E-Kassa — сіздің бизнесіңізге арналған тегін бақылау-кассалық машина

E-Kassa— бұл Қазақтелеком АҚ фискалдық деректер операторының серверіне (ФДО) фискалдық деректерді белгілеу және табыстау функциясы бар тегін бақылау-кассалық машина (БКМ).
 

БКМ мемлекеттік тізілімінде мына нөмірмен тіркелген: 257
 

Онлайн режимінде ФДО серверіне қосылу үшін БКМ TCP/IP қосылу хаттамаларын және CPCR жоғарғы деңгейіндегі деректермен алмасу хаттамасын пайдаланады.

БКМ кассалық операцияларды тіркеуге және бақылауға, ақша қаражаттарын есепке алуға, жасалатын операциялар туралы деректерді ФДО серверіне беруге арналған. БКМ келесі функцияларды қолдануы қажет сауда және қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін компанияларда қолданылуы мүмкін:

Қолма-қол және ақшасыз есеп айырысу үшін сатылымды/сатып алуды тіркеу

Чекті қағазда басып шығару немесе электрондық түрде беру

Сату уақыты мен күнін белгілеу

Саны бойынша тауардың құнын есептеу

Еркін бағамен сату

Акциздік марканың кодын көрсете отырып сату

Жеңілдіктерді/үстемелерді есептеу

Сатып алушыға берілген қайтарымды есептеу

Сатылымды немесе чекті жою, түзету

Ақша сомаларын сатуды/сатып алуды қайтару

Ақша сомаларын енгізу және алып қою

Есептемелерді басып шығару

БКМ деректер базасында ақпаратты сақтау

БКМ автономды режимде жұмыс істеу кезеңінде жинақталған бақылау чектері туралы ақпаратты БКМ деректер базасында сақтау

Принтерді USB, Bluetooth порты арқылы қосу

Штрих-код сканерін USB, Bluetooth порты арқылы қосу



E-Kassa — бұл сіздің бизнесіңізге бейімделетін БКМ



Пайдаланушылар үшін
 



Өндірушілер мен интеграторлар үшін
 



Барлық мәліметтер бойынша төменде көрсетілген нөмірлерге хабарласыңыз