете отырып, бизнесті ынталандырудың түрлі құралдарын әзірлейді және ұсынады.

 

«Бизнестегі әйелдер»

Бағдарлама әйелдер басқаратын Қазақстанның жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарына қолдау көрсету үшін әзірленген.

Консалтинг

Банк консалтингтік қызметтерге жұмсалған жалпы соманың 60%-ын қайтарады:

  • стратегияны әзірлеу;
  • маркетинг және сандық технологиялар;
  • ұйымдастыру құрылымы;
  • операциялық қызметті құру;
  • автоматтандыру;
  • сапаны басқару;
  • қаржыны басқару;
  • сертификаттауға дайындық;
  • басқа да қызмет түрлері.

 

Бизнес-коучинг:

Біз сондай-ақ бизнесті дамыту бойынша ең маңызды үш бағыт анықталатын бизнес-коучинг жобалары бойынша шығындардың бір бөлігін өтейміз.

Тәлімгерлік

Басшы әйелдер бизнес-жаттықтырушылардан тәлімгерлік сабақтар мен кеңестер ала алады және «отбасы-жұмыс» оңтайлы теңгерімін құра алады.

Тренингтер:

Біз көшбасшылық, ұйымдастырушылық дамыту, интернет-маркетинг, қаржылық басқару, ақпараттық және компьютерлік технологияларды пайдалану сияқты негізгі дағдыларды дамытуға бағытталған тренингтерді ұсынамыз.

Несие беру

Сіз «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасы бойынша несие ала аласыз. Ал егер сіздің ісіңіз экономиканың басым секторына жататын болса, онда сіз «Даму» қорынан субсидия алуға үміттене аласыз

Шетелдік сарапшылар

Егер Сіздің бизнесіңіз өсіп, табысты болса және жылдық түсіміңіз 1 млн еуродан асатын болса, онда банк одан әрі даму стратегиясын әзірлеу үшін халықаралық сарапшыларды шақыруға дайын. ЕҚДБ осындай жобалар құнының 80%-ына дейін жабады.

 

 

«Шағын бизнес үшін кеңес беру» бағдарламасы

Бағдарлама экономиканың басым секторларында жұмыс істейтін Қазақстанның жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарына қолдау көрсету үшін әзірленді.

 

Консалтингтік қызметтер

Банк консалтингтік қызметтерге жұмсалған жалпы соманың 25%-дан 75%-ға дейінгі бөлігін қайтарады:

  • Стратегиялық басқару
  • Маркетинг
  • Ұйымды басқару
  • Процестерді басқару
  • Ақпараттық технологиялар
  • Сапа менеджменті
  • Шетелдік сарапшылар
  • Консалтингтік қызметтердің басқа да түрлері

Шетелдік сарапшыларды тарту:

Егер Сіздің бизнесіңіз өсіп, табысты болса және жылдық түсіміңіз 1 млн еуродан асатын болса, онда банк одан әрі даму стратегиясын әзірлеу үшін халықаралық сарапшыларды шақыруға дайын. ЕҚДБ осындай жобалар құнының 80%-ына дейін жабады.

 

 

Қосымша материалдар және бағдарламаларға қатысу шарттары

Халықаралық сарапшылардан шағын бизнеске арналған кеңестер (жүктеу)

Еуропалық қайта құру және даму банкінен бизнеске арналған кеңестер (жүктеу)

«Бизнестегі әйелдер» (жүктеу)

 

 

Пікір жазу

 

0 Комментарии