Қалған аяқ киімдерді маркалау кодтарын тегін басып шығару ҚР-дағы тауарларды маркалау мен қадағалаудың бірыңғай операторы іске қосатын акция аясында мүмкін болады. Акция бір реттік болады және оператордың есебінен кодтарды басып шығаруға мүмкіндік береді. Акцияны өткізу туралы шешім кәсіпкерлердің өтініштері бойынша қабылданды.

Акция шағын бизнес өкілдері үшін 2022 жылдың 1 наурызында басталады. Қатысу үшін өтінімдер 2022 жылдың 1 маусымына дейін қабылданады. Осылайша, кәсіпкерлер акция аясында тегін эмиссия мен маркалау кодтарын басып шығара алады.

Акцияға қатысу үшін кәсіпкерлер мыналарды білу қажет:

1. markirovka.kz маркалау ақпараттық жүйесінде тіркелу.

2. markirovka.kz маркалау ақпараттық жүйесінде тауар карточкаларын толтыру.

3. APIKey алу.

4. Кәсіпкерлерге арналған ismet.kz сандық платформасында  тіркеуден өту.

5. cem.ismet.kz затбелгі және маркалау орталығында авторландырудан өтіп, қосылу шартына қол кою. 

6. Data Matrix кодтарының және GTIN тауар кодының қажетті санын көрсете отырып, өтінімді ресімдеу.

7. Маркалау кодтары бар жапсырмаларды алу.

Скачать Инструкцию

Төмендегі барлық өрістерді толтырып, өтінім қалдырыңыз

Маркировка задать вопрос