ЖАРИЯ ОФЕРТА ШАРТЫ

 

 

«Қазақтелеком» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Әкімші») шағын және орта бизнес үшін «ISMET.KZ» ашық цифрлық тұғырнамасында қызметтерді көрсету туралы Шартты жасасу туралы осы ұсынысты жариялады, оның шарттары кез-келген мүдделі тұлғаның мекен-жайына қатысты төменде келтірілді, осы ұсыныстың акцепті (қабылдау) жағдайында, бұдан әрі «Пайдаланушы» деп аталады.

 

1. ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛЫҚТАР

1.1. «Шарт» - Әкімші мен Пайдаланушы белгілі тәртіпте жасасқан осы Шарт.

1.2.   «Оферта» - Тараптар оны жасасқанға дейін Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 395-бабының 5-тармағына сәйкес Жария оферта болып табылатын Шарттың (Пайдаланушының акцептінің) мәтіні.

1.3.   «Ашық цифрлық тұғырнама» (бұдан әрі - АЦТ) – «бірыңғай терезе» қағидасы бойынша Цифрлық сервистер түрінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың құралдарын жеке тұлғаларға (с.і. жеке кәсіпкерлерге) және заңды тұлғаларға ұсыну үшін арналған, https://ismet.kz электрондық мекен-жайы бойынша ғаламтор желісінде орналасқан сайттың ғаламторы түрінде Әкімшінің электрондық ақпараттық жүйесі.

1.4.    «Цифрлық сервистер» – Серіктестер АЦТ-ға орналастыратын бағдарламалық өнімдер немесе Пайдаланушыларға онлайн-сервис бойынша автоматтандырылған қызметтерді алуға мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыздандыру.

1.5.   «Контент» – зияткерлік қызметтің нәтижесі болып табылатын немесе ондай болып табылмайтын, оған деген құқықтар Әкімшіге немесе өзге тұлғаларға тиесілі, және бизнесті жасауға және/немесе дамытуға бағытталған АЦТ-ғы мәтіндік, графикалық, аудиовизуалдық (видео) форматтарда ұсынылған кез-келген ақпарат.

1.6.   «Пайдаланушы» – осы Офертаның шарттарын қабылдаған және Шартты жасасқан, АЦТ-да тіркелген және Қызметтерді өз мүдделері үшін пайдаланған немесе өз атынан және өкілдейтін заңды тұлғаның мүдделері үшін әрекет ететін жеке тұлға.

1.7.   «Әлеуетті пайдаланушы» – осы Офертаның шарттарын қабылдауға және Шартты жасасуға ниет білдірген, өз атынан немесе өзі өкілдейтін заңды тұлғаның мүдделері үшін әрекет ететін жеке тұлға.

1.8.   «Серіктес» - АЦТ-мен интеграцияланған Цифрлық сервис арқылы өз қызметтерін Пайдаланушыларға сату мақсатында Әкімшімен лицензиялық (серіктестік) шартты жасасқан кәсіпкерлік субъекті.

1.9.   «АЦТ-да тіркеу» - Әлеуетті пайдаланушының тарапынан АЦТ-да нысанды толтыруға негізделген тегін, ерікті процедура. Тіркеу осы Офертаға сәйкес бірнеше кезеңмен жүргізіледі және оған Әлеуетті пайдаланушының өзі туралы шынайы ақпаратты (тегі, аты, әкесінің аты (егер болса)), электрондық поштасының мекен-жайын, ұялы телефонының нөмірін көрсетуі кіреді, сонымен қатар АЦТ-да авторластыру және АЦТ пайдалану іске асырылатын дербес логин мен құпия сөзді қалыптастыру, Әлеуетті пайдаланушының ұялы телефонының нөміріне SMS-хабарламамен Активациялау кодын жіберу арқылы ұялы телефонның нөмірін растау және одан кейін телефон нөміріне келген кодты алдын-ала тіркеу (есептік жазбаны қалпына келтіру) кезінде өріске енгізу, сондай-ақ Әлеуетті пайдаланушыны Пайдаланушының жазбасына бекіту кіреді.

1.10.         «Активациялау коды» – Әлеуетті пайдаланушы АЦТ-да тіркелген кезде көрсеткен ұялы телефон нөміріне ұялы байланыс операторы SMS-хабарламалар арқылы жіберген сандардың бірегей бірізділігі.

1.11.      «Пайдаланушының жеке кабинеті» - АЦТ-ң ерекше бөлімі, ол Пайдаланушыға АЦТ-ғы өз әрекеттері туралы барлық деректерге, соның ішінде, бірақ шектелмей, өзінің жеке шотының күйі туралы деректерге және статистикалық ақпаратқа, тапсырыстың егжей-тегжейлеріне, Цифрлық сервистер бойынша төлемдерге қолжетімдік алуға мүмкіндік береді.

1.12.      «Пайдаланушының жеке шоты» - Пайдаланушының төлемдері және Қызметтер үшін ақы ретінде төлемдердің деректерінен шегерілген (есептен шығарылған) ақша қаражаттары сомалары тиянақталатын есептеуіш. Жеке шоттың бірегей нөмірі (сәйкестендіргіш), типі және өңірге байланысы бар.  

1.13.     «АЦТ» – Пайдаланушыға қажетті ақпаратты жариялау және ұсыну, серіктестердің өнімдері мен қызметтерін алуға сауал, сұратылған және өмірлік циклінде ұсынылған қызметтерді басқару сияқты құндылығы бар нәтижелі әрекеттерді жасауға мүмкіндік беретін АЦТ-ң атқарымдарының жиынтығы.

1.14.      «Қызметтер» - Әкімшінің Пайдаланушыға осы Шартта белгіленген шарттармен Цифрлық сервистерді пайдалануға қолжетімдік беруі. Әкімші ұсынатын Қызметтердің тізілімі АЦТ-да келтірілген.

1.15.      «АЦТ пайдалану ережелері» - АЦ пайдалану тәртібін регламенттейтін шарттар, оларға АЦТ пайдаланған кезде Пайдаланушының әрекеттеріндегі шектеулер, сондай-ақ осындай ережелерді орындамағаны үшін Пайдаланушының жауапкершілігі кіреді. АЦТ пайдалану ережелерін орындау осы Шартты қабылдаған Пайдаланушы үшін қажетті шарт болып табылады. АЦТ пайдалану ережелерін Әкімші Пайдаланушыға алдын-ала хабарламай, кез-келген уақытта өзгертуі мүмкін. Осындай өзгерістер туралы Әкімші АЦТ-да ақпарат жариялау арқылы хабарлайды. Ережелер өзгертілгеннен кейін АЦТ пайдалануды жалғастыру Пайдаланушының осындай өзгерістермен келісетінін білдіреді.

1.16.      «SMS-хабарлама» – ұялы байланыс операторы Әлеуетті пайдаланушыға / пайдаланушыға активациялау кодын немесе Цифрлық сервистерді пайдалану туралы хабарламаларды жіберу үшін ұялы байланыс желісі арқылы ақпаратты қабылдау және тарату бойынша көрсететін қызмет.

1.17.      «Электрондық мекен-жайы» - Әлеуетті пайдаланушы АЦТ-да тіркеу нысанында көрсеткен және мынадай жағдайларда (с.і. электрондық пошта өзгерген жағдайда) хабарламалар алу үшін арналған электрондық поштаның мекен-жайы:

1.17.1.        Пайдаланушының қызметтік хабарламалар алуға жазылуы;

1.17.2.        құпия сөзді қалыптастыру;

1.17.3.        генерацияланған жаңа құпия сөзді алу.

1.18.     «Электрондық цифрлық қолтаңба» (бұдан әрі – ЭЦҚ) – Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығы берген электрондық цифрлық қолтаңбаның құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың шынайылығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермеуін растайтын электрондық символдардың жиынтығы.

 

2. НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАР

2.1.   Осы Офертаның акцепті бойынша әрекеттерді жасау (Офертаны қабылдау), АЦТ-да алдын-ала тіркелген кезде осы Офертаның шарттарымен келісім беру туралы өрісте белгі (құс белгі) қою және АЦТ-да алдын-ала тіркелу процедурасын өту арқылы Пайдаланушы өзінің құқықтық қабілеті мен іс-әрекетке қабілетін, сондай-ақ Әкімшімен шарттық қатынастарға түсу бойынша заңды құқығын растайды.

2.2.   Қандай да бір шегерімдерсіз және шектеулерсіз осы Шарттың талаптарымен толық және сөзсіз келісу (акцепт) Пайдаланушының АЦТ сервисін пайдалану арқылы, атап айтсақ, Пайдаланушының АЦТ-да алдын-ала тіркелуі, авторластырылуы (сәйкестендірілуі) бойынша әрекеттерді орындауы (Пайдаланушының бірегей сәйкестендіргіштерін (құпия сөзі мен логинін) тіркеу парағына және/немесе кез-келгін кіру парағына енгізу) арқылы оның Сервис ұсынған шарттармен айқын келісетінін және қабылдауын білдіреді.

2.3.   Егер Әлеуетті пайдаланушы осы Офертаның шарттарымен келіспесе немесе оның акцепті үшін қажет барлық құқықтары мен өкілеттіктері болмаса, онда Әлеуетті пайдаланушының осы Офертаның акцепті (Офертаны қабылдау) үшін құқығы жоқ. Кері жағдайда Әлеуетті пайдаланушы жосықсыз әрекет етеді, ал осымен байланысты бұзушылықтар пайда болса, онда Әкімші осындай бұзушылықтардың себептері туралы білмегенін және білмеуі тиіс екенін мойындайды.

2.4.   Осы Оферта https://ismet.kz мекен-жайы бойынша ғаламтор желісінде жарияланған сәттен бастап күшіне енеді және оны Әкімші қайтарып алған сәтке дейін әрекет етеді.

2.5.   Әкімші кез-келген уақытта өз пайымдауы бойынша Офертаның немесе (және) Шарттың талаптарын өзгертуге, сондай-ақ Шартты қайтарып алуға немесе (және) бір жақты бұзуға құқылы. Әкімші Шартты немесе (және) Офертаны өзгерткен жағдайда Шарттың немесе (және) Офертаның талаптары https://ismet.kz мекен-жайы бойынша ғаламтор желісіне жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.

2.6.   Шарттың жаңа редакциясын АЦТ-да жариялау Пайдаланушыға енгізілетін өзгерістер туралы тиісті түрде хабарлау болып табылатынын Пайдаланушы мойындайды.

2.7.   Пайдаланушы Шарттың АЦТ-та жарияланған жаңа редакциясымен өз бетінше танысуға міндеттеледі және онымен таныспау / уақтылы таныспау салдарынан туындайтын барлық тәуекелдерді өз мойнына алады.

2.8.   АЦТ-да алдын-ала тіркеуден өткен кезде осы Офертаның шарттарымен келісім беру туралы өріске белгі (құс белгі) қою және АЦТ-да алдын-ала тіркелу процедурасын өту арқылы Пайдаланушы «пайдалы хаттардың»: АЦТ контенті туралы, Әкімшінің және/немесе оның серіктестерінің Цифрлық сервистері мен басқа қызметтері туралы ақпарат келтірілген ақпараттық хабарламалардың, жарнамалық таратылымдардың Әкімшіден және/немесе оның серіктестерінің SMS-хабарлама және (немесе) электрондық пошта арқылы таратылуымен келіседі.

2.9.   Осы Офертаның акцепті (Шартты қабылдау) арқылы жасалған осы Шарт Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының нормаларымен регламенттеледі.

 

3. ШАРТТЫҢ МӘНІ

3.1.   Осы Шарт АЦТ сервисін және Цифрлық сервистерді пайдалану барысында Әкімші мен Пайдаланушының арасында туындайтын қатынастарды реттейді.

3.2.   АЦТ-да осы Офертаның акцепті (қабылдауы) сәттен бастап Қызметтерге қолжетімдік алуға ниет білдірген тұлға Пайдаланушы болып табылады және осы Шартта қарастырылған жауапкершілікті өз мойнына алып, міндеттерді орындайды.

 

4. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

4.1.        Әкімшінің міндеттері:

4.1.1.   Пайдаланушыға осы Шарттың 5-ші және 6-шы тарауларына сәйкес Қызметтерді пайдалану мүмкіндігін беру.

4.1.2.   Пайдаланушының дербес деректерін заңсыз қолжетімдіктен, өзгертуден, ашудан немесе жоюдан қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдау.

4.1.3.   АЦТ-да жариялау арқылы және/немесе электрондық хабарламаларды электрондық мекен-жайларға жіберу арқылы Пайдаланушыға Қызметтерді көрсету шарттарына қатысты маңызды мәліметтерді хабарлау.

4.1.4.   Пайдаланушыға 8 800 080 0807 телефон нөмірі арқылы техникалық және ақпараттық қолдау көрсету.

4.2.        Әкімшінің құқықтары:

4.2.1.   Пайдаланушының есептік жазбасын жою немесе АЦТ-да жарияланған кез-келген ақпаратқа қолжетімдікті шектеу, сондай-ақ есептік жазбаны жойғанға дейін бір күн бұрын Пайдаланушыға алдын-ала хабарлау арқылы Пайдаланушының Цифрлық сервистерге және АЦТ сервисіне қолжетімдігін шектелмеген мерзімге бұғаттау немесе Пайдаланушы Шарттың талаптарын бұзған жағдайда оның қолжетімдігін шектеу. Пайдаланушы осы Шартты бұзуы себебінен Пайдаланушының есептік жазбасын жойған сәттен бастап Пайдаланушымен арадағы осы Шарт бұзылды деп есептеледі.

4.2.2.   Техникалық, технологиялық немесе өзге себептер бойынша Пайдаланушыға Қызметтер көрсетуді уақытша тоқтата тұру.

4.2.3.   Егер Әкімшінің меншікті ресурстары болып табылмайтын ақпараттық-көліктік арналарды пайдаланудың мүмкін болмауымен, не болмаса үшінші тұлғалардың әрекетімен және/немесе әрекетсіздігімен шартталса, егер бұл Цифрлық сервистердің жұмысына тікелей әсер етсе, соның ішінде апаттық жағдайлар кезінде Цифрлық сервистердің жұмысын тоқтатып тастау. Әкімші Пайдаланушының алдында ешқандай жауапкершілік тартпайды және Пайдаланушыға қандай да бір залалдарды және/немесе ұтылған пайданы өтемейді, с.і. Цифрлық сервистердің жұмысындағы кідірістерге және жоғарыда аталған себептер бойынша Қызметтерді толыққанды пайдаланудың мүмкін болмауына байланысты келтірілген залалдарды өтемейді.

4.2.4.   АЦТ-да осы Шарттың жаңа редакциясын тарату арқылы Шартқа кез-келген уақытта өзгерістер енгізу.

4.2.5.   Өзгерістер туралы АЦТ-да жариялау арқылы қолданыстағы тарифтерді кез-келген уақытта түзету.

4.2.6.   Жарнамалық және басқа материалдарды АЦТ-да жариялау.

4.2.7.   Алдын-ала хабарламай, Цифрлық сервистерді жаңарту, Цифрлық сервистердің атқарымдарының жиынтығын, сыртқы түрін және жұмысының логикасын жаңарту. Егер осы жұмыстарды жүргізу нәтижесінде Цифрлық сервистердің жұмысында шектеулер туындаса, онда Әкімші оларды жүргізуге дейін кем дегенде үш күн қалған мерзімде Пайдаланушыға олар туралы хабарлауға міндеттеледі.

4.3.        Пайдаланушының міндеттері:

4.3.1.   Қазақстан Республикасы заңнамасының және осы Шарттың талаптарын орындау.

4.3.2.   Тіркелген кезде шынайы, толық және өзекті деректерді көрсету, олардың өзгергені туралы Әкімшіге дереу хабарлау.

4.3.3.   Пайдаланушы АЦТ-да авторластырылатын және АЦТ одан әрі пайдаланатын өзінің сәйкестендіру деректерін ашпау және үшінші тұлғаларға табыстамау.

4.3.4.   Пайдаланушының есептік жазбасын пайдадалану арқылы Қызметтерге рұқсат етілмеген (Пайдаланушы рұқсат етпеген) қолжетімдік берілген кез-келген жағдай туралы және/немесе өзінің құпия сөзінің құпиялылығының кез-келген бұзылуы (бұзылды деп күдіктену) туралы Әкімшіге дереу хабарлау.

4.3.5.   Шартпен, сондай-ақ оған енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен өз бетінше танысу.

4.3.6.   Қызметтерді пайдаланудың техникалық мүмкіндігін, сонымен қатар, ғаламтор желісіне қолжетімдікті, ақпаратты http хаттамасы бойынша таратумен үйлесімді бағдарламалық қамтамасыздандырудың және басқа қажетті құралдардың болуын өз тарапынан өз бетінше қамтамасыз ету.

4.3.7.   Қызметтердің ақысын уақтылы төлеу және төлемді растаған құжаттарды Цифрлық сервистер пайдаланылған мерзім ішінде сақтау.

4.4.        Пайдаланушының құқықтары:

4.4.1.   Қызметтерді кез-келген уақытта пайдалану.

4.4.2.   Әкімшіден электрондық хабарламалар түріндегі хабарламаларды электрондық мекен-жайына алу.

4.4.3.   Сұрақтармен және ұсыныстармен АЦТ техникалық қолдау қызметіне АЦТ-да қарастырылған тәсілмен жүгіну.

 

5. ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУ ТӘРТІБІ

5.1.        Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау үшін Әкімші Әлеуетті пайдаланушыға АЦТ-да алдын-ала тегін тіркелу процедурасын өтуді ұсынады, ол АЦТ-да орналасқан тіркеу нысандарының деректерді енгізу үшін міндетті жолдарын толтыруға негізделеді. Бұл ретте Әкімші Әлеуетті пайдаланушы ұсынған ақпараттың толықтығы мен шынайылығы үшін жауапкершілік тартпайды. Егер Әлеуетті пайдаланушы қате ақпаратты ұсынса немесе Әлеуетті пайдаланушы ұсынған толық емес немесе шынайы емес деп күдіктенуге Әкімшіде негіздеме болса, онда Әкімші Әлеуетті пайдаланушыға Қызметтерді көрсетуден өз пайымдауы бойынша бас тартуға құқылы.

5.2.        Қызметтерді алу үшін Әлеуетті пайдаланушыға АЦТ-да тегін толық тіркелу процедурасынан өту қажет, ол жеке тұлға, жеке кәсіпкер немесе атынан әрекет ететін заңды тұлға туралы деректерді тұлғалар көрсеткен ЭЦҚ арқылы Пайдаланушының есептік жазбасына бекітуге негізделеді.

5.3.        Әкімші Пайдаланушыдан тіркеу кезінде көрсеткен деректерді кез-келген сәтте тексеруге және растаушы құжаттарды талап етуге құқылы. Пайдаланушы ұсынған құжаттарда көрсетілген деректер ол тіркеу кезінде көрсеткен деректерге сәйкес келмеген жағдайда, сондай-ақ тіркеу кезінде көрсетілген деректер Пайдаланушыны сәйкестендіруге мүмкіндік бермеген жағдайда, не болмаса Пайдаланушы растаушы құжаттарды ұсынбаған жағдайда Әкімші бір жұмыс күні бұрын хабарлап, Пайдаланушының есептік жазбасын бұғаттауға немесе жоюға құқылы.

5.4.        Әкімші Пайдаланушының есептік жазбасын жоюға байланысты келтірілген залалдарды оған өтемейді және жауапкершілік тартпайды.

5.5.        Пайдаланушы ЭЦҚ, өз логині мен құпия сөзін үшінші тұлғаларға табыстауға құқылы емес, оларды сақтау әдісін өз бетінше таңдап, олардың сақталуы үшін толық жауапкершілік тартады. АЦТ аясында немесе оны пайдалану арқылы Пайдаланушының есептік жазбасына қатысты жасалған барлық әрекеттерді Пайдаланушының өзі жасады деп есептеледі, алайда Пайдаланушы оның есептік жазбасын пайдалану арқылы Қызметтерге рұқсат етілмеген қолжетімдік болғаны туралы және/немесе өз құпия сөзінің құпиялылығының кез-келген бұзылғаны (бұзылды деп күдіктенуі) туралы осы Шарттың 4.3.4 т. қарастырылған тәртіпте Әкімшіге хабарламаған жағдайларды ескермегенде.

5.6.        Тіркелген Пайдаланушы оған көрсетілетін Қызметтердің көлемі мен ұзақтығын өз бетінше таңдайды.

5.7.        Пайдаланушыда Қызметтердің көлемі мен сапасына қатысты кінәрат-талаптар туындаған жағдайда ол бұл туралы Әкімшіге support@ismet.kz электрондық поштасы арқылы немесе 8 800 080 0807 телефон нөмірі бойынша дереу хабарлауға тиіс, бұл ретте өзінің сәйкестендіру деректерін, кінәрат-талаптар туындаған уақытты көрсетіп, оларды негіздеуі тиіс. Пайдаланушы кінәрат-талап туындаған күннен бастап 30 күннен асқан жағдайда Әкімші кінәрат-талаптың негізділігін тексеруге мүмкіндігі болмауы ықтимал екенін ескереді. Әкімші Пайдаланушының кінәрат-талабын қарастырады және оны алған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде оған жауап береді. Егер кінәрат-талапты қарастыру үшін басқа субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу талап етілсе немесе сол жерге бару арқылы тексеру қажет болса, онда кінәрат-талап субъектке, лауазымды тұлғаға келіп түскен күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде қарастырылып, ол бойынша шешім қабылданады.

5.8.        Әлеуетті пайдаланушы/ Пайдаланушы қызмет көрсету сапасын арттыру үшін және Әлеуетті пайдаланушының / Пайдаланушының ауызша арыздарын растау үшін телефонмен сөйлесулерді жазу үшін Әкімшіге өз келісімін береді.  

5.9.        Егер Қызметтер көрсетілген кезең ішінде Пайдаланушы Әкімшіге негізделген жазбаша кінәрат-талапты осы Шарттың 5.7 т. талаптарына сәйкес ұсынбаса, не болмаса егер Пайдаланушы кінәрат-талапты ұсынғанмен, ол негізсіз болып шықса, не болмаса Әкімшінің кінәсі жоқ екенін анықталса, онда Қызметтер пайдаланушыға толық көлемде және тиісті түрде көрсетілді деп есептеледі.

5.10.     Қызметтер көрсетілген кезең ішінде Пайдаланушы оларды толық немесе ішінара пайдаланбаған кезде Шарт бойынша қызметтер толық көлемде көрсетілді деп есептеледі.

 

6. ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ АҚЫСЫН ТӨЛЕУ

6.1.   Қызметтердің тізілімі және оларды пайдалану үшін тарифтер АЦТ-да көрсетілген.

6.2.   Қызметтерге қатысты тарифтер өзгерген жағдайда Әкімші осындай өзгерістер туралы және олардың АЦТ-да қолданысқа енгізілетін мерзім туралы Пайдаланушыға электрондық пошта арқылы хабарлайды. Пайдаланушы Қызметті жаңартылған тарифтер енгізілгенге дейін сатып алған жағдайда мұндай тарифтер осы Пайдаланушы үшін ол Қызметті сатып алған кезең аяқталғаннан кейін күшіне енеді.

6.3.   Қызметтерді көрсеткені үшін Әкімші Пайдаланушының жеке шотынан ақша қаражаттарын есептен шығару арқылы Пайдаланушыдан төлемді өндіріп алады.

6.4.   АЦТ-да толық тіркелу процедурасынан өткеннен кейін Пайдаланушы АЦТ-да өзінің Жеке шотын ашуға міндетті, ол Пайдаланушының Жеке кабинетінде бейнеленетін болады және оның жазбасына байланыстырылатын болады. Қызметтің ақысын Пайдаланушының өзінің Жеке шотының деректерінен төлейтін болады.

6.5.   Қызметтердің ақысын төлеу үшін Пайдаланушының Жеке шотын толтыру тәсілдері мен шарттарын Әкімші АЦТ-да жариялайды. Пайдаланушының Жеке шотын толтыруды Әкімшінің есеп шотына ақша қаражатын аудару үшін қолданылатын төлем жүйелері арқылы немесе АЦТ-да көрсетілген басқа тәсілмен Пайдаланушы іске асырады. Төлеу үшін қолжетімді жүйелердің тізімі АЦТ-да келтірілген. Пайдаланушының Жеке шотын толтыру сәті болып ақша қаражатын Әкімшінің шотына есептелген сәт табылады.   

6.6.   Пайдаланушы Қызметтер үшін төлейтін төлемдердің дұрыстығы үшін Әкімші жауапкершілік тартпайды.

6.7.   Пайдаланушы Қызметтерді олардың ақысы толық төленген кезде ғана алуы ықтимал, бұл ретте Әкімші Қызметтердің ақысы төленгенінің растамасын алғанға дейін мұндай Қызметтерді көрсетпеуге, шектеулі көлемде көрсетуге немесе Пайдаланушы Қызметтерді алудан шектеуге құқылы. Қызметтерді алу үшін Пайдаланушының Жеке шотында әрбір нақты Қызмет үшін шегеру үшін жеткілікті сома болуы тиіс. Әкімші Пайдаланушыға Қызметтердің ақысын кейін төлеуге, бөліп төлеуге мүмкіндік бермейді, сондай-ақ Қызметтерді несиеге көрсетпейді. Әкімші Қызметтерді Пайдаланушыға толық алғытөлем болған кезде ғана көрсетеді.

6.8.   Егер Пайдаланушы ақша қаражаттарын Әкімшінің есеп шотына Қызметтерді одан кейін пайдалану үшін есептесе және Пайдаланушының жеке шотында болса, онда Пайдаланушы пайдаланбаған ақша қаражаты үшін Әкімші Пайдаланушыға пайыздар есептемейді.

6.9.   Пайдаланушы осы Қызметтердің ақысын төлегенін растайтын құжаттарды Цифрлық сервистерді пайдаланған барлық мерзім ішінде сақтауы тиіс және Әкімші сұратқан жағдайда осындай құжаттарды ұсынуы тиіс.

6.10.      Пайдаланушы өзінің жеке шотының күйін өз бетінше қадағалауға міндетті.

6.11.      Қызметтерді Әкімші ғана көрсетеді, сондықтан үшінші тұлғалардың Цифрлық сервистермен байланысты қандай да бір қызметтерді Пайдаланушы Әкімші тарапынан болған ұсыныс деп бағалай алмайды.

6.12.      Даулы, түсініксіз жағдайлар туындаса, не болмаса Пайдаланушыға үшінші тұлғалардың тарапынан АЦТ-дағы Қызметтердің ақысын төлеумен байланысты қандай да бір ұсыныстар жолданған кезде, не болмаса осындай хабарландырулар мен ұсыныстар ғаламтор желісінде жарияланған жағдайда, Әкімшіге тиесілі және Әкімшінің атынан жасалған ғаламтор-ресурстарды ескермегенде, Пайдаланушы бұл факт туралы Әкімшіге дереу хабарлауға міндетті. Шарттың осы тармағын бұзу арқылы Пайдаланушы осындай хабарландыруда көрсетілген деректемелерді пайдалана отырып, көрсетілген хабарландыру бойынша төлем жүргізду, Пайдаланушының Жеке шотына ақша қаражаттарына түспегені бойынша Пайдаланушының Әкімшіге қоятын кінәрат-талаптары қабылданбайды және Пайдаланушы осындай жағдайларда жұмсаған ақша қаражаттарын Пайдаланушы Әкімшіге өтемейді.

6.13.      Пайдаланушы Әкімшіге ақша қаражаттарын, соның ішінде алымдарды, комиссияларды аударумен байланысты барлық шығындарды өз бетінше және өз қаражаты есебінен өтейді.

6.14.      Пайдаланушы Шартты жасасуға барлық өкілеттіктері бар екенін, сондай-ақ Қызметтерді алу үшін төлемдерді іске асыруға құқығы мен өкілеттіктері бар екеніне кепілдік береді.

6.15.      Осы Шартты бұзған жағдайда Әкімші Шарттың 5.10-тармағын ескере отырып, Пайдаланушы пайдаланбаған ақша қаражаттарын қайтарады. Ақша қаражаттары төлем жүйесінде Пайдаланушының есеп шотына ақша қаражаттары қайтарылады (техникалық мүмкіндік болған кезде). Ақша қаражаттарын Пайдаланушыға аударуға жұмсалатын шығындар Пайдаланушыға жүктеледі.

6.16.      Егер Қызметке тапсырыс берген кезде «Қаражатты автоматты түрде есептен шығару» опциясы қосулы болса, онда төленген әр кезең аяқталған сайын Пайдаланушының Жеке шотынан автоматты түрде шегерілетінімен Пайдаланушы келіседі.

 

7. ҚЫЗМЕТТЕРДІ ТОҚТАТУ ЖӘНЕ ТОҚТАТА ТҰРУ

7.1.   Пайдаланушы Шарттың талаптарын бұзған кезде, соның салдарынан Пайдаланушы Әкімшіге немесе үшінші тұлғаларға (соның ішінде АЦТ-ң басқа пайдаланушыларына) залал келтірілсе, не болмаса Пайдаланушының әрекеттерінің салдарынан осындай залал келтіру қаупі туындаса, Әкімші Қызметтерді көрсетуді бір жақты тәртіпте тоқтатуға (Шарттан бас тартуға) құқылы. Бұл ретте Әкімші Пайдаланушының электрондық мекен-жайы Шарттан бас тартатыны туралы және Қызметтерді көрсетуді тоқтатанын туралы хабарламаны Шартты бұзудың болжалды күнінен дейін бір жұмыс күні қалған кезде жолдайды.

7.2.   Егер Әкімші осы Шарттың талаптарын бұзады деп негіздеген әрекеттерге Пайдаланушы тікелей қатысты болса, онда Әкімші Пайдаланушының жалпы Қызметтерге, сондай-ақ олардың бір бөлігіне қолжетімдікті тоқтатуға құқылы.

 

8. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

8.1.        Пайдаланушының Цифрлық сервистермен жұмыс жасау барысында алған ақпаратты тікелей немесе жанама пайдалану салдарынан Пайдаланушы ұшыраған кез-келген тәуекелдер, залалдар мен шығындар үшін Әкімші ешбір жағдайда жауапкершілік тартпайды. Пайдаланушының Цифрлық сервистермен жұмыс жасау барысында алған ақпаратты тікелей немесе жанама пайдалану салдарынан келтірілген кез-келген тікелей немесе жанама залалдар мен шығындарды Әкімші ешбір жағдайда Пайдаланушыға өтемейді.

8.2.        Қызметтерді пайдалану үшін немесе олардың тиімділігі үшін, сондай-ақ Қызметтерге ғаламтор арқылы қолжетімдік сапасы үшін Әкімші ешбір жағдайда жауапкершілік тартпайды.

8.3.        Қызметтерді пайдалану кезеңінде немесе Қызметтерді пайдалану мүмкін болмаған кезде, атап айтсақ, деректерді тарату кезінде туындаған қателердің, олқылықтардың, жұмыстағы үзілістердің, файлдардың жойылуының, атқарымдардың өзгеруінің, ақаулықтардың, кідірісітердің нәтижесінде, сондай-ақ Әкімшінің кінәсінен болған оқиғалардың нәтижесінде келтірілген тікелей немесе жанама шығындар үшін Әкімші жауапкершілік тартпайды.  

8.4.        Пайдаланушы белгілеген көлемде көрсеткен Қызметтерді пайдалану нәтижесі үшін немесе пайдаланылуы үшін, сондай-ақ Цифрлық сервистердің сапасы үшін, соның ішінде олардың ғаламтор желісі арқылы олардың қолжетімдігі үшін Әкімші ешбір жағдайда жауапкершілік тартпайды.

8.5.        Цифрлық сервистерді пайдалану үзілмейтініне, кез-келген уақытта Пайдаланушыға қолжетімді болатынын, қателерге немесе кідірістерге ұшырамайтынына Әкімші Пайдадаланушыға қандай да бір кепілдіктер бермейді. Цифрлық сервистердің жұмысындағы барлық ақаулықтар туралы Әкімші Пайдаланушыға дереу хабарлауға міндеттеледі және оларды қисынды мерзім ішінде жоюға тырысатын болады.

8.6.        Әкімші АЦТ-да жарияланған жарнама үшін және/немесе таратылым үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген шектерде жауапкершілік тартады.

8.7.        Қызметтерге қолжетімлікті қамтамасыз ететін сәйкестендіру деректерінің сақталуы үшін және оның есептік жазбаларын рұқсат етілмей пайдалану себебі бойынша туындаған залал үшін Пайдаланушы өзіне толық жауапкершілікті өзіне қабылдайды.

8.8.        АЦТ-да қолжетімді барлық нысандар, соның ішінде дизайнның элементтері, мәтін, графикалық бейнелер, суреттемелер, видео, аудио, идеялар, коммерциялық ақпарат, есептер, технологиялар мен басқа нысандар, соның ішінде АЦТ-да жарияланған кез-келген контент Әкімшінің және/немесе басқа құқық иелерінің авторлық (айрықша) құқықтарының нысандары болып табылады.

8.9.        АЦТ-да ғаламтор желісінде басқа ғаламтор-ресурстарына (үшінші тұлғалардың сайттарына) сілтемелер келтірілуі мүмкін. Аталған үшінші тұлғалар мен олардың контентінің қандай да бір талаптарға сәйкестігін (шынайылығын, толықтығын, заңдылығын және т.с.с.) Әкімші тексермейді. Пайдаланушы АЦТ арқылы қолжетімдік алатын үшінші тұлғалардың сайттарында жарияланған кез-келген ақпарат, материалдар үшін, соның ішінде үшінші тұлғалардың сайттарында келтірілген кез-келген пікірлер немесе пайымдамалар үшін, жарнама және т.с.с. үшін, сондай-ақ осындай сайттардың немесе контенттің қолжетімдігі үшін және Пайдаланушының оларды пайдалану салдары үшін Әкімші жауапкершілік тартпайды.

8.10.      АЦТ-да жарияланған кез-келген сайтқа, өнімге, коммерциялық немесе коммерциялық емес сипаттағы кез-келген ақпаратқа сілтеме (кез-келген нысанда) Әкімшінің осы өнімдерді (қызметтерді, әрекеттерді) мақұлдауы немесе ұсынуы болып табылмайды, бұл АЦТ-да тікелей көрсетілген жағдайларды ескермегенде.

8.11.      Пайдаланушының әрекеті және (немесе) әрекетсіздігі салдарынан туындаған залалдарды, соның ішінде Пайдаланушы Шарттың талаптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайда туындаған залалдарды Пайдаланушы Әкімшіге толық көлемде өтеуге міндеттеледі.

 

9. ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІН ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ИЕЛІК ЕТУ

9.1.        Пайдаланушы осылайша АЦТ-да тіркеу нысанын толтыру және дербес деректерді өңдеуге келісім беру туралы өріске белгі (құс белгі) қою «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағына сәйкес Пайдаланушының АЦТ-да тіркеу нысанында ұсынылатын дербес деректерді өңдеуге келісімінің жеткілікті нысаны болып табылатынымен келіседі, соның ішінде мынадай мақсаттар үшін Пайдаланушының заңды әрекеттерін жасасу немесе растау қажеттілігі жағдайында деректерді жинау, жүйелендіру, жинау, сақтау, нақтылау, көшіру, қолжетімдік, ұсыну, жариялау, редакциялау, ішкі мазмұнын редакцияламай, деректерді тұтастыру, поштамен және электрондық тәсілдермен тарату, АЦТ-да жариялау, тарату, соның ішінде трансшекаралық тарату, мемлекеттік мекемелерге тарату:

9.1.1.       Пайдаланушыға Шарт бойынша Қызметтер көрсету үшін;

9.1.2.       Пайдаланушыға Қызметтер туралы ақпаратты және жарнамалық ақпаратты ұсыну үшін.

9.2.        Келісімнің көрсетілген нысаны Пайдаланушының дербес деректерді өңдеуге келісім алу фактін Тараптарға растауға мүмкіндік береді, бұл ретте Пайдаланушының еркін білдіруді Әкімшіге қосымша растау үшін жазбаша нысан немесе басқа дәлелдер талап етілмейді. АЦТ-ға тіркеу кезінде көрсетілген ұялы телефон нөміріне SMS-хабарламасына келген активациялау кодын Пайдаланушы енгізген күні және уақытта Әкімші Пайдаланушының дербес деректерін өңдеу үшін келісімін алды деп есептеледі.

9.3.        Пайдаланушының дербес деректері құпия ақпаратты құрайды, таратылмайды және Пайдаланушының келісімінсіз, үшінші тұлғаларға ақы үшін немесе тегін беріле алмайды, Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайларды ескермегенде.

9.4.        Әкімші Пайдаланушыдан алған дербес деректерді рұқсат етілмеген қолжетімдіктен немесе таратудан қорғаудың әртүрлі құралдарын пайдаланады. Сонымен қатар, Әкімші Пайдаланушылар туралы құпия ақпаратқа заңсыз қолжетімдікті іске асырған үшінші тұлғалардың әрекеттері үшін жауапкершілік тартпайды.

9.5.        Пайдаланушының келісіміне электрондық пошта және SMS-таратылымдар арқылы Әкімшінің ұсыныстары туралы ақпаратты және жарнамалық ақпаратты алуға келісімі кіреді.

 

10. ФОРС-МАЖОР ЖАҒДАЙЛАРЫ

10.1.     Осы Шарт бойынша міндеттемелерді толық немесе жартылай орындамағаны (тиісті түрде орындамағаны) үшін Әкімші жауапкершіліктен босатылады, егер міндеттемелерді орындамау (тиісті түрде орындамау) еңсерілмейтін күштің әрекеттері («форс-мажор») салдарынан, яғни осындай жағдайлар кезінде Тараптардың төтенше және шарасыз әрекеттері кезінде, соның ішінде жаппай бейберекеттер, биліктің тыйым салатын әрекеттері, табиғи апаттар, өрттер, зілзалалар және басқа еңсерілмейтін күш жағдайлары кезінде, сондай-ақ төменде көрсетілген жағдайларда Әкімші жауапкершіліктен босатылады:

10.1.1.    электрмен қуаттандырудағы кідірістері;

10.1.2.    ғаламтор желісінің қазақстандық және халықаралық сегменттерінің жұмысындағы жаһандық кідірістері;

10.1.3.    бағыттандыру жүйелерінің кідірістері;

10.1.4.    домендік атаулардағы бөлінген жүйесіндегі кідірістер;

10.1.5.    хакерлік және DOS-шабуылдары салдарынан, сондай-ақ үшінші тұлғалардың басқа заңсыз әрекеттерінің салдарынан туындаған кідірістер.

10.2.     Егер техникалық тұрғыдан іске асырылатын болса, онда электрондық пошта және (немесе) АЦТ-ң басты парағында жариялау арқылы Әкімші Пайдаланушыға форс-мажор жағдайларының бар екендігі туралы олар туындаған сәттен бастап 7 (жеті) күн ішінде хабарлауға міндетті.

10.3.     Егер осы Шартта белгіленген мерзімде тиісті форс-мажор жағдайларының орын алуы Әкімшінің міндеттемелерді орындауына тікелей әсер етсе, онда бұл мерзім тиісті жағдайлар әрекет ететін мөлшерлес мерзімге ұзартылады.

10.4.     Егер осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мүмкін болмауы 3 (үш) айдан артық мерзімге ұзартылса, онда пайдаланылмаған Қызметтер үшін төленген ақша қаражаттарын есептемегенде, залалдарды өтемей, осы Шарт бұзылды деп есептеледі.

 

11. ДАУЛАРДЫ РЕТТЕУ

11.1.     Шартты орындаумен байланысты кез-келген даулар немесе келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар арасында келіссөздер жүргізу арқылы шешу үшін Тараптар барлық күшін салады. Кінәрат-талапқа немесе басқа өтінішке жауап беру мерзімі оны алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күнін құрайды.

11.2.     Егер даулар келіссөздер жүргізу арқылы шешілмесе, онда даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотта шешілуі тиіс.

 

12. БАСҚА ЖАҒДАЙЛАР

12.1.     Әкімші осы Шарт бойынша өз құқықтарын және/немесе міндеттерін табыстауға құқылы, ал Пайдаланушы оған келісім береді.

12.2.     Осы Шартта тікелей қарастырылмаған барлық қалған жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.

 

 

 

Шағын және орта бизнеске арналған

ISMET.KZ ашық цифрлық тұғырнамасын пайдалану

Ережесі

 

 

1.      Жалпы қағидалар

 

1.        Осы Ереже шағын және орта бизнеске арналған «ISMET.KZ» ашық цифрлық тұғырнамасын (бұдан әрі – АЦТ) пайдалану және оның әрекет ету шарттарын, ресурстар мен сервистерді, сондай-ақ оны Пайдаланушылардың және осы ғаламтор-ресурстың иесі – «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының ресми өкілі болып табылатын АЦТ Әкімшісінің (бұдан әрі – Әкімші) міндеттерін белгілейді.

2.        Осы Ереже АЦТ пайдаланушылары болып табылмайтын, бірақ олардың құқықтары мен заңды мүдделері АЦТ пайдаланушыларының іс-әрекеттерінің (әрекетті және/немесе әрекетсіздігі) нәтижесінде туындайтын құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты қарым-қатынастарға да таралады.

2. Негізгі анықтамалар

 

3.        АЦТ пайдаланушы – Жария оферта шартының, сонымен қатар АЦТ-да тіркелген осы Ереженің талаптарын қабылдаған және АЦТ-ғы шарттарды өз мүдделері үшін пайдаланатын, не болмаса АЦТ-да сәйкестендірме деректері бар заңды тұлғаның атынан және мүдделері үшін әрекет ететін, осылайша Ғаламтор желісі арқылы АЦТ-ға, ресурстар мен сервистерге қолжетімдігі бар, сондай-ақ АЦТ, ресурстар мен сервистерді пайдаланумен және олардың әрекетімен шартталған құқықтар мен міндеттерді өзіне қабылдаған, Қазақстан Республикасының заңнамасына және көпшілік мойындаған халықаралық заңның көпшілік мойындаған қағидалары мен нормаларына сәйкес жауапкершілік тартатын жеке тұлға.

4.        Ашық цифрлық тұғырнама – https://ismet.kz электрондық мекен-жайы бойынша Ғаламтор желісінде орналасқан ғаламтор-сайты түріндегі Әкімшінің электрондық ақпараттық жүйесі, ол оның атқарымын, графикалық шешімін (дизайнын) және ақпараттық толықтырылуын қамтамасыз ететін бағдарламадан тұрады.

5.        Сайттардың жиынтығы – Әкімшінің тиісті үшінші тұлғалармен арадағы келісімдерінің негізінде АЦТ пайдаланушысы үшін ашылған үшінші тұлғалардың сайты және/немесе өзге ғаламтор-сайттары.

6.        Ресурстар мен сервистер – Әкімшінің тиісті үшінші тұлғалармен арадағы келісімінің негізінде тікелей АЦТ-да және/немесе АЦТ пайдаланушысы үшін ашық үшінші тұлғалардың өзге ғаламтор-сайттарында орналасқан, және меншік құқықтары АЦТ әкімшісіне, АЦТ пайдаланушыларына немесе кез-келген өзге тұлғаларға тиесілі зияткерлік қызметтің нәтижелері болып табылатын, не болмаса зияткерлік қызмет нәтижелері болып табылмайтын онлайн-сервистерге, видеожазбаларға (видеофильмдерге), аудиожазбаларға, дыбыстарға, бейнелерге, иллюстрацияларға, мәтіндерге, дизайнның элементтеріне, ЭЕМ арналған бағдарламаларға, соның ішінде қосымшаларға және өзгелерге (бұдан әрі – Контент) қолжетімдік мүмкіндігін АЦТ пайдаланушысына ұсынатын ресуртар мен сервистер.

7.        Сәйкестендірме деректері – есептік жазбаға Ғаламтор желісінен қолжетімдік беру үшін немесе ресурстар мен сервистерді пайдалануға мүмкіндік беретін тиісті ресурстарға және сервистерге қолжетімдік беру үшін, сондай-ақ өзге Пайдаланушыларға танысу үшін қолжетімді және Әкімшіге әр АЦТ пайдаланушысын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін ақпаратты және нысандарды (соның ішінде фотосуреттерді, бейнелерді, иллюстрациялар мен өзгелерін) жариялау үшін пайдаланылатын АЦТ пайдаланушының бірегей логині мен құпия сөзі. Жария оферта шартының аясында АЦТ-да тіркелген кезде АЦТ пайдаланушысы тиянақтайтын есептік жазбаға кіруге арналған логин (электрондық пошта немесе телефон нөмірі) және құпия сөз. Логин (электрондық пошта немесе телефон нөмірі) және құпия сөз АЦТ пайдаланушының жеке кабинетінде өзгертілуі мүмкін, не болмаса телефон нөмірі немесе электрондық пошта арқылы қалпына келтірілуі мүмкін.

3.      АЦТ пайдаланушының міндеттері

 

8.        АЦТ-ң ресурстары мен сервистерін және/немесе сайттардың жиынтығын пайдалана отырып, АЦТ пайдаланушының міндеттері:

1)   Қазақстан Республикасының заңнамасының, осы Ереженің және Әкімшінің құқықтық сипаты бар өзге құжаттарының қағидаларын ұстану;

2)   тіркеген кезде шынайы, толық және өзекті деректерді ұсыну, оларды өзектендіруді қадағалау;

3)   Әкімшіге есептік жазбаға рұқсат етілмеген қолжетімдік туралы және/немесе Пайдаланушының құпия сөзіне және логиніне рұқсат етілмеген қолжетімдік берілгені туралы және/немесе олардың пайдаланылғаны туралы хабарлау;

4)   егер Қазақстан Республикасының заңнамасың және/немесе осы Ереженің, Әкімшінің өзге құқықтық актілерінің бұзылуына әкеп соқса, онда Пайдаланушыларға өзіндік есептік жазбаға немесе жекелеген ақпаратқа қолжетімдік бермеу;

5)   басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін, соның ішінде авторлық және сабақтас құқықтарын бұзуы мүмкін ақпаратты және нысандарды, мысалы, бөтен мәтіндерді, бейнелерді, иллюстрацияларды, аудиожазбаларды, бейнежазбаларды (бейнефильмдерді) және өзгелерін (соның ішінде соларға сілтемелерді) АЦТ-да жарияламау;

6)   басқа Пайдаланушылармен тілдесудің және АЦТ басқаша пайдаланудың нәтижесінде мәлім болған дербес деректерді, мысалы, тұрғылықты мекен-жайын, телефон нөмірлерін, электрондық поштаның мекен-жайларын, төлқұжаттық деректерді, банктік ақпаратты және басқа Пайдаланушылардың және үшінші тұлғалардың жеке өмірі туралы ақпаратты олардың алдын ала рұқсатын алмай, АЦТ-ң басқа пайдаланушыларына және үшінші тұлғаларға ұсынбауды және құпиясын сақтауды қамтамасыз ету;

9.        Қандай да бір іс-әрекеттерді, соның ішінде ақпаратты және/немесе нысандарды орналастыру бойынша әрекеттерді іске асырудың заңдылығына немесе қолжетімдік беруге қатысты күдік туындаған жағдайда Әкімші мұндай әрекеттерді іске асырудан тартынуға кеңес береді.

10.    АЦТ пайдаланған кезде АЦТ пайдаланушысына:

1)        кез-келген ақпаратты және нысандарды жүктеуге, сақтауға, жариялауға, таратуға, қолжетімдік беруге немесе басқаша пайдалануға тыйым салынады, себебі олар:

- кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзады;

- АЦТ-ң басқа пайдаланушыларына немесе үшінші тұлғаларға қауіп төндіреді, тіл тигізеді, абыройына немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіреді немесе жеке өміріне қол сұқпаушылықты бұзады;

- балағат сөздер, порнографиялық бейнелер мен мәтіндер немесе кәмелетке толмағандар қатысқан көріністер келтірілген;

- зорлық көріністері немесе жануарларға қатысты қатыгездік көрсетілген;

- өз-өзіне қол жұмсау құралдары мен әдістерінің сипаттамасы, оларды жасауға азғырушылық келтірілген;

- нәсілдік, діни, этникалық өшпенділікті немесе қастастықты насихаттайды және/немесе тұтатуға ықпал етеді, фашизмді, билікті құлатуды немесе нәсілдік қастастық идеологиясын насихаттайды;

- экстремисттік материалдар келтірілген;

- қылмыстық қызметті насихаттайды немесе қылмыстық әрекеттерді жасау бойынша кеңестер, нұсқаулықтар немесе нұсқамалар келтірілген;

- қолжетімдік шектелген ақпарат (мемлекеттік құпия, коммерциялық құпия, үшінші тұлғалардың жеке өмірі туралы ақпарат) келтірілген;

- есірткі құралдары туралы жарнама келтірілген немесе насихаттайды, есірткіні тарату туралы ақпарат, оларды дайындау туралы рецепттер және тұтыну бойынша кеңестер келтірілген;

- алаяқтық сипаты бар;

- сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өзге құқықтары мен заңды мүдделерін немесе Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын бұзады;

2)        АЦТ-ң басқа пайдаланушыларының және үшінші тұлғалардың зияткерлік меншігін заңсыз жүктеуге, сақтауға, жариялауға, таратуға және қолжетімдік беруге немесе өзгеше пайдалануға тыйым салынады;

3)        АЦТ мен оның сервистерінің қалыпты әрекет етуін бұзуға бағытталған әрекеттерді орындауға және бағдарламалық қамтамасыздандыруды пайдалануға тыйым салынады;

4)        вирустарды, трояндарды және өзге зиянды бағдарламаларды жүктеуге, сақтауға, жариялауға, таратуға және қолжетімдік беруге немесе өзгеше пайдалануға тыйым салынады;

5)        АЦТ-да ақпарат жинау үшін және/немесе АЦТ-мен және оның сервистерімен өзара әрекеттесу үшін Әкімшінің арнайы рұқсатынсыз автоматтандырылған скрипттерді (бағдарламаларды) пайдалануға тыйым салынады;

6)        алдау, сенімді теріс пайдалану, бұзу арқылы және өзге кез-келген тәсілмен АЦТ пайдаланушылардың логиніне және құпия сөзіне қолжетімдік алуға тырысуға тыйым салынады;

7)        басқа Пайдаланушылардың немесе үшінші тұлғалардың дербес деректерін заңсыз жинауға және өңдеуге тыйым салынады;

8)        Әкімшімен арадағы жекелеген келісімге сәйкес Пайдаланушыға тиісті әрекеттер жасауға тікелей рұқсат етілген жағдайды ескермегенде, Әкімші ұсынған интерфейстен басқа өзге әдіс арқылы қандай да бір ресурстарға және/немесе сервистерге қолжетімдік алуға (алуға тырысуға) тыйым салынады;

9)        Әкімшімен арадағы жеке келісімнің шарттарына сәйкес АЦТ пайдаланушыға тиісті әрекеттерді атқару тікелей рұқсат етілген жағдайларды ескермегенде, қандай да бір мақсаттар үшін, зияткерлік қызметтің нәтижелері болып табылатын ресурстарда және/немесе сервистерде жарияланған бейнежазбаларды, аудиожазбаларды, дыбыстарды, иллюстрацияларды, кітаптарды, дизайнның элементтерін, ЭЕМ арналған бағдарламаларын жаңғыртуға, қайталауға, көшіруге, сатуға, сауда операцияларын іске асыруға және қайта сатуға тыйым салынады;

10)    Әкімші белгілеген АЦТ-ң арнайы бөлімдерінен тыс коммерциялық және өзге жарнаманы жариялауға тыйым салынады. АЦТ пайдаланушының АЦТ-да ақылы қызметтерді сатып алуы АЦТ-да жарияланған Жария оферта шартында белгіленген тәртіпте жүргізіледі;

11)    Әкімшінің жеке пікірінше, қалаулы емес нысандарды немесе басқа кез-келген ақпаратты жариялау АЦТ мақсаттарына сәйкес келмейді, АЦТ-ң басқа пайдаланушыларының заңды мүдделеріне қысым келтіріледі немесе басқа себептер бойынша АЦТ-да жариялау үшін орынсыз болады.

11.    АЦТ пайдаланушы АЦТ-да жарияланатын кез-келген ақпарат үшін жауапкершілік тартады, АЦТ-ң басқа пайдаланушыларына хабарлайды, сондай-ақ АЦТ-ң басқа пайдаланушыларымен кез-келген өзара әрекеттесуі үшін өз тәуекеліне орай жауапкершілік тартады.

12.    АЦТ пайдаланушы осы Ережемен немесе оларға енгізілген өзгерістермен, сондай-ақ Жария оферта шартымен келіспеген жағдайда АЦТ пайдаланушы АЦТ пайдаланудан (ресурстар менсервистерді пайдаланудан) бас тартуға міндетті.

4.      Зияткерлік меншік туралы қағидалар

 

13.    АЦТ-да, ресурстарда және сервистерде жарияланған Контентке қатысты айрықша құқықтар.

14.    АЦТ-да, ресурстар мен сервистерде жарияланған барлық нысандар, соның ішінде, бірақ шектелмей, бейнежазбалар (бейнефильмдер), аудиожазбалар, дыбыстар, бейнелер, иллюстрациялар, мәтіндер, дизайнның элементтері, ЭЕМ арналған бағдарламалар және өзге нысандар мен олардың топтамалары (Контент) Әкімшінің, АЦТ пайдаланушылардың және басқа құқық иеленушілердің айрықша құқықтарының нысандары болып табылады, осы нысандарға қатысты барлық құқықтар қорғалған.

15.    Осы Ережеде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды ескермегенде, құқық иеленушінің алдын ала рұқсатынсыз, ешқандай Контент көшіре (жаңғырта), өңделе, тарала, фреймде бейнелене, жариялана, жүктеле, табыстала, сатыла немесе басқа тәсілмен пайдалана немесе алдын ала ішінара рұқсат етіле алады, құқық иеленуші Контентті кез-келген тұлға еркін пайдалануыңа өз келісімін айқын бермеген жағдайды ескермегенде.

16.    Заңды негізде өзіне тиесілі Контентті АЦТ-да, ресурстар мен сервистерде жариялай отырып, АЦТ пайдаланушы оны қарап шығу, жаңғырту (соның ішінде көшіру), өңдеу (соның ішінде көшірмелерді басып шығару) арқылы пайдалануға айрықша құқықты және жеке коммерциялық емес пайдалану мақсатында өзге құқықтарды ұсынады, осылай пайдалану құқық иеленушінің заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтіретін немесе келтіруі мүмкін жағдайларды ескермегенде.

17.    Айрықша құқықтары бар өзіндік Контентті ескермегенде, осындай әрекеттерге құқық иеленушінің айқын келісімі болмаған кезде АЦТ пайдаланушыға басқа сайттардың Контентін, деректер базаларын және зияткерлік қызметтің өзге нәтижелерін жүктеуге (АЦТ-да, ресурстарда және сервистерде жариялауға) тыйым салынады.

18.    Осы Ережеде рұқсат етілгендерден басқа немесе құқық иеленушінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз, АЦТ, ресурстарды, сервистерді немесе Контентті кез-келген пайдалануға үзілді-кесілді тыйым салынады.

19.    Егер осы Ережеде басқасы айқын белгіленбесе, осы Ережеде ештеңе айрықша құқықтарды Контентке табыстау ретінде қарастырыла алмайды.  

20.    Айрықша құқықтарды бұзғаны үшін жауапкершілік.

1)   АЦТ-да, ресурстарда, сервистерде немесе АЦТ-ң көмегімен жүктейтін немесе өзге тәсілмен мәлімдейтін (жариялайтын) кез-келген Контент немесе өзге ақпарат және нысандар үшін жауапкершілік тартады. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес иеленген немесе табысталған әрекеттерді жасасу үшін тиісті құқықтар болмаса, онда Пайдаланушы Контентті АЦТ-да жүктеуге, табыстауға немесе жариялауға құқылы емес.

2)   Әкімші АЦТ-да, ресурстар мен сервистерде тыйым салынған Контенттің бар екенін тексере алады, бірақ міндетті емес, соның ішінде Әкімшінің жеке пайымдауы бойынша, осы Ережені, Қазақстан Республикасының заңнамасын, жалпы қабылданған қағидаларды және халықаралық заң нормаларын бұзатын және/немесе басқа АЦТ пайдаланушыларына немесе үшінші тұлғаларға зиян келтіруі немесе қауіп төндіруі мүмкін пайдаланушылардың кез-келген Контентін өзінің жеке пайымдауы бойынша, кез-келген себеп бойынша немесе себепсіз (ескертпей) жоя алады немесе орнын ауыстыра алады.

3)    Өз Контентін АЦТ-да, ресурстарда және сервистерде жариялай отырып, АЦТ пайдаланушы Әкімшіге АЦТ-да, ресурстарда және сервистерде пайдаланушылық Контентті ретке келтіру және жариялауды жеңілдету және сақтау мақтасында өз Контентінің көшірмелерін жасауға құқық береді.

4)   Өз Контентін АЦТ-ң кез-келген бөлігінде, ресурстарда және сервистерде жариялай отырып, АЦТ-ң, ресурстар мен сервистердің мақсаттары үшін немесе оларға байланысты, соның ішінде оны дәріптеу үшін көшіру, жария пайдалану, жаңғырту, өңдеу, ауыстыру және тарату арқылы оны пайдалануға деген айрықша құқықты Әкімшіге ақысыз түрде автоматты түрде табыстайды. Аталған мақсаттар үшін Әкімші Контенттің туындыларын дайындай алады немесе АЦТ пайдаланушының Контентін тиісті құрамдастар ретінде тиісті жиынтықтарға енгізе алады, аталған мақсаттарға жетуге байланысты өзге әрекеттерді іске асыра алады.

5)   Егер АЦТ пайдаланушы өз Контентін АЦТ-дан, ресурстардан және сервистерден жойса, онда осы Ереженің 4.2.3 – 4.2.4 тарауларында көрсетілген құқықтар автоматты түрде қайтарып алынатын болады, алайда Әкімші пайдаланушылық Контенттің мұрағаттық көшірмелерін белгісіз мерзім ішінде сақтауға құқылы.

6)   Үшінші тұлғалардың ғаламтор-сайттары мен Контенті.

7)   АЦТ-да, ресурстар мен сервистерде, сайттардың жиынтығында басқа ғаламтор-сайттарына (үшінші тұлғалардың сайттарына) сілтемелер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес күзетілетін зияткерлік меншік құқығының нәтижесі болып табылатын мақалалар, фотосуреттер, иллюстрациялар, бейнелер, аудиожазбалар, дыбыстар, бейнежазбалар (бейнефильмдер), ақпарат, ЭЕМ арналған бағдарламалар, соның ішінде үшінші тұлғаларға тиесілі немесе туындайтын бағдарламалар мен басқа Контент келтіріледі.

8)   Аталған үшінші тұлғаларды және олардың Контентін Әкімші тақырыптарға немесе өзге талаптарға сәйкестігін (шынайылығын, толықтығын, адал ниеттілігін және т.с.с.) тексерген жоқ. АЦТ пайдаланушы АЦТ, ресурстар мен сервистер арқылы немесе үшінші тұлғалардың Контенті арқылы қолжетімдік алатын үшінші тұлғалардың ғаламтор-сайттарына жарияланған кез-келген ақпарат үшін, соның ішінде үшінші тұлғалардың ғаламтор-сайттарында немесе олардың Контентінде айқындалған кез-келген пікірлер және пайымдамалар үшін Әкімші жауапкершлік тартпайды.

9)   АЦТ-да, ресурстар мен сервистерде жарияланған сілтемелер немесе файлдарды жүктеу және/немесе үшінші тұлғалардың бағдарламаларын орнату бойынша нұсқаулықтар мұндай әрекеттер Әкімшінің тарапынан мақұлданды немесе қолдау көрсетілді дегенді білдірмейді.

10)             Кез-келген ғаламторға, өнімге, қызметке, АЦТ-да, ресурстар мен сервистерде жарияланған коммерциялық немесе коммерциялық емес сипаттағы кез-келген ақпаратқа сілтеме осы өнімдер (қызметтер) Әкімшінің тарапынан мақұлданды немесе ұсынылды деп есептелмейді.

11)             Егер АЦТ пайдаланушы АЦТ-дан, ресурстар мен сервистерден шығып кетуді және үшінші тұлғалардың ғаламтор-сайттарына ауысуды немесе орнатуды, не болмаса үшінші тұлғалардың бағдарламаларын орнатуды шешсе, онда ол мұны өз тәуекелі есебінен жасайды және осы сәттен бастап бұл Ереже АЦТ пайдаланушыға бұдан әрі таралмайды. Одан арғы әрекеттері кезінде АЦТ пайдаланушысына қолданыстағы нормаларды және саясатты, соның ішінде Контентін пайдаланатын тұлғалардың іскерлік ғұрыптарын басшылыққа алған жөн.

5.      Өзге қағидалар

 

21.    Жеке және заңды тұлғалардың осы Ережеге және АЦТ-ң, ресурстар мен сервистердің атқарымына байланысты, оны пайдаланған кезде үшінші тұлғалардың құқықтары мен мүдделерінің бұзылуына байланысты, Әкімшіге қатысты өтініштері, ұсыныстары мен кінәрат-талаптары сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен уәкілеттенген тұлғалардың сауалдары support@ismet.kz мекен-жайына жолдануы мүмкін.

22.    АЦТ пайдаланушы таңдаған логин (электрондық пошта немесе телефон нөмірі) және құпия сөз Пайдаланушының АЦТ-ға, ресурстар мен сервистерге қолжетімдігі үшін қажет және жеткілікті ақпарат болып табылады. АЦТ пайдаланушы өз логинін (электрондық поштасын немесе телефон нөмірін) сақтау үшін жауапкершілік тартады, оларды сақтау тәсілін өз бетінше таңдайды.

23.    Егер АЦТ пайдаланушы кері жайтты дәлелдемесе, оның логинін (электрондық поштасын немесе телефон нөмірін) және құпия сөзін пайдалана отырып жасалған кез-келген әрекеттерді тиісті Пайдаланушы жасады деп есептеледі. АЦТ пайдаланушының логиніне (электрондық поштасына немесе телефон нөміріне) және құпия сөзге және/немесе есептік жазбасына рұқсат етілмеген қолжетімдік болған жағдайда немесе АЦТ пайдаланушының логині (электрондық поштасы немесе телефон нөмірі) және құпия сөзі таратылған жағдайда АЦТ пайдаланушы бұл туралы Әкімшіге белгіленген тәртіпте дереу хабарлауға міндетті.

24.    Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес АЦТ-да, ресурстар мен сервистерде ақпаратты және/немесе нысандарды жасауға және жариялауға байланысты әрекеттері үшін АЦТ пайдаланушылары жауапкершілік тартады. Осы Ереженің және Қазақстан Республикасының заңнамасының бұзылуы азаматтық-құқықтық, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік жүктейді.

25.    АЦТ пайдаланушыларына АЦТ, ресурстарды және сервистерді пайдалану үшін Әкімші техникалық мүмкіндік береді, АЦТ пайдаланушы Контентті қалыптастыруға қатыспайды және бақыламайды, АЦТ, ресурстар мен сервистерді пайдалануға қатысты кез-келген тұлғалардың іс-әрекеттері (әрекеті және/немесе әрекетсіздігі) үшін немесе Пайдаланушылардың АЦТ, ресурстар мен сервистерді қалыптастыру және пайдалануы үшін жауапкершілік тартпайды.

26.    АЦТ пайдаланушылардың іс-әрекеттерін (әрекетін және/немесе әрекетсіздігін) бақылау және автоматты цензураны іске асыратын, АЦТ, ресурстар мен сервистерді пайдалану бойынша АЦТ пайдаланушыларының ақпараттық қатынастарын іске асыратын АЦТ ақпараттық жүйесінде, ресурстар мен сервистерде және оның бағдарламалық қамтамасыздандыруында техникалық шешімдер жоқ.

27.    Әкімші АЦТ, ресурстар мен сервистерді рәсімдеуді, оның мазмұнын, ресурстар мен сервситердің тізімін кез-келген уақытта өзгертуге, пайдаланылатын скрипттерді, бағдарламалық қамтамасыздандыруды және АЦТ-да пайдаланылатын немесе сақталатын басқа нысандарды, кез-келген серверлік қосымшаларды алдын ала ескертіп немесе ескертпей, өзгертуге немесе толықтыруға құқылы.

28.    Әкімші АЦТ пайдаланушыларының ақпаратын алдын ала модерациялаумен немесе цензурасымен айналыспайды және мүдделі тұлға белгілі тәртіпте Әкімшіге жүгінгеннен кейін ғана жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша және Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын ұстануды қамтамасыз ету бойынша әрекеттерді қабылдайды.

29.    Пайдаланушының осы Ережені бұзғаны үшін Әкімші жауапкершілік тартпайды, сондай-ақ Пайдаланушының осы Ережені бұзғаны туралы ақпарат алған кезде Пайдаланушы жариялайтын кез-келген ақпаратты және/немесе осы Ережемен белгіленген тыйымдарды бұзатын нысандарды (соның ішінде хабарламаларды) өз пайымдауынша өзгертуге (модерациялауға) немесе жоюға, тоқтата тұруға, Пайдаланушылардың барлық немесе кез-келген бөлімдерге немесе АЦТ сервистеріне деген қолжетімдігін белгілі себептермен немесе себептерін түсіндірмей-ақ, алдын ала хабарлап немесе хабарламай, осындай әрекеттердің салдарынан АЦТ пайдаланушыларына келтірілген кез-келген залал үшін жауапкершілік тартпай-ақ, өз пайымдауы бойынша кез-келген уақытта шектеуге немесе тоқтатуға құқылы. Пайдаланушы осы Ережеге сәйкес АЦТ-да жариялаған ақпаратты және/немесе нысандарды уақытша бұғаттау немесе жою үшін Әкімші жауапкершілік тартпайды.

30.    Әкімші АЦТ-ң, ресурстар мен сервистердің қызмет етуін қамтамасыз етеді және техникалық кідірістер мен үзілістер болған жағдайда олардың жұмысқа жарамдылығын жедел қамтамасыз етуге міндеттеледі. АЦТ-ң, ресурстар мен сервистердің жұмысындағы уақытша кідірістер мен үзілістер үшін және солардың салдарынан ақпараттың жойылғаны үшін Әкімші жауапкершілік тартпайды. АЦТ-дан, ресурстардан және сервистерден немесе АЦТ-да жарияланған сілтемелер бойынша материалдарды жүктеуге байланысты немесе соның салдарынан АЦТ пайдаланушының немесе өзге тұлғаның компьютеріне, мобильді құрылғысына, кез-келген басқа жабдығына немесе бағдарламалық қамтамасыздандыруына келтірілген залал үшін Әкімші жауапкершілік тартпайды.

31.    АЦТ пайдаланушыларының әртүрлі аудиторияларына жарнамалық ақпаратты мекен-жайлық көрсетуді қамтамасыз ету үшін Әкімші АЦТ, ресурстар мен сервистердің атқарымымен байланысты статистикалық ақпаратты, сондай-ақ АЦТ пайдаланушылардың ақпаратын және нысандарын пайдалануға байланысты статистикалық ақпаратқа иелік етуге құқылы. АЦТ, ресурстар мен сервистердің атқарымын ұйымдастыру және техникалық қолдау көрсету мақсаты үшін және осы Ережені орындау үшін Әкімшінің АЦТ пайдаланушыларының есептік жазбаларына қолжетімдігінің техникалық мүмкіндігі бар, оны осы Ережеде белгіленген жағдайларда ғана іске асырады.

32.    Әкімші АЦТ пайдаланушыға АЦТ, ресурстар мен сервистерді дамыту туралы ақпаратты жолдауға, сондай-ақ өз қызметі мен қызметтерін жарнамалауға құқылы.

33.    Әкімшінің жауапкершілігін шектеу:

1)        АЦТ, ресурстар мен сервистер, соның ішінде барлық қосымшалар, скрипттер, өзге  Контент «бар күйінде» белгіленеді. АЦТ, ресурстар мен сервистер нақты пайдалану мақсаттарына сай келуі немесе сай келмеуі мүмкіндігіне Әкімші кепілдік бермейді. АЦТ, ресурстар мен сервистерді пайдаланудан ерекше нәтижелер алынатынына Әкімші кепілдік бермейді және уәде бермейді.

2)        Үшінші тұлғалардың тарапынан түсініспеушілік және АЦТ пайдаланушысына қатысты кінәрат-талаптар туындауына жол бермеу үшін АЦТ-дан, ресурстардан және сервистерден немесе оларда жарияланған сілтемелерден кез-келген файлдарды, соның ішінде бағдарламалық қамтамасыздандыруды жүктеген және пайдаланған кезде сақтық шараларын ұстану қажет.

3)        АЦТ, ресурстар мен сервистерді пайдалана отырып, осылайша АЦТ пайдаланушы АЦТ-дан, ресурстар мен сервистерден немесе олардың көмегімен кез-келген ақпарат пен нысандарды өз тәуекелі есебінен жүктейтінін куәландырады және оларды пайдаланудың ықтимал салдары үшін, соның ішінде АЦТ пайдаланушының немесе үшінші тұлғалардың компьютеріне зиян келтіруі мүмкін залал үшін, деректердің жойылуы үшін немесе кез-келген басқа зиян үшін жеке жауапкершілік тартады.

4)        АЦТ, ресурстар мен сервистерді немесе АЦТ пайдаланушы АЦТ-ң, ресурстар мен  сервистердің көмегімен қолжетімдік алған өзге материалдарды пайдалануға байланысты Ешбір жағдайда Әкімші және/немесе оның өкілдері АЦТ пайдаланушыларының немесе үшінші тұлғалардың алдында кез-келген жанама, кездейсоқ, қасақана залал үшін, соның ішінде ұтылған пайда үшін немесе деректер мен ақпараттың жоғалғаны үшін, абыройына немесе іскерлік беделіне нұқсан келтірілгені үшін жауапкершілік тартпайды.

34.    АЦТ пайдаланушының дербес деректерін өңдеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі. Пайдаланушыға қызметтер көрсету мақсатында, соның ішінде Пайдаланушының жарнама алуы үшін; АЦТ-ң ресурстары мен сервистеріне қолдау көрсетуге және жақсартуға мүмкіндік беретін деректерді тексеру, зерттеу және талдау үшін, сондай-ақ АЦТ-ң жаңа ресурстары мен сервистерін әзірлеу үшін Әкімші Пайдаланушының дербес деректерін өңдейді. АЦТ пайдаланушысының дербес деректерін заңсыз қолжетімдіктен, өзгертуден, ашылудан немесе жойылудан қорғау үшін Әкімші барлық қажетті шараларды қабылдайды. Әкімші АЦТ-ң әрекет етуін қамтамасыз етуді  және АЦТ пайдаланушыларға қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін осы ақпарат қажет Әкімшінің жұмыскерлеріне, серіктестеріне, мердігерлеріне және агенттеріне ғана Әкімші АЦТ пайдаланушысының дербес деректеріне қолжетімдік береді. Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын ұстануды қамтамасыз ету мақсатында (соның ішінде АЦТ пайдаланушыларының заңсыз және/немесе заңға қайшы әрекеттерінің алдын алу және/немесе тойтару мақсатында) Әкімші Пайдаланушыға ұсынылған ақпаратты пайдалануға құқылы. АЦТ пайдаланушысы берген ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттың, құқық қорғау органдарының талабы бойынша, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайларда ғана ашылуы мүмкін. Дербес деректер туралы заңнаманың қағидаларына байланысты Әкімші мен АЦТ пайдаланушысының арасында жасалған қызметтерді көрсету туралы Жария оферта шартын орындау мақсатында Әкімші АЦТ пайдаланушының дербес деректерін өңдейтіндіктен, осы Ереженің аясында Пайаланушының дербес деректерін өңдеу үшін оның келісімі талап етілмейді.

35.    Осы Ережені орындаумен байланысты кез-келген даулар немесе келіспеушіліктер туындаған жағдайда АЦТ пайдаланушы мен Әкімші өзара келіссөздер жүргізу арқылы оларды шешуге күш салады. Даулар келіссөздер жүргізу арқылы шешілмеген жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте шешілуі тиіс.

36.    АЦТ пайдаланушы Жария оферта шартынының акцепті (қабылдаған) сәттен бастап осы Ереже күшіне енеді және осы Ереженің 5.18-тармағында қарастырылған тәртіпте Әкімші олардың күшін жойғанға дейін немесе өзгерткенге дейін әрекет етеді.

37.    Егер қандай да бір себептермен осы Ереженің бір немесе бірнеше қағидалары шынайы емес немесе заңды күші жоқ деп мойындалса, онда бұл осы Ереженің қалған қағидалардың шынайылығына немесе қолданылуына әсер етеді.

38.    Осы Ережені Әкімші қандай да бір арнайы хабарламасыз, бір жақты тәртіпте өзгертілуі және/немесе толықтырылуы мүмкін. Осы Ереже ашық және жалпыға қолжетімді құжат болып табылады. Ереженің қолданыстағы редакциясы http://www.ismet.kz/ мекен-жайы бойынша Ғаламтор желісінде жарияланады. АЦТ әкімшісі АЦТ пайдаланушыларына осы Ереженің шарттары өзгергенін және/немесе толықтырылғанын жүйелі түрде тексеруге кеңес береді. Осы Ережелеге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізгеннен кейін АЦТ пайдаланушысы оны пайдалануды жалғастыруы АЦТ пайдаланушының осы өзгерістерді және/немесе толықтыруларды қабылдайтынын және олармен келісетінін білдіреді.

39.    Осы Ереже Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және түсіндіріледі. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешілуі тиіс.